Дидактиканың дамуына үлес қосқан шетелдік және қазақстандық педагогтардың зерттеу жұмыстарының жетістіктері

Дидактиканың дамуына үлес қосқан шетелдік және қазақстандық педагогтардың зерттеу жұмыстарының жетістіктері

 

Ж:Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің 4 курс студенті Нурибекова Сәния

Жетекшісі: педагогика пәнінің оқытушысы Б.Секенова

 

Дидактика терминін неміс педагогы 1571-1635 жылдар аралығында В.Ратке ғылыми айналымға алғаш енгізгенін білеміз. Ол өзінің дәрістерінде «дидактика» немесе «сабақ беру өнері» деп атаған еді.

Я.А.Коменский бірінші болып дидактиканы ғылыми білім жүйесі ретінде жасап, балаларды оқытудың бірізділікті ұстанымдарын және ережелерін ұсынды. Ол 1657 жылы «Ұлы дидактика» еңбегінде оқыту теориясының маңызды сұрақтарын қарастырады: білім беру мазмұны, көрнекілік дидактикалық ұстаным, бірізділікті оқыту, оқытудың сыныптық-сабақтық жүйесін ұйымдастыру және т.б. Я.А. Коменскийдің оқыту теориясы тәрбиелеудің табиғатқа сәйкестілік принципіне сай құрылған. Я.А. Коменский орта ғасырдағы жаттауға негізделген оқытудың орнына балалардың жастық және психологиялық ерекшелігіне сай оқу жұмысының жаңа жүйесін ұсынды. Қайта өрлеу дәуірінде философияда гуманистік бастама үлкен мәнге ие болғанда Ж.Ж. Руссо оқытуда баланың сұранысын, қажеттілігін, өзекті қызығушылықтарын ескеруге шақырды. И.Г.Песталоцци біржақты тәрбиелеудің бүкіл түрлеріне қарсы шығып, адамның барлық күштерін және қызығушылықтарын дамыту керек деген оқыту мақсатына назар аударды. ХҮІІІғ. аяғында ХІХғ. басында классикалық педагогикада мектепте білім берудің 2 теориясы анықталды: формальдық білім беру теориясы бойынша Н.Ф.Гербарттың және оның ізбасарларының пікірінше оқытудың басты міндеті – оқушыларды ақыл-ой жағынан дамыту және материалдық білім беру теориясы оқытудың негізгі мақсаты – оқушыларды өмірге пайдалы білімдермен қаруландыру деген болатын ХІХғ. ортасында А.Дистервег дамыта оқытудың дидактикалық негізін салып, дәлірек айтқанда «жақыннан алысқа», «қарапайымнан күрделіге» және т.б. 33 заңды және ережені анықтап берді. Индустриалдық дамыған елдерде қазіргі дидактикада психология көп орын алған.

ХІХғ. екінші жартысында Ресейде тұтас дидактикалық жүйені К.Д.Ушинский жасады. Ағартушылық философиялық идеяларға, психологияға және физиологияға сүйене отырып, ол формальдық және материалдық білім берудің біржақтылығын көрсетті, танып білу мен оқытудың ұқсастығын және айырмашылығын ашты, оқыту процесінде білімді қабылдаудың, меңгерудің және бекітудің, ойлауды дамытудың, оқушылардың оқуға ұмтылысының мотивтерін қалыптастырудың, оқыту мен оқушылардың дербес әрекетінің арақатынасының сұрақтарына жауап берді.

Оқыту теориясының дамуына Н.К.Крупская үлкен үлес қосты. Оның оқытудың мазмұнына және әдістері, мұғалімнің сапалары туралы ойлары педагогикалық зерттеулерге жаңа бағыт берді.

А.С.Макаренконың педагогикалық қызметі және көзқарастары ұжымды тәрбиелеудің және еңбекке баулу арқылы оқыту, оқытудың негізін салды. Өткен ғасырдың 70-і жылдары білім мазмұнына оқытудың дамытушылық және тәрбиелеушілік функциясын арттыратын жаңа компоненттері енгізілді – шығармашылық іс-әрекеттің тәжірибесі және дүние жүзіне, бір-біріне тәрбие эмоционалдық — құндылықтық қатынасы жайлы мектеп оқулығы мәселесі бойынша мазмұнды зерттеулер жүргізілді.

