«Алтын күз» «Жұлдыз» тобы. ТажибаеваФ.С.

Тақырыбы: «Алтын күз»

Ертеңгілік: 22.10.2019ж. Ән саз бөлмесі.

Қатысатын кейіпкерлер: Жүргізуші, Күз ханшайымы,Қоян.

(23-бала, әнге, биге 23-бала)

Мерекелік ертеңгілік барысы:

Зал іші күз мезгіліне байланысты әсемделген.

Сөзін жазған: Н.Найденова

Әнін жазған: О.Белякова.

Ұйымдастырушылар: Тажибаева Ф.С. Бухарбаева З.А.

Ертеңгілік Жургізуші: Тажибаева Ф.С. Бухарбаева З.А.

Мақсаты: Алтын күз мерекесін  өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жармеңкесі, яғни жемістер мен көкөністер салынған себеттер. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, балалар тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарға жайғасады.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! «Алтын күз»  атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жүп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Жүргізуші:  Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне  жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді.Сендер білесіндер ме ол кім?

Балалар: Ол күз.

Жүргізуші: Ендеше күзді ортаға шақырайық.

Бірге: Берекелі күз келді, мерекелі күз келді.

Күз: Сәлеметсіндер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!

Күз: Береке бақ дарыған,

жомарт көңіл жарқын жаз.

Сары алтынға малынған,

Алтын күз деген мен болам. Армысыздар , құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?

Балалар:  Жоқ.

Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап

Шақырады жарқын жүз

Сайрандаған күліп-ойнап,

Келді міне Алтын күз!

Күз: Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Ағайынды бәрі

Шықса жасыл

Түссе –сары. Бұл не?

Балалар: Жапырақ.

Күз: Дұрыс таптындар, жарайсындар!

Жүргізуші: Алтын күз, біздің балалар күз туралы өлен, тақпақтар біледі.  Сіз жәйланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.

Ән: «Күз» хор.

Бағдәулет:       Күзім-ау, күзім-ау!

Мінезің бұзық-ау

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау!

Нұрдәулет:       Қарашы күз келді, күз келді,

Сары алтын жауыпты іздерді

Құс біткен керуен түзеді,

Көңілсіз неліктен күз енді?

Жасұлан:               Қара бұлт қабағын түйеді,

Бұталар боз қырау киеді

Осы ма, осы ма күз деген

Бақшаға баратың бізбенен

Амира:              Сары теңге жапырақ,

Бояған ба көл бетін?

Тоңазыпты топырақ,

Ызғарлы екен жел де тым.

Шахназар:         Кездескен сон күзімен,

Бұтағынан үзілген.

Ай жапырақ-сары алтын,

Айналаның бәрі алтын

Жүргізуші:           «Қолшатыр» биі (Қыздар)

 

Ақжан:             Гүл жайнаған даланың,

Жапырағы солыпты.

Таңырқадым, қарадым,

Танымастай болыпты.

Кенжехан:          Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Айару:               О, алақай, тамаша,

Шашу шашады жапырақ.

Бақтың іші алаша,

Аунар ма еді жатып ап!

 

Кәусар:                Астық жеміс жиылды,

Қамбамызға құйылды.

Ардақты күз мың алғыс,

Алдық өнім сыйыңды.

Әнел:                    Көбейді құт-береке

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз.

Жүргізуші:  Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын  ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойынның шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөкністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістерді жинайды.

Ойын:  «Кім жылдам»

Би:        «Тамшылар» биі

Жүргізуші:  Жемістерді қарсы алайық (Осы кезде әуен ойналады, ортаға жемістер шығады)

Алмұрт                      Мен алмұртпын, алмұртпын

Аузындамын бар жұрттың.                   Ясмина.

Жүзім                        Мен жүзіммін, жүзіммін

Моншақ болып тізілдім .                       Гаухар.

Өрік                           Мен өрікпін, өрікпін

Табиғатқа көрікпін.                                Айкөркем.

Алма                          Мен алмамын, алмамын

Тандайда қалар бәр дәмім.                   Ернұр.

 

Күз: Өте тамаша, балалар! Кәзір менімен ойын ойнайсындар ма? Ойынның шарты: Көзді байлап, қолмен сипап-сезу арқылы қандай жеміс екенің табу.

Жүргізуші:  Жарайсындар, балалар! Ал енді қонақтарымызды сынап көрейік «Ұйқасын тап» ойыны

1.Пісетін кезі дәл күзде

Мезгілсіз оны үзбе

Аузынан кетпес бал дәмі

Онын аты (шабдалы)

  1. Кіп-кішкене болса да,

Ағаштың басын иеді.

Жемістерін аиырып,

Танисын ба? (шиені )

  1. Жапырақты тасалап,

Өсетін жері-бақша-бақ

Күрен қызыл шіркін-ай

Оның аты…(танқұрай )

 

Күз: Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды

Берекелі бақ-дәулет,

Арта түссін тойланып.

Сау болындар, балалар,

Келгенше жыл айналып

Ал, тәрбиеші апай, менің балаларға әкелген сыйлығым бар еді. Мен соны сізге берейін балаларға таратып берінізші.

Жүргізуші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға рахмет!

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *