Танымдық қарым-қатынастар
Сабақтың тақырыбы: Танымдық қарым-қатынастар
Дидактикалық ойындар: «Шақыр », «Қоңырауды бер», « Не жетіспейді », «Кіммен ойнаймыз?»
Шапшаң қимылды ойындар: «Күн сәулесі», « Жылға » , «Соқыр теке»
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Балаға ересек адамдармен,құрдастарымен қарым-қатынас дағдыларын меңгеруге ,эмоциялық қарым-қатынас орнатуға ,үйрету,
2.Дамытушылық :Оқушының ауызша нұсқауды айқын айту қабілеттілігін дамыту.
3.Тәрбиелік :Оқушыны еңбекқорлыққа,мейірімділікке тәрбиелеу.
Білімділік,икемділіктер, дағдылар:Іскерлік қарым-қатынас тілінің ерекшеліктерімен таныстыру ,ауызша нұсқау бойынша іс-әрект ете білуін дамыту.
Сөздік:мә,ал, ұста ,тапсыр,тап,қаш.
Сөйлеу тілін дамыту : Оқушының ауызша нұсқауды айқын айту қабілеттілігін дамыту.
Сабақтың түрі: дамыту –түзету сабағы
Ойын материалы: қоңырау ,доптар жиынтығы,белгілі бір заттың бөліктері бейнеленген суреттер(көлік,үй ,үстел және .т.б),процессуалды іс-әрекеттерге арналған ойыншықтар(арбасы бар қуыршақ,текшелері бар машина және .т.б.)
Оқыту әдістері:көрсету ,баламен бірге ойнау,түсіндіру,қимыл –әрекетті көрсету.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Баламен амандасу ,құралдарын даярлау.
ІІ.Кіріспе :Тренинг .Комплимент айту.
ІІІ.Жаңа сабақ.
1 Дидактикалық ойын: .«Шақыр »жағдаяттарды шешу.
«Қоңырауды бер» ойынында оқушының зейінін шоғырландыру арқылы тапсырманы белгі бойынша оындауын қадағалау
« Не жетіспейді », жасырған ойыншықты тез табуын қадағалау ,жылдамдыққа үйрету.
«Кіммен ойнаймыз?» баланың оң ,сол ,төмен,жоғары ұғымдарымен таныстыру.
Шапшаң қимылды ойындар: «Күн сәулесі» баланың тез қимылдауын қадағалау. « Жылға » ойынында әрбір бағытты тез ауыстыруын ,дұрыс меңгеруін қадағалау. «Соқыр теке» ойынында тапқан ойыншығын сипалай отырып не екенін айтқызу.
ІІІ.Жаңа сабақты бекіту :
Бүгін қандай ойындар ойнадық ?
Саған ойындар ұнады ма?
Оқушыны мадақтап сабақты аяқтау.