«Спорт еліне саяхат. 5 саны және цифры»

Шардарбекова Айгүл

«Алтын ұя» бөбекжай бақшасы

Тәрбиеші

 

                         Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі : Математика негіздері

Тақырыбы: «Спорт еліне саяхат. 5 саны және цифры»

Мақсаты

Тәрбиелік: дербес қимыл белсенділіктері, достық қарым-қатынастары артады.

Білімділік: 5 санымен танысу және санау, заттарды үлгі бойынша және аталған
саны бойынша санау дағдысы қалыптасады.

Дамытушылық: креативті ойлау, танымдық дағдылары дамиды.

Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: Топпен жұмыс істеуді біледі.

Түсінеді: Бес  саны ұғымын дұрыс игереді.

Қолданады: Көрнекіліктерді қолданып,дұрыс орындай алады.

Ресурс: Жұмыс дәптері,таратпа материалдар,АКТ, интелектум ойындары, Монтессори ойын  құралдары.

Әдіс-тәсіл

Ашық сұрақтар, бала үні, миға шабуыл, топтық жұмыс.

Билингвалды компонент

Бір-один,екі-два,үш-три, төрт –четыре, бес-пять

Кіріспе
Ұйымдастыру кезеңі

Балалар үш тілде амандасады.

Балаларды топқа бөлу

(Жемістер арқылы топқа бөлу)
«Миға шабуыл»
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Қыс мезгілінде ауа-райында қандай өзгерістер болады?
-Бір аптада неше күн бар?
-Сандармен нестиміз?
-Сандар қайда өмір сүреді?
Негізгі бөлім
Тақтада жұмыс
Жаңа тақырыпты  бастау

-Балалар  Түлкінің туылған күніне барған достары жайлы ертегіні бірге айтайық.
Триз әдісі арқылы ертегіні айтып беру.

Жаңа тақырыпты бастау

Түсіндірме.

-Түлкі неше жаста екен?
-5-санымен таныстыру.
5 саны 4 санынан 1 санға үлкен сан екенін түсіндіру.
Бес санының басқа сандардан қандай ерекшеліктері бар екен?
-Енді 5 санын шапалақ ұру , есту арқылы таяқшаларды орналастырып көрейік.
-5 саны реттілігі бойынша нешінші орналасады?

Сиқырлы тақтадан Спортукстың даусы естіледі.
-Саламатсыңдар ма балалар. Мен қыс мезгілін өте  жақсы көремін, спорттық сайыстарға қатысып  көптеген  елді араладым. Бүгін Нұр-Сұлтанға да келіп қалдым.
Мына баспалдақтан секіріп әсем жерлерін көрейін десем тапсырманы орында деп мінгізбей тұр. Сендер маған көмектесесіңдерма?
-Баспалдақ тапсырмаларын орындау.
1- тапсырма.
Сандарды ретімен орналастыр.
Вагон терезелеріндегі орны ауысқан сандарды  ретімен орналастырады, санайды.
Сандарды екі тілде қайталайды.
2 тапсырма.
«Көршісін тап»
Берілген сандардың алдыңғы және артқы көршісін тақтадан тауып орналастырады
3-тапсырма. «Тиын мен кірпі қысқа қанша азық жинады екен?»

5 санының құрамын анықтайды.
Жолақшаға  алма мен саңырауқұлақты ораластырады.
Құрылымдалған ойын.
«Кеңістікті бағдарлау»
АКТ арқылы кеңістікті бағдарлайды.
Мақсаты: Кеңістікті бағдарлайды, зейінін дамытады.
4-тапсырма.Дәптермен жұмыс.
Саусақ жаттығуы орындалады.
5-тапсырма.
Топпен  жұмыс
1-топ:
Монтессори ойын құралдарына цилиндірлерін ретімен орналастырып, ретімен санап және  жуан-жіңішке, ұзын-қысқа, үлкен-кішісін анықтап айтып береді.
2-топ: Интелектум ойындарынан 5 санын құрастырады.
3-топ:
Әр түрлі бөлшектерден Бәйтерек және Пирамида ғимараттарын құрастырады
Сергіту сәті.
Раз- подняться, потянуться,
Два- согнуться, разогнуться,
Три- в ладоши три хлопка,
Головою три кивка.
На четыре- руки шире,
Пять- руками помохать,
Шесть- тихо сесть.
Логикалық есептер шығару.
1. Қоянда неше құлақ бар?
2. Ағашта 5 құс отыр , оның
2-уі ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды?
3. Себетте 2 алма3 алмұрт бар . Барлығы қанша жеміс бар?
Аталған сандардың таңбасын көрсетеді
Тақтадан Астана ғимараттары көрсетіледі.
-Балалар бұл әсем ғимараттар қайда орналасқан. Нұр –Сұлтан қандай қала?
Спортукс:  Сендердің көмектеріңмен мен Астананың әдемі ғимараттарын көрдім, биік Бәйтерекке де жеттім. Мен енді жиі келіп тұратын боламын. Сау болыңдар.
-Оқу қызметінде бүгін біз қандай санмен таныстық?
— Оқу қызметін
А. Құнанбаевтың  «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен аяқтаймыз.

 

Қорытынды:
Кері байланыс

Мадақтау

Рефлексия

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *