«Сүйіспенщілік пен мейірімділік » тренинг
Мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;
Дамытушылық: психологиялық ой — өрісін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру.
Міндеттері: мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, өзара сыйластық қарым — қатынасты дамыту.
Көрнекіліктер: үнтаспа, сюжетті суреттер, табиғат көрінісі
Іс — әрекеттің басталуы. Көңілді әуенмен келіп шеңберге тұрамыз
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз!
Күлімдеген күндейміз.
Жарқыраған айдаймыз!
Күнде өсіп жайнаймыз!
Жақсы бала боламыз!
Сәлем досым, мен сені жақсы көрем!
Сәлеметсіз бе апай, сәлеметсіздер ме қонақтар!