«Томпаңдаған бөбегім!»
Ата-аналармен жұмыс.
Тақырыбы: «Томпаңдаған бөбегім!»
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту. Ата-ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету. Балабақша өмірімен таныстыру. Тәрбиешімен дұрыс қарым-қатынаста болу. Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру.
Барысы: «Балалы үй -базар» — өйткені бала — өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі.
Балаларымыз қалай өсіп келеді?
Осы сұрақтар төңірегінде ойланып көрмекке, ортамызға бір топ ата-аналарымыз қонақ болып келіп отыр.
Тәрбиеші: Бүгінгі бас қосуымыз әдеттегі іс-шараларға қарағанда өзгеше.
І-Кезең.
- «Менің балам» деп аталады.
Бұл кезеңде сіздерге өз балаларыңызды барынша мақтап қалуға мүмкіндіктеріңіз бар. Тәтті қылықтарын, мінезденрін, түр-сипатындағы ерекшеліктерді т.б. туралы баяндап бересіздер.
Дайын болсақ бастайық!
Тәрбиеші: Өз балаларыңызды өзгемен шатастырмайтындарыңыз белгілі болды. Әңгімелеріңіз үшін көп рахмет!
ІІ – Кезең Жедел тест.
1.Балаңыз отбасында кімнің баласы!
А) Атасы мен әжесінің
Ә) Әкесінің
Б) Анасының
В) Бәрінің
- Балаңыздың ең жақсы көретін ойыншығы не?
А) Машина
Ә) Қуыршақ
Б) Құрастыру ойыншығы
В) Доп
- Балаңыздың ең сүйікті асы не?
А) Жарма ботқасы
Ә) Сорпа
Б) Дүкендегі дайын тағамдар
В) Қуырылған картоп
- Балаңыз қандай өнерге бейім?
А) Әнге
Ә) Биге
Б) Сурет салуға
В) Мүсіндеуге
- Өскенде балаңыз кім болғысы келеді?
А) Дәрігер
Ә) Әнші
Б) Елбасы
В) Ұшқыш
Тәрбиеші: Белсенділіктеріңіз үшін көп рахмет!
Балаларыңыздың тәрбиесіне алаңдаулы көңілдеріңіз қуантарлық. Сондада кейде жұмыстан шаршап немесе ренжіп келгенде «ашу – дұшпан, ақыл — дос»
екендігін ұмытып кетпеудің бір жолы ретінде сіздермен бір тренинг ұйымдастырғым келіп тұр. Барлығыңызды ортаға шақырамын.
Тренинг «Менің тілегім».
Тәрбиеші: Сәл сергіп қалдық.
Бүгінгі бас қосуымыз аяқталыпта келеді. Сөз соңында өз балаларыңызбен шығырмашылық жұмыстарын бірге жасасаңыздар деймін.
ІІІ Кезең «Кірпіні сәндейміз»
Балаларыңыз шығармашылық жұмысты жақсы көреді. Өз балаларыңызбен «Кірпіні сәндейміз».
Тәрбиеші: Көп — көп рахмет сіздерге!
Бүгінгі күні алдымызда томпаңдап жүгіріп жүрген бүлдіршіндеріміздің, ертеңгі күндері жарқын болсын! Бас қосуымыздың нүктесін қойғым келіп отыр. Көп рахмет, сіздерге.