EXCEL-дің ГРАФИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ. Диаграммамен жұмыс істеу.

Сабақтың тақырыбы: EXCEL-дің ГРАФИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ. Диаграммамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:     EXCEL-дің ГРАФИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ, Диаграммамен жұмыс істеу, графикалық объектілерді біріктіру туралы білімдерін қалыптастыру;

Тәрбиелілік:               Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

ДамытушылықОқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, Баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, практикум, тақта.

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру
  2. Тапсырмаларды орындау
  3. Үйге тапсырма

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Бірақ бұл біз бұдан да нақты графиктік түрде осы ақпаратты ұсына аламыз ба, әрине, көрсете аламыз. Ол үшін EXCEL программасының арнайы мүмкіндігі Диаграмма мастерін пайдаланамыз. Балалар сендер өмірде диаграмманы көрдіңдер, енді осы диаграммаларды өзіміз тұрғызып үйренеміз.

Диаграмма — деп кестедегі мәліметтерді графиктік түрде ұсынуды айтады. Диаграмма құру үшін кестедегі мәлеметті белгілегеннен кейін аспаптар панелінен немесе Вставка-Мастер Диаграмм командасын таңдаймыз. Содан кейін мынандай терезе шығады.

 

Диаграмма тұрғызудың:

1-ші қадамы – диаграмма типін тандау. Диаграмманың 14 типі бар.

2-ші қадамы – диаграммадағы мәліметтер аралығын енгізу

3-ші қадамы – диаграмманың тақырыбын, мәнін енгізу

4-ші қадамы – диаграмманы қайда орналастыру керек екендігін таңдап аламыз

 

 

 

Дөңгелек диаграммалардан басқа диаграммалардың барлығының екі осі:

  • горизонталь немесе категориялар осі
  • вертикаль немесе мәндер осі

 

Диаграмма мынандай элементтерден тұрады. Тор тақырып және аңыз.

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Жаңа сабаққа практикалық жұмыстар.

 

1-денгей Төмендегі функцияға график типін таңдап диаграмма тұрғыз.

х у
2 8
4 64
6 216
8 512
10 1000
12 1728
14 2744
16 4096
18 5832
20 8000

 

2-деңгей Төмендегі функцияға гистограмма типін таңдап диаграмма тұрғыз.

 

Қазақстан халқының ұлттық құрамы (%)
  1926 1939 1959 1970 1979 1989 1997
Қазақтар 57,1 38 30 32,6 36 39,4 50,7
Орыстар, украиндар, белорустар 33,1 51,5 52,1 51,1 48,1 44,3 37,7
Басқа ұлттар 9,9 10,5 17,9 16,3 15,9 16,3 11,6

 

 

3-деңгей Төмендегі функцияға гистограмма және дөңгелек типін таңдап диаграмма тұрғыз. Интернеттің өсуінің статистикалық мәліметі. Ақпараттық қоғамның тез дамуының ең басты себебі Интернетті пайдаланушылардың өсуі. Интернеттің статистикалық өсуі  туралы мәліметті Internet Software Consortium серверінен, мына адрес бойынша http://www.isc.org табуға болады. осы көрсетілген сайт бойынша «Интернеттің статистикалық өсуі» туралы кесте құрыңдар.

 

Жылдар Серверлер саны
1993 1313000
1994 2217000
1995 4852000
1996 9472000
1997 16146000
1998 26670000
1999 43230000
2000 72398092
2001 109574429
2002 147344723
2003 171638297
2004 233101481
2005 295101871

 

«Интернеттің серверлерінің санының өсуіне» график тұрғыз. Осы графикті талдап өз нәтижеңді шығар.

 

Графикалық объектілерді біріктіру

Вставка«Рисунок«Картинки командасын орындау қажет.

а)    суреттер… (СlірАrt программасы объектілерінен);

б)   файлдан… (файл түрінде сақталған объектілер);

в)   автофигуралар;
д) сканерленген;

Вставка«Рисунок«Картинки… командасын таңдағанда Microsoft ClipGallery диалогтық терезесінде Картинки қосымшасынан және Рисунок категориясын таңдаңдар.

Сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Диаграмма деген не?
  2. Диаграмманың қандай түрлері бар?
  3. Горизонталь және вертикаль осьтер не үшін берілген?
  4. Диаграмма қандай элементтерден тұрады?
  5. Аңыз деген не?
  6. Диаграмма тұрғызу қандай жолдармен жүзеге асырылады?
  7. Кестелік процессорға графиктік объектілер қою үшін қандай әрекеттер орындаймыз?

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *