Мен және балабақша
«Мен және менің балам»
(Баяндама)
мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіре отырып, ата-аналарға өз баласының ерекшелігін білуге, оның жан дүниесін түсінуге, ата-ана бойына өздерін тәрбиеші әрі мұғалім ретінде қарауға жауапкершілігін арттыру.Бала тәрбиесінде Мұхит орта мектебіндегі мұғалімдермен, мамандармен ата-ананың байланысын нығайту, ұстаздармен бірлескен әрекетке тарту.
Көрнекілігі: Оқушылардың қолымен әр түрлі бұйымдардан жасалған заттар, суреттерден көрме, плакатқа жазылған бала тәрбиесі жөніндегі нақыл сөздер.
«Ата-ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді». (Б.Г.Белинский)
Тәрбиелеудің мақсаты-баламызды бізсіз өмір сүруге үйрету.
Балалар-бүгінгінің қонағы, ертеңгінің қожайыны.
Барысы:
І.Кіріспе:
Құрметті ата-аналар! бүгінгі біздің мектебімізде ұйымдастырылып отырған «Мен және менің балам» тақырыбындағы ата-аналармен өткізгелі отырған дөңгелек үстелімізге алтын уақыттарыңызды бөліп, бала тәрбиесіндегі өз жауапкершілігіңізді сезініп, келіп отырғандарыңызға көп-көп рахмет! Сіздерден жұмысымыздың барысында мына заңдылықтардың орындалуын сұраймыз.
-Бір-бірімізді тыңдаймыз
-Белсенділік танытамыз
-Уақытты үнемдейміз
-Өз ойларымызды ортаға саламыз
Кіріспе сөз: психологқа беріледі.
Ұйымдастыру
Қызығушылықты ояту
Психологиялық тренингтер
Топқа бөлу. Тренинг: «Үш түс-үш есік»
Үш столда сары, көк, қызыл үш түсті қағаз қойылады.Бұлар үш есік деп аталады.Тренир қатысушылардан қай есікке кіретіндіктерін сұрайды.Әр қатысушы өзінің кіретін есігін пайымдайды.
Жауабы төмендегіше:
Сары түс-өте әсершіл, сезімтал, көпшіл, ерік-күші мол, қайсар, түрлі идеяға толы жансыз.Бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарайсыз.Баланың жетік дамуына барлық жағдай жасайсыз.
Қызыл түс-бірбеткей, мақсат-мұратыңыз үшін күреске дайынсыз.Балаға қатал талап қоясыз.Ескертулеріңізді балаңызға мүмкіндігінше жұмсартып жеткізіңіз.
Көк түс-ақкөңіл, байқампаз, табиғатқа құмар адамсыз.Бала тәрбиесіне кей уақытта немқұрайлы қарайсыз.Балаңыздың оқу істерін жиі бақылауға алғаныңыз дұрыс деп кеңес береміз.
Эксперимент ойын «Өз балаңызды таныңыз»
Мақсаты: Ата-ананы қаншалықты өз баласын білетіндігі жөнінде ойландыру.
Қатысушылардың балаларының сүйікті жыл мезгілі, сүйікті тағамы, сүйікті ісі, достарының есімі аталады.Ата-ана менің балам деп танығаны қолын көтеруі керек.
«Менің жанұям» суретті тестін көрсете отырып, ата-аналарға талдау.
«Жанұя» ойыны.Сұрақтарға тез, шапшаң жауап беру.
1.Балаңыздың аяқ киім өлшемі қандай?
2.Тәрбиешісінің аты-жөні кім?
3.Парталас көршісі
4.Балаңыздың сүйікті асы
5.Балаңызды еркелетіп қандай сөзбен айтасыз?
6.1-сыныпқа қай жылы барды?
7.Балаңыз бос уақытында немен шұғылданады?
8.Ең жақын досы кім?
9.Қандай түсті жақсы көреді?
10.Қандай әнді жақсы көреді?
«Байқағыштық»
Мақсаты: Ананың өз баласын тануы, сезімталдығын анықтау.
5 сыныптың оқушылары және 3-4 ата-ана ортаға шығамыз. Балалар алақандарын жайып тұрады, ана көзі байлаулы балалардың алақандарын сипап сезіну арқылы , өз баласын тауып алады.
Ата-анаға сұрақ:
-Өз балаңызды қалай таныдыңыз, қандай сезім болды?
-Балаларға қандай тілек айтар едіңіз? (таба алмаған жағдайда).
(Музыкалық сәлем)
Ерекше мұқтаждықтары бар балалардың өнерін тамашалау
(оқушылардың концерттік бағдарламасы )
ІІ.Мағынаны тану
1. «Мен және менің балам» тақырыбында баяндама.
2. Ата-анаға естелік-кеңес
3. «Ерекше мұқтаждықтары бар балалардың құқықтары» баяндама
(әлеуметтік педагог Д. Керімбеков )
4.Сауалнама «Сіз қандай ата-анасыз?»
(ата-аналарға арналған сауалнама)
ІІІ. «Ой-толғаныс»
Ұжымдық жұмыс
І топ
1.Жанұяда бос уақытыңызды қалай өткізесіз?
2.Балаңызға еңбек етуді неше жастан және қалай үйретесіз?
3.Сізге көмектесемін деп балаңыз өте қымбат тұратын ыдысты сындырып алды, сіздің әрекетіңіз?
4.Балаңызға берген уәдеңізді ұмытпайсыз ба?
ІІ топ
1.Балаңыз сізден көмек сұраса, сіз істеп жатқан жұмысыңызды немесе көріп отырған телекөрілімді тоқтата аласыз ба?
2.Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателіктеріңізді мойындайсыз ба?
3.Балаңыздың жасына қарамай онымен ақылдасасыз ба, пікірімен санасасыз ба?
4.Өз балаңыздың досының ата-анасымен байланыс жасайсыз ба?
ІІІ топ
1.Балаңыздың байқау-бақылау қабілетін дамытуда әрбір сәттерді пайдалана аласыз ба?
2.Сіздің балаңыз туралы жағымсыз ескертпелер айтылса, себебін қайдан іздейсіз?
3.Балаңыздың кемшіліктері бола тұрса да, оның жетістіктеріне қуана аласыз ба?
4.Балаға қатаң талап қою бала тәрбиесіне кедергі келтірмей ме?
Тренинг «Сиқырлы қарандаш»
Әр топтағы барлық қатысушыларға ортақ бір қағаз беріледі.Қатысушылардың біреуі таза қағазға бала тәрбиесіне байланысты тақырыптағы суреттің бір бөлшегін бастап салады.Келесі қатысушы осы суретті толықтыра түседі.Осылайша барлығы қатыса отырып (шеңбермен) суретті аяқтап шығуы тиіс.Соңында суретті сипаттауы тиіс.(Әр топ).
Тренинг: «Қолғаптар»
Қатысушыларға бір-бірден қолғап үлестіріле отырып, сұрақ қойылады.Мыс: бұл неге ұқсайды? т.б.
Нұсқау: Алдымен қолғабымыздың тырнақтарына мән бере отырып, сыңарын табыңыз.Табылған сыңарлы қолғаптарға өз балаларыңызға арнап тілек жазыңыз!
«Мен және менің балам», шын жүректен (ілінген плакатқа ата-аналар өз тілектерін, ойларын, ұсыныстарын жазып, плакатқа түйрейді).
Қорытындылау.