«Қиын бала дегеніміз-қандай бала?»

«Қиын бала дегеніміз-қандай бала?»

«Қиын бала» дегеніміз кім?- әуелі терминдерді ажырата білгеніміз жөн: «қиын бала», «тәрбиесі қиын» бала, педагогикалық назардан тыс қалған, адамгершілік дамуында ауытқушылық бар бала. «Қиын» жасөспірімдермен жұмыс әдістемесі нені қамтиды?

Қолдау әдістемесі- ең әуелі олардың сабаққа деген құлшынысын қолдау, ой-пікірлерін, ұсыныстарын талдау.

Жеке талап қою әдістемесі оқушының өзіне деген сенімін бекіте түсу үшін оның мүмкіндігіне қарай жүктемелерін беру.

Жеке тұлғаның қатынас әдістемесі өзінің мүмкіндігін ескере отырып, түрлі іс-әрекет түрлеріне қатыстыру арқылы дамуына ықпал жасау.

Оқушының жетістігі жағдаяттарын туғызу әдістемесі. Сынып ұжымында оқушының беделін, оның мектепке деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру. Мектеп ішінде ерекше қадағалауды қажет ететін оқушылармен түзету жұмысы үшін мектепте психологиялық-педагогикалық консилиум құрылады.

Консилиум екі кезеңнен тұрады:

1-даярлық кезеңі. Оқушының диагностикалық картасы жасалады.

2-консилиум мәжілісі өткізіледі.

— оқушының мінездемесі тыңдалады;

— оны консилиум мүшелері толықтырады;

— ата-аналары мен оқушыларға сөз беріліп, олармен әңгіме жүргізіледі;

— педагогикалық-психологиялық диагноз қойылады;

— оқушыларды түзетуге байланысты ұсыныстар мен пікірлер тыңдалып, шешім шығарылады.

Әңгімелесу, сұхбаттасу, құжаттарды тексеру, тест, сауалнама әдістері арқылы да баланың жан дүниесіне тереңірек үңіліп, қайта тәрбиелеуге де үміт артуға болады.

ойы

мінезі

әлеуметтік жағдайы

белгілі бір бағыт бойынша қызығушылығы

Біз сауалнама әдісі арқылы бала туралы ақпаратты сынып жетекшілерге сауалнама жүргізу арқылы жинақтаймыз.

Девиантты мінез-құлықты балаларға сипаттама және оны анықтау жолдары

Біздің қоғам дамуының күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға және нақты қоғамдық тығырыққа тірелуі, адам ағзасына қауіпті экологиялық орта, дәрігерлік қызметтің нашарлығы, т.б. балалардың денсаулығына, мінез-құлқына, оқытуға байланысты әлеуметтік-психологиялық бейімделуге қатысты қиын мәселелерді тудырып отыр.

Көптеген ғалымдардың пікірінше, бала мінез-құлқының қиындығы 6-8 сыныптарда, әсіресе ұл балаларда байқалады. Бірақ соңғы жылдары мінез-құлқы қиын оқушылардың арасында «жасау» тенденциясы байқалады, олардың қатарын енді бастауыш сынып оқушылары толықтырып отыр.

Ұзақ уақыт бойы оқу процесі балалардың екі категориясының есебінде құралып келген бірінші категория-«қалыпты балалар» категориясы, яғни баланың дамуы өз жасына сәйкес және аномалды балалар –дене және психологиялық дамуында айқын ауытқулары бар балалар. Соңғы он жылдардағы ғылыми зерттеулер балалардың осы екі категориясы арасында аралық буын бар екенін дәлелдеді. Осы аралық буынға оқудағы қиыншылықтары және мінез-құлқындағы ауытқулары бар балалар жатады, оларды көбінесе «қауіп-қатер балалары» деп атайды. Олардың бойында дене және психологиялық дамуында көзге көрінетін аномалиялары жоқ. Алайда жағымсыз жанұялық және әлеуметтік жағдайлар салдарынан бұл балалардың мектеп жасына жеткен кезде мектепте жақсы оқуы үшін қажетті қасиеттері мен дағдылары жоқ. Денсаулығының әлсіздігі, жұмыс қабілетінің төмен болуы, өз құрдастарынан психикалық дамуы жағынан артта қалуы, қауіп-қатер факторы, үлгермеушілік, мектепке үйрене алмаушылық, тәртібінің нашарлығының себептері болып табылады.

Ғалымдардың ой-пікірлеріне жүгінетін болсақ, девианттық мінез-құлықты балаларға ортаның келеңсіз ықпалынан және педагогикалық процестің жеткіліксіздігінен рухани көзқарасының дұрыс қалыптаспағандығы, сезімнің дәрменсіздігі, қоғамдық мінез-құлық дағдысының жоқтығы айқын, әрі үнемі байқалып тұруы жатады. Мінез-құлқы қиын балалар арасында жүргізілген көптеген зерттеулер қорытындысы бойынша үлгермеушілер қатарын бастауыш сынып оқушылары толықтырып отыратын көрінеді. Мінез-құлықтың мұндай белгілерінің пайда болуының өзі болашақта әлеуметтік-психологиялық дезадаптацияның тұрақты түрлерінің қалыптасуына, мінез-құлық бұзылуының амникалық және криминологиялық белгілерінің пайда болуына әкеліп соқтырады.

Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктері теориялық тұрғыдан Л.С.Выготский (1928) талқыланды, сондай-ақ А.С. Макаренко тәжірибелерінен де үлкен орын алады. Бұл мәселенің ары қарай талқылануына үлес қосқан зерттеушілер қатары да біршама.

Бастауыш мектеп кезеңі баланың жеке басының ары қарай қалыптасуы үшін аса маңызды рөл атқарады. Оның өмірінде мектеп табалдырығын алғаш аттаған күннен бастап айтарлықтай өзгерістер пайда болады, дамудың әлеуметтік жағдайы түп-тамырымен өзгереді, бала үшін жетекші орын оқу әрекеті қалыптасады.

Баланың жеке қасиеттерінің, психологиясының дұрыс дамып кетуі үшін педагогтық ұжымдардың кәсіптік білгірлігі, ата-аналардың саналы көзқарасы жәнепринциптерге негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз одақ, нәтижелі жұмыс қажет.Мысалы, бұл тұрғыдан әл-Фарабидің айтқан пікірі бар. Баланың жасы өскен сайын, оның ақылы да, яғни тәнімен бірге жанында да өсіп-өну қуаты пайда болады. Бұл оның өмірінде маңызды рөл атқарады. Ана құрсағында-ақ тән түйсігі, біртіндеп дәм, иіс айыратын түйсіктер, заттың түрін, түсін, пішінін түйсіне алу қабілеті қалыптасады. Жан қуаттары өмір барысында, оқу-тәрбие үстінде дамиды. Бұл үшін адамның өз бетінше әрекеттенуі, өзіндік белсенділігі ерекше маңызды.

Адамның адамгершілік, имандылық қасиеттері де оның өмірден алатын тәжірибесіне, үлкендердің жақсы өнегесінен туындайды. Адам дүниеге ақылды, не ақылсыз, зұлым, не ақ ниетті болып келмейді, мұның бәрі де жүре пайда болады.Бастауыш мектеп кезеңіндегі оқушының жеке басына тән қасиеттерді тек «мен» деген қасиет тұрғысынан ғана бағалап қоймай, тиісті мөлшерге қалайша бағынады, мінезі, ерік-жігері қандай, ашуланғыш, не сабырлы келе ме, әсемдікті ажыратудағы талғамы және өзгелермен

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *