Логопедиялық ойындар
-
admin
·
1 апреля, 2020
Логопедиялық сабақтарда дыбыс қою, машықтандыру, оқушылардың фонетикалық-фонематикалық қабылдауын қадағалау мақсаттарын жүзеге асыруда ойындарды кіріктірудің маңызы өте зор. Ойын – баланы сабақ мазмұнына қызықтыра отырып, жаңа дағдыларды меңгертіп қана қоймай, дыбыстарды дұрыс қолданып, қалыпты сөйлеуге үлкен ықпалын тигізетін әдіс.