Өткеннің дидактиканы зерттеушілердің ой-пікірін қарастырсақ, оқушылардың білімді белсенді меңгеру керек деген талабы жаңа негіздеме алып, оқушылардың танымдық іс-әрекетінде олардың дербестігін дамытудың қажеттілік сипатына ие болу арқылы өз жалғасын тапқанын байқаймыз.

Осы бағытта психологтар Т.В.Кудрявцев, И.Я.Лернер, А.М.Матюшкин, М.И.Махмутов т.б. проблемалық оқыту концепциясын жасады. Оқушыларда танымдық қызығушылықты, білімге деген сұранысты қалыптастырудың мәселелері зерттелінді. Дидактика үшін оқыту психологиясы Н.А.Менчинская, П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов т.б. зерттеулерінің үлкен мәні бар, онда білім мазмұнын құрудың психологиялық алғышарттары көрсетілген. Дидактиканың дамуына озық тәжірибені жалпылау, жаңашыл-педагогтардың Ш.А.Амонашвили, В.Ф.Шаталов т.б. ізденістері септігін тигізді. Дидактика және жеке әдістемелер Қазақстанда дидкатика мен жеке пән әдістемесінің негізін салушылар болып саналады.

1841-1889 жылдар аралығында Ы. Алтынсарин орыс тілін қазақтарға үйрету курсының, оқу жоспарларының, бағдарламаларының авторы. Ол орыс тілі мен қазақ тілінің айырмашылықтарын анықтады. Оқыту процесінде көрнекілік, әңгімелеу, кітаппен жұмыс жасау әдістерін кең қолданды. Ы. Алтынсарин орыс тілін үйрету үшін дайындық сыныптарын ашты, ауызша сөйлеу тәсілін қолданып, орыс әдебиеті, грамматиканы оқытқанда қазақ тілінде аз сөйлеткен, сөздік жұмыстары жүргізілген. 1879 жылы шыққан оқу құралы «Қырғыз хрестоматиясы» болды. Бұл бірінші, қазақ тіліндегі оқу құралы оған ауыз әдебиеті шығармалары, өсімдік, техника атаулары енгізілді.

1873-1937 жылдар аралығында А.Байтұрсынов қазақша оқыту әдістемесінің негізін салушы. «Оқу ана тілінде жүргізілсін» – деген талапты қоюшы. 1912 жылы тұңғыш рет әліппе жазды, ол халықты сауаттандырудың басты құралы болды. Бұл оқу құралы әрі сауат ашу, әрі ұлттық дүниетанымды іске асыру мақсатын қойды. 1926 жылы бұл әліппенің жете өңделген жаңа түрі жарияланып, қазақ халқының сауат ашу мектебінің басты құралы болды. Әдіскер оқушыларға ереже жаттатудың тиімсіз екенін дәлелдеп, түсіндіру, талдау, қорыту тәсілдерін қолдануды ұсынды. Сол сияқты әдебиет сабағын оқытқанда әсерлендіру, талдау, бейнелеу, тұжырымдау тәсілдерін қолдану қажет екенін 1928 жылы шыққан «Қай әдіс жақсы» деген мақаласында айқын баяндайды. Халыққа білім беру ісі үшін халықтың, әр ұлттың өз ана тіліндегі жазуы, оқу құралдары болуы керек екендігі жайлы тұжырым жасаған. Міне, осындай өзекті мәселелерге А.Байтұрсынов ерекше мән беріп, ұлттық емлені, грамматиканы ғылыми негізде жаңадан құрып, оны жүзеге асыруға басшы болды.

К.Д Ушинский айтқандай: «Мұғалім  өзінің  білімін  үздіксіз  көтеріп  отырғанда  ғана  мұғалім,  оқуды, ізденуді  тоқтатысымен  оның  мұғалімдігі  де жойылады»  сондықтан да жаңа форматта сабақ беруге көшуіміз керек. Оны жүзеге асырудың бір жолы ⁃ол интербелсенді әдістерді сабақта қолдану. Осы жерде қазақтың тамаша педагогы Асхат Әлімовтың интербелсеңді әдістерді мектептерде қолдану атты оқулығына тоқталғымыз  келеді.

Интербелсенді әдістер дегеніміз – қарым-қатынасқа жағдай жасайтын жаңа тәсілдер және оларды сабақта қолдану. Бұл әдіс – “бірлесе үйрену немесе бірлескен әрекеттер” идеясын басты назарда ұстайды.  Яғни: топтық жұмыс және ұжымдық жұмыс арқылы іске асады.

Интербелсенді әдістерді не үшін қазіргі кезде қолдануымыз керек?

Қазіргі оқыту үдерісінде «Интербелсенді әдістер арқылы үйрену және үйрету» басты қағидалардың бірі ретінде қолданылып жатыр. Оқушы алған білімін өмірлік жағдаяттарда пайдалана алуы тиіс. Интербелсенді әдістер арқылы сабақ өткізу оқушыларға өз-өзін дамытуға, өзінің қабілетін дамытуға жұмсауы керек, ал оған ықпал ететін ⁃мұғалімдер.

Ықпал ету дегеніміз — ол сапалы білім беру, сапалы білімді интербелсенді әдістерді қолдану арқылы қол жеткізуімізге мүмкіндік береді.

Интербелсенді әдістерді  қолдану қазіргі кезде кең қолданысқа түскен деңгейлік бағдарлама. Ол дегеніміз 7 модульді  игеру.

Олар:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Сыни тұрғыдан ойлау

Оқыту үшін және оқуды бағалау

Білім беруде АКТ технологияларды пайдалану

Талантты және дарынды балаларды оқыту

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту

Басқару және көшбасшылық

Осы 7 модульдің қай-қайсысын қолдансақ та оны жүзеге асыру үшін интербелсенді әдістерді қолдануымыз керек.

Интербелсенді әдіс түрлері:

Кубизм

Өз таңбаңды жаса

Қосжазба күнделік

Ментальді карта

SWOT талдау

ДЖИГСО

Мозайка әдісі

Төрт сөйлем тәсілі

Іс⁃тәжірибе барысында осы әдіс ⁃тәсілдерді пайдалану өте тиімді болды. Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан да  сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр».

Қазіргі заман талабына сай  мұғалім ⁃ тек өз пәнінің терең білгірі болуда  емес, тарихи танымдық, сауаттылығы мол, білімі мен біліктілігі  жоғары ұстаз талап етілуде….

Көкшетау қаласы №22 орта мектепте диплом алды іс ⁃тәжірибеден өттім. Мектеп мұғалімдерінің басым бөлігі   тәжірибелі, білікті ұстаздар.

Олардың іс-тәжірибесіндегі қолданатын әдіс-тәсілдері де инновациялық-технологиялық біліктіліктеріне сай екен.

Қазақ тілі және әдебиет сабақтарындарда интербелсеңді әдістерді қолдану ⁃ оқушыларға өз бетінше ізденуге үйретеді, оқуға деген ынтасын оята алады.

7″А″сыныбында әдебиет сабағынан Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» тақырыбында сабақ өткіздім. Сабақты сергіту сәтінен бастадым. Дәрілік өсімдіктердің суреттері арқылы топқа бөлінді.

Қызығушылықты ояту мақсатында конвертке салып таратылған өсімдікті анықтады. Ой қозғау үшін сұрақтар арқылы жусанға сипаттама жасап, әр топ өздері талқылап, постер арқылы қорғап шықты. Оқушылар өздері өтілетін тақырыпты тапты.

Шығарманы талдау барысында «Джигсо» әдісін қолдандым. Әр топ өздеріне берілген бөлім бойынша жоспар жасап, оны постерге түсіріп қорғап шықты.

Сабақ соңында жоғары деңгейлі сұрақтар негізінде жұпта, топта талқылап, ойтолғау жазды. Сабақ соңында оқушылар «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы сабақтан алған әсерлерін білдірді.

Бұдан шығарған қорытындым : яғни оқушыларға топпен жұмыс ұнады, жұптасып, топтасып тақырыпты талқылау барысында шығарманы толық түсінді.

Алдыңғы сабақтарда өткізілген интербелсеңді әдістерді қолдану нәтижесінде оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының артуы, әдебиет сабағына деген көзқарастары өзгере бастады.

Ойларын жеткізуге тырысып, ынталана бастады, бойларында сенімділік пайда болды,өздерін еркін сезінді.

Жаңа тәсілдерді қолдану арқылы оқушылар  шығармашылыққа, ізденушілікке бет бұрды. Сабақ аяқталған соң оқушылардан сауалнама алдым. Сауалнамада оқушылар өздерінің ойларын ашық айтуға тырысты.

Сауалнама алудың тиімділігі неде? Олар:

Жеке, жұппен, топпен жұмыс жасауға үйренді

Өздерінің пікірін ашық айтуға дағдыланды

Бір-бірінің алдында жауапкершілікті сезіне білуді үйренді

Бір-біріне құрметпен қарауға, ынтымақтастықта болуға үйренді

Қазақ тілі және әдебиет пәніне деген қызығушылықтары  артты.

Мектептегі іс ⁃тәжірибе барысында бірінші бетпе – бетте колледж қабырғасынан  алған білімді жүзеге асыруға тырыстым.

Бірақ әлі де болса жетілдіру қажеттілігін түсіндім. Мектепке қайтып оралғаннан кейін де бұл жұмыстар өз жалғасын табады деп сенемін.

Осы орайда ойымды қорыта келе: Сөзімді ұлы ғұлама ғалым Д.И.Менделеевтің сөзімен қорытқым келіп отыр: « Ғылымды сүйген және жақсы меңгере білген мұғалім ғана, оқушыларына терең де мазмұнды да мағыналы білім бере алады» деген екен.

Алдағы уақытта құрметті ұстаздар осы бағытпен, осындай қарқынмен жұмысымызды жалғастыра берейік дегім келіп отыр.

Ұсыныс: Қазіргі таңда ″ Жеті модульді ″тиімді пайдаланса, нәтижеге қол жеткізе алса ⁃ол мұғалімнің көшбасшылығы. Ал оқушыларды топқа бөлгеннен кейін көшбасшы сайласа, топта  егерде көшбасшылық ойындар жие өткізіліп отырса, сонда ғана айрықша белсенділік танытып басқа оқушыларға көмектесіп, соған жауап бергізуге тырысады, Өйткені ол өзін емес, сыныптастарын тартып алға сүйрейді.

Бұрын оқу үдерісі кезінде бар салмақ мұғалімге түсетін еді.

Қазіргі жаңаша оқытуда жеті модульді қолдансақ «Кембридждік» жүйе бойынша бір шама өзгереді.

Мұнда балаларға білім дайын түрде берілмейді, керісінше оқушылардың өздерін еркін ұстауға, ойлануына мүмкіндік жасайды. Олар өз беттерімен және өзара әрекеттесе отырып, оқып үйреніп, ортақ бір шешімге келуге бағытталады.

Қорытындылай келе, Дидактиканың дамуына үлес қосқан шетелдік және қазақстандық педагогтардың зерттеу жұмыстарының жетістіктерін зерделеп озық әдіс – тәсілдерін  ала отырып, болашақ кәсіби маман ретінде әр мұғалім өзіндік әдіс – тәсілдерін ойлап табуға болатынына көз жеткіздік

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

1.Беспалько В.П.Слагаемые педагогической технологии. М., 2000.

2.Қоянбаев Р.М.Қысқаша педагогикалық сөздік.     Алматы,1991.

3.Асхат Әлімов Мектепте интербелсенді әдістемені қолдану, Алматы,2000.

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *