Мамандықтың бәрі жақсы

Түркістан облысы
Түркістан қаласы.
«№31 бастауыш мектеп-балабақша кешені» КММ
Тәрбиеші:Cапарбаева.Ақмарал Али-Айдарқызы.
Білім беру саласы: «Қатынас.»
Ұйымдастырылған ашық оқу қызмет түрі: cөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы.
Мақсаты: Балаларға түрлі мамандықтар туралы түсінік беру.
Сөйлем құрап айтуға,дыбыстарды анық,таза жеткізе білуге тәрбиелеу.
Мамандық иелерінің қызметі және олардың еңбегімен таныстыра отырып,еңбектерін құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мамандықтар жайлы суреттер , слаид, ойыншықтыр,
Методикалық әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.дид ойын .

Іс — әрекет
Кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық
қозғаушы

Іздену –
ұйымдастырушы

Сергіту сәті:

Рефлексивті —
коррекциялаушы
Сәлемдесу.
Шаттық шеңбері:
Бүкіл қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз,
Барлығына ізетпен,
Біздер сәлем береміз.
Балалар,бүгін мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Ой-қозғау сұрақтары.
1. Ұшақты кім жүргізеді?
2. Өлеңді кім жазады?
3. Тамақты кім дайындайды?
4.Ауруды кім емдейді?
5.Өртті кім сөндіреді?
6. Елді кім басқарады?
7.Аяқ киімді кім жөндейді?
8.Балаларды кім оқытады?
Ия балалар сендер дұрыс айтасыңдар бүгін біз Мамандар жайында сабақ өтетін боламыз.
-Қане балалар сендер қандай маман иесін білесіңдер?
Мамандықтың түрлері өте көп: Ұшқыш, Ақын, Аспазшы, Дәрігер, Өрт сөндіруші, Етікші, Мұғалім,т.б көптеген мамандықтар бар. Мамандықтың жаманы жоқ, тек оны дұрыс таңдай білу керек, Қалаған мамандықтың иесі болу үшін еңбексүйгіштік пен білімділік қажет, үлкен өнер мен зоршеберлікті қажет етеді.

Ой жарайсыңдар! Дұрыс айтасыңдар.
Мұны бір сөзбен айтқанда мамандық иелері деп атаймыз.
Міне балалар осы суреттердің көмегі арқылы бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттінің тақырыбы шықты.
Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»

«Кімге қандай құал-жабдық қажет?» суреттерге қарап қай маман иесіне қандай құрал жабдық керектігін мына ойыншықтардан тауып маман иелерінің жанына тауып қоямыз.Мамандарды еске түсіріп,енді ойынды бастаймыз.
Дәрігер-доктор(мақта, уколь,дәрілер, ақ халат, т.б.
Аспазшы-Повор (казан, пышақ,қасық, тақтай,шалғы т.б.
Жүргізуші-таксист (көлік, балон,күліштер,жанар май т,б
Мұғалім-учетель (кітап, қаламсап, журнал, дәптер, тақта, бор т,б
-Балалар екінші ойын
Ойын: «Кім қандай көлікпен келді?»
Балалар біз топ болып жұмыс жасайық,қанекей балалар қай маман иелеріне керек көліктерді сызба арқылы көрсетеміз.
Сергіту сәті:
Бір саусағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен, он саусақ,
Қала салсақ, жол саусақ.
-Ой,Жарайсыңдар балалар!
Барлығың жақсы жұмыс жасайды екенсіңдер

Білетін тақпақ өлеңдерін айтады.
Іш ауырса,тіс ауырса,
Анам дәрі береді.
Барлық бала,барлық ана, Аяулым
Оны жақсы көреді.

Мен суретші боламын,
Бәріңді де саламын
Марапатқа ие боп, Бақнұр
Бірінші орын аламын.

Мен дәрігер боламын,
Бәрін емдеп жазамын.
Адамдарды құрметтеп Дуіт
Бәріне ие боламын.

Мен инженер боламын,
Жерден алтын табамын. Ұлпан
Жолын қуам әйгілі,
Академик ағаның.

Мен ғарышкер боламын,
Жұлдыз ұшып барамын.
Жолын қуам атақты, Әсет
Тоқтар сынды ағаның.

Мен дәрігер боламын,
Үлкеннің де,баланың.
Қиналғанда қасына, Раяна
Бірінші болып барамын.

Ал мен ақын боламын,
Сусылдаған қаламым.
Адамдардың жүрегін Нұрислам
Жырмен жаулап аламын.

«Ас адамның арқауы»,
Аспазшы апай біледі.
Дәмді етіп тағамды, Назым
Ас-ауқат беріп жүреді.

Біз мұғалім,ұстазбыз,
Игі істерге құштармыз. Әдемі
Білім беріп шәкіртке,
Шақырамыз тәртіпке.

Көрініс: «Мамандықтың бәрі жақсы»
Мамандықтар жайлы түсіндіріп өту.
Балалар мен сендерге еңбек туралы мақа-мәтелдер айтып берейін біле жүріңдер.
*Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
*Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
*еңбек түбі берек.
Көптің түбі мереке.
Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау
Тәрбиеші:Бүгінгі оқу-қызметінен алған әсерлерін,көңіл күйлерін, не үйренгендерін сұрау.
Балалар сендер үлкен болғанда кім боласындар?
Теледидардан мульфильм тамашалау.

Шаттық шеңберін орындайды.

Тәрбиешімен бірге қайталайды

Ұшқыш
Ақын
Аспазшы
Дәрігер
Өрт сөндіруші
Елбасы
Етікші
Мұғалім

Миллиционер
Ұшқыш
Ақын
Аспазшы
Дәрігер
Өрт сөндіруші
Суретші, биші,әнші,
Мұғалім,тәрбиеші

Балалар ойынды түсінп ойнайды.

Бір бала тақтада, қалғандары дәптермен жұмыс жасайды.

Сергіту сәтін бірге орындайды.

Балалар мамандық иелері туралы тақпақтарын айтады.

Балалардын жауабын тыңдау.
Қайталау.

Мақтап-мадақтау

Күтілетін нәтиже:
Нені білді: Мамандықтың түрлерін
Түсінеді: Мамандықтың түрлерін ажыратуды
Меңгереді: Мамандық иелерінің қызметі және олардың еңбегімен таныстыра отырып,еңбектерін құрметтей білуін

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *