Жер сфералары дегеніміз не?
Бертлеуова Рахила Хансултановна.
Оқу мақсаты: | 3.4.1.1 Жер сфераларын түсіндіру және графиктік кескіндеу. | |||
Бағалау критерийі | Жер қабықтарын біледі; Жердің әр қабығы неден құралатынын анықтайды;
Диаграмма көмегімен бейнеленген Жер сфераларының ерекшелігін түсіндіреді. |
|||
Тілдік мақсат | Пәндік терминология мен тірек сөздер:
Сфера, литосфера, биосфера, гидросфера, атмосфера. |
|||
Құндылықтар | Оқушыларды өзара құрмет көрсетуге, бір біріне түсіністікпен қарауға тәрбиелеу. | |||
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі, ағылшын тілі, | |||
АКТ қолдану дағдылары | Таныстырылым, интербелсенді тақта | |||
Алдыңғы меңгерілген білім | 2-сыныптан Күннің пайдасы мен зияны, Жердің табиғи серігі, Күн жүйесінің ғаламшарлары мен ғарыштағы уақыт пен арақашықтықтың ерекшелігі туралы біледі. | |||
Сабақ барысы | ||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар
|
||
Сабақтың басы
5минут
|
Ұйымдастыру
Психологиялық жағымды көңіл-күй ахуалын туғызу Жедел жауап. «Кемпірқосақ ашылды» әдісі арқылы оқушылардан өткен тақырыптарды еске түсіру. Сұрақтарды кезек-кезек алу. Сұрақтар: -Күн сәулесі туралы не айта аласың? -Жердің табиғи серігі бар ма? -Қандай ғаламшарларды білесіңдер? -Біз қандай ғаламшарда өмір сүреміз? -Жанды табиғат пен жансыз табиғаттың айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар? -Біз жануарлар туралы не білеміз? -«Өсімдіктер адам өмірі үшін маңызды» деген пікірге сенің ойың қандай?
ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы жүргізіледі және жалаушалармен марапатталады.
|
Кемпірқосақ суреті салынған плакат Слайд №2
жалаушалар
|
||
Сабақтың ортасы
5 минут
2 минут
2 минут
8 минут
3минут
1мин
3 минут
3минут
2 минут |
Оқушыларды суреттер бойынша 4 топқа бөлу. Қабырғадағы суреттерде жер қабаттарын бейнелеу. Топ мүшелерінің мақсаты берілген сурет бойынша өз ойларын ортаға салу. Бір-біріне толықтырулар жасау.
Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлау
Мұғалім түсіндірмесі Оқулықтың 19-бетіндегі оқу материалы негізінде түсіндіріледі.
Оқулықпен жұмыс Жер қабықтары. Мақсаты: Жердің төрт қабықтан тұратынын және олардың атауларын түсінеді. Оқулықтағы сурет жайлы айта отырып, оқушыларды бұл жердің төрт қабаты екенін түсінуге бағыттау.
Суреттерді басшылыққа ала отырып, сұрақтар қою. — Неге біз суреттер бойынша төрт топқа бөліндік деп ойлайсыңдар? — Жер қабықтары қайда орналасады деп ойлайсыңдар? — Жердің неше қабығы бар? — Әр қабыққа қандай нысандар кіреді? — Жердің бірінші қабығында не орналасқан? — Биосфера өкілдері барлық Жер қабығында болуы мүмкін бе?
Топтық жұмыс 1топ «Қай жерде орналасқан?» Суреттердің Жер қабығының қайсысында орналасқанын анықтайды. 2 топ «Зертте» Пазлдарды Жер қабаттарының грекше атаулары мен оның әрқайсысында орналасқан нысандарға сәйкес болатындай етіп жинайды. 3 топ «Сәйкестендір» Жер қабығының атауларының қазақша, орысша, ағылшынша атауларын сәйкестендіреді. 4 топ «Толықтыр» Нысандарды сәйкесінше жер қабығының атауымен толықтырады. ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.
Оқулықпен жұмыс Ұ«Ойлан» Тапсырманың мақсаты: Жер қабықтарының өзара байланысын және оларды графикалық түрде қалай белгілеуге болатынын түсіну. Оқулықта берілген суретті диаграмманы талдап, келесі сұрақтарға жауап беру. Сұрақтар: — Күн қай қабықта орналасқан? — Биосфера қабығында нелер бар? — Гидросфера қабығында нелер бар? — Литосфера қабығында нелер бар? — Бұл диаграмма неліктен бір-бірімен қиылысады? — Жер қабықтарының өзара бір-бірімен байланысы бар ма? Қалай ойлайсыңдар? — Ағаштың Жер қабықтарымен қандай байланыста болады? ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.
Сергіту сәті. Көз бұлшықеттерін арналған жаттығулар орындау. Сұрақтар: — Неге көзімізді сабақ барысында жаттықтыруымыз керек?
— Көз күтімі жайлы не айта аласығдар?
Дәптермен жұмыс
9-жұмыс парағы. «Жер қабықтары неден тұрады?», 11-б. Жер қабықтарының сипаттамалары. Сабақта таныстырылған тірек сөздерді бекітуге арналған тапсырма. Оқушылар сөйлемдегі бос орындарды толтырады. Бағалау. Дескриптор: Оқушылар: -Жердің ауа қабатын біледі; -Биосферада тірі ағзалар мекендейтінін түсінеді; -Жердің қатты қабығын біледі; -Жердің су қабығын біледі. Қабықтағы нысандар. Тапсырма Жер қабықтары туралы білімдерін кеңейтуге бағытталған. Жер қабықтарына қатысты нысандарды тауып, бояйды. Артық суреттерді қоршап сызады. 10-жұмыс парағы. «Жер қабықтары», 12-б. Дұрыс-бұрыс. Оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға бағытталған тапсырма. Жер қабықтары туралы тұжырымды оқиды, оның дұрыс не бұрыс екендігін анықтайды. Бағалау. Дескриптор: Оқушылар: -Жер сфераларын біледі; -Жер қабықтарына байланысты дұрыс тұжырымды ажырата алады. ҚБ. Мұғалімнің жазбаша қалыптастырушы бағалауы. |
Қима суреттер
Слайд №3
Слайд №4
Слайд №5,6,7,8,9
Оқулық
Слайд №10 Жалаушалар
Суреттер Тапсырма жазылған парақшалар
Жалаушалар
Оқулық
Слайд №11
https://www.youtube.com/watch?v=_lx7d4eIkVE
Дәптермен жұмыс Слайд №13
Слайд №14
Слайд №15 |
||
Үйге тапсырма беру Оқулық.18-19 бет . Оқу материалымен танысу. Дәптер 12 бет. 2-тапсырманы орындау
Кері байланыс. «Рефлексиялық нысана» әдісі Бүгінгі сабақ бойынша өз жұмыстарын қорытындылайды, іс- әрекетіне баға береді.
|
Рефлексия-лық нысана
|
|||
Сабақтың соңы
5 минут
|
||||
Рефлексия |