5 саны мен цифры
Пазылбекова Жұлдыз Пазылбекқызы
«Алтын ұя» бөбекжай бақшасы
тәрбиеші
Тобы: «Ертөстік» ересек тобы
Білім беру саласы: Таным білім беру саласы
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Математика негіздері
Тақырыбы: 5 саны мен цифры
Мақсаты:
Тәрбиелік: Балалар өз достарын құрметтеуге, сыйлауға, өзара тіл табысуға, командада жұмыс жасауға тәрбиеленеді
Білімділік: 5 саны және цифрының құрамымен танысады. 5 санын ажыратып,орнын табуға қалыптасады.
Дамытушылық: Сыни ойлауға, 5 санын ойын тапсырмалар арқылы ажырата білуге дағдыланады.
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: 5 саны және цифрын таниды
Түсінеді: 5 санының құрамын біледі
Қолданады: 5 санының заттармен сәйкестендіреді
Ойлау деңгейі:
Білу, түсіну, қолдану
Әдіс-тәсілдер:
Ойын, топтастыру, бақылау, саралау, 4К
Сәлемдесу
Үш тілде амандасады
«Тілші» әдісі арқылы өткен тақырыпқа шолу жасау.
Шарты: тәрбиеші жүргізуші болып, кез –келген балаға ашық сұрақ қояды. Бала сұрақтарға жауап береді.
Ашық сұрақтар:
-Математика оқу қызметінде немен танысамыз?
-геометриялық пішіндерді ата?
«Кері байланыс»:
-Геометриялық пішіндер нелер құрасыруға болады?
-Санадар не үшін қажет?
«Ғажайып сәт»
Ашық сұрақ
-Балалар сендер ойын-сауық орталығына барғыларың келема?
-Әрине
-Олай болса «Happy town» ойын-сауық орталығына барайық
Саяхатқа шығамыз дорбамызды аламыз
Ой бұл кім? Ой бұл не?
Бұл құм, астынан өте алмаймыз
Үстінен өте алмаймыз
Кеттік тура
-Балалар «Happy town» ойын-сауық орталығы екінші қабатта, жоғарыда орналасқан екен. Жоғарыға немен шығамыз. -Баспалдақпен
Тәрбиеші жетекшілігімен ойын: «Баспалдақ»
Мақсаты: Сан құрамын анықтауды үйренеді.
1
2
3
4
5
Балалар тақтаға шығып санның қасына заттарды орналастырады.
-Ал балалар 4-тен кейінгі сан бұл 5 саны
5 санында 5-бірлік болады. 5-саны сандық қатарда 5-і тұрады. 5санының кіші көршісі-4
Билингвалды компонент: Бес-пять-five
-Міне балалар «Happy town» ға да келдік.
Ішіне кіру үшін бізге не керек?
-Арнайы карточка
-Оны алу үшін біз мына тапсырманы орындауымыз керек.
Тәрбиеші жетекшілігімен жүргізілетін ойын:
«Жасырынған сандарды табу»
«Happy town» суреті шығарылады.
-Балалар қараңдаршы «Happy town»-ның сол жағында қандай ойындар орналасқан?
-Автомат ойындары
-Оң жағында қандай ойындар орналасқан?
-Батут ойындары
-Алдымызда қандай ойындар тұр?
-Машина аттракционы
«Топтастыру әдісі»:
І.Автомат ойын тобы
ІІ.Батут тобы
ІІІ.Аттракцион тобы
Сараланған топтық тапсырма
І.Автомат ойын тобы – Автомат ойынынан шыққан суреттен 5-айырмашылықты табады
ІІ. Батут тобы- Интеллектум ойыны: Кубиктерден 5-цифрын құрастырады
ІІІ. Аттракцион тобы- 1-ден 5-ке дейінгі цифр жазылған ұшақтарды қисық, толқын, ирек, түзу сызықтармен байланыстыру.
Мақсаты: Балалардың оқу қызметіне қызығушылықтары артады. Сыни ойлауға дағдыланады, ойын арқылы белсенділігі артады.
Тікелей бақылау, оқу ортасы арқылы саралау, бала үні
Сергіту сәті: «Happy town» ойын-сауық орталығының кейіпкерлерімен сергіп алайық
Картотека №27
Құрылымдалған ойын:
«5 санының құрамын анықта»
Мақсаты: Заттың құрамын анықтауды түсінеді, затқа санды сәйкестендіреді.
Картотека №28
Педагог жетекшілігімен ойнатылатын ойын. «Қанша?»
Мақсаты: Заттың санын цифрмен сәйкестендіруді және сандарды ажырата білуге үйрету, нақты жауап беруге, интербелсенді тақтада жұмыс жасауды үйренеді.
Шарты: Берілген суреттерді санап санмен сәйкестендіреді.
«Тәтті алма» әдісі арқылы қортындылау.
Ашық сұрақтар:
-Қандай санмен таныстық?
-5 санының кіші көршісі қай сан?
-5санының үлкен көршісі қай сан?
-5саны неше бірліктен тұрады?
Бала үні, кері байланыс, рефлексия, Мадақтау.
Бүгін оқу қызметінен алған көңіл күйлерің қандай?
«Басбармақ әдісі» арқылы бағалау