Ғимаратты техникалық пайдалану
Ғимараттарды техникалық пайдаланудың негізгі мақсаты — олардың тиімді және тоқтаусыз жұмыс істеуі. Сондықтан, ұйымдастыру құрылымды, жөндеу-құрылыс және пайдалану бөлімдерінің қызмет істеу және басқару сапасының көрсеткіштерін жобалау кезінде, ғимараттың және оған іргелес аудандарды пайдаланудың максималды тиімді болуын қажет етеді.
Жөндеу-пайдалану қызметтерін ұйымдастыру кезінде қолданылатын басқару құрылымының негізгі төрт түрін белгілеуге болады:
— тікелей басқару, бұл кезде басқарушы өз бұйрығын тікелей әрбір орындаушыға береді;
— желілік құрылым;
— функционалды құрылым;
— желілік-функционалды құрылым.