Сөйлеуді дамыту. Жемістер мен көкөністер

Қысқа мерзімді жоспарлау
№ ҰОҚ
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі:Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы:
Жемістер мен көкөністер
( Оқу қызметі)
Орал қаласы № 42 «Ақ ниет» гимназиясы
Мектепалды даярлық тобы
Педагогтың аты жөні: Мажитова Гульназ Калиматовна
О «д» мектепалды даярлық тобы
Оқыту мақсаттары 1.Сөздер мен фразадағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.2.1.Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы бойынша жақын/ қарама қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану.
Көкөніс пен жеміс –жидектердің аттарын дыбыс арқылы жеткізу
Күтілетін нәтижелер Барлық тәрбиеленушілер:
Көкөністер мен жемістер туралы сұрақтарға жауап бере алады.
Көптеген тәрбиеленушілер:
Көкөністер мен жемістерді ажырата алады
Кейбір тәрбиеленушілер:
Өткен тақырыптар бойынша тыйым сөздерді қайталатуды ұсынады
Тілдік мақсаттар: Дағдыларды дамыту:
Өзінің сұрақтарын қойғанда және педагог сұрақтарына жауап берген кезде лексика мен терминологияны пайдалана алады.
Пәндік лексика және терминология:
көкөніс-қияр, жеміс- алма, жидектер-таңқурай, бүлдірген т.б
Пікір алмасуға арналған сұрақтар:
— Жыл мезгілдерін айтып бер.
— Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
-Қандай жемістер мен көкөністерді білесіңдер ?

Билингвальды компонент:
Көктемде ақ гүлге оранады,
Күзде қолға тәтті доп болып оралады. ( Алма –яблоко-apple)
Жапырақта тасалап,
Өскен жері бақша- бақ.
Күрең қызыл шіркін- ай,
Оның аты … (құлпынай- клубника-strawberry)
Ашулы қонақ бұл анық,
Тонын шешсе, жыладық.( Пияз- лук-onion)

Алдыңғы білім Өздері, дастарқандағы тамақтар туралы әңгімелеу
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс әрекет Ресурстар
Басталуы
0-5 минут Ынталандыру.
Педагог тәрбиеленушілермен бірге шаттық шеңбер ұйымдастырады

Өзектендіру
Педагог балаларға көктем мезгілінің суретін көрсетіп сұрақтар қояды.
-Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
-Көктемде жиі не жауады?
-Жылы жақтан нелер ұшып келеді?
-Нелер гүлдейді? Біз қандаймыз, қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз.
Жарқыраған күндейміз, Ренжісуді білмейміз.

Қар ериді, күн жылынады.

Жаңбыр
Құстар
Жеміс ағаштары
Балалар « Көктем» туралы тақпақты жатқа айтып береді.
Алақай, алақай! Күн шықты, күн шықты,
Көктем келді.
Ортасы
5 — 12 минут Мақсат қою ( проблемалық жағдай)
Музыка қосып педагог балаларға сұрақ қояды
Балалар сендер ненің дауысын естідіңдер?
Жаңалық ашу.
Педагог балаларға Қарлығаштың суретін көрсетеді.
Балалар, мына құсты танисыңдар ма? Бұл қай құс?
Балалар, бүгінгі біздің оқу қызметіне Қарлығаш қонаққа келіпті ол сендермен бірге көкөністер мен жемістер туралы білгісі келеді.
Қарлығашқа көмектесесіңдер ме?

Құстардың дауыстарын естідік

Танимыз.
Бұл Қарлығаш
Иә, көмектесеміз
12- 27 минут Жаңаны қолдану
Педагог
Жемістер мен көкөністерді көктем айында отырғызып жаз бойы баптап, күтіп күз мезгілінде өнімдерін жинаймыз.Құрамдарында дәрумендері көп денсаулыққа өте пайдалы.Жемістер ағашта өседі. Жемістерге: Алма, алмұрт, шие, шабдалы, апельсин, ананас, киви, анар т.б жатады.

Көкөністер жерде, бақшада өседі оларға: Картоп, қызылша, қияр, қызанақ, орамжапырақ, асқабақ т.б. жатады.

«Жемістер» ойыны
Ойын шарты:
Балалар себеттерге жерде жатырған жемістер мен көкөністердің ішінен тек жемістерді ғана тереді.Терген жемістерін атап береді.
Сергіту сәті
Балалар сергіту жаттығуын жасайды.
«Дәмін тап» ойыны
Ойын шарты:
Балалар себеттегі көкөністер мен жемістердің дәмдерін татып ажыратады.

Балалар ойынды қызыға ойнайды.

Алма, алма,көп алма,
Қызыл, жасыл, көк алма
Теріп , теріп алайық,
Қалтамызға салайық.

Балалар ойындарды қызыға ойнап, жеңімпаз атануға тырсады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *