ХХ ғ. 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті мен өнерінің дамуы

Бөлім: Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: әдебиет пен өнер Пән мұғалімі: Рысбаева Д.А
2-тоқсан
Пәні: Қазақстан тарихы Сынып: 9 «А», «Ә» Мерзімі:18.12.2019ж
Сабақ тақырыбы: ХХ ғ. 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті мен өнерінің дамуы
Оқу мақсаттары 8.2.2.1 Қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасын талдау және қоғамдық санаға тигізген әсеріне баға беру;
8.2.2.3 Өнер мен әдебиеттегі өзгерістерді анықтау
Сабақтың мақсаты: Кеңестік Қазақстан кезіндегі ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет пен өнер саласының өзгерістерін және кеңестік идеологияның ықпалымен дәстүрлі мәдениеттің құлдырау себептерін анықтайды. Кеңестік әдебиет пен өнердің қалыптасу ерекшеліктерін талдайды.
Бағалау критерийлері: Талдау: Н.Г.Хлудовтың, Ә.Қастеевтің, Ә.Ысмайыловтың картиналарын салыстырып, 2 айырмашылықты, 2 ортақ идеяны анықтайды.
Сыни ойлау: Музыка, кино,музыка,әдебиет, спорт салаларындағы ең маңызды өзгерістерді анықтап, қоғамдық санаға тигізген әсеріне баға береді
Бағалау;Әміре Қашаубаев пен Қажымұқан Мұңайтпасұлының қазақ халқының әлемге танытудағы роліне баға беру
Тарихи концепт Тарихи концепт (фокус): дәлел

Тілдік мақсат Пәнге қатысты лексика мен терминология
Көркемсурет, өнер, музыка, театр, опера өнері
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
Берілген картиналардың айырмашылығы/ негізгі идеясы …
Ең маңызды жетістіктер …
Осы саланың дамуына ықпал жасаған тұлғалар …
Қазақ өнерінің жаңа белеске көтерілуін …. көре аламыз
Құндылықтарды дарыту «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеяға сай құндылығы:
Оқушылардың еліміздің ұлттық дамуыжәне бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Пәнаралық байланыстар Дүние жүзі тарихы, өнер
Алдыңғы білім Оқушылар 7-8 сыныптарда оқып білген орта ғасырлардан бастап XX ғасырдың басына дейінгі Қазақ әдебиеті мен дәстүрлі өнерінің үздік туындылары, қайраткерлерін туралы білімдеріне сүйену мүмкіндіктері бар.
Сабақ кезеңдері Орындалатын іс — әрекеттер Оқыту ресурстары
Сабақтың басы
1-7 мин

1.Ұйымдастыру
2.Сергіту
3.Топқа бөлу(Әр топ басшыларына алдындағы кониверт қойылады үй тапсырмасын қайталап,жаңа тақырыпты ашу).
1 топ Әдебиетшілер
2 топ Жазушылар
3 топӨнер (музыка ,театр кино)
4 топ Бейнелеу өнері,спорт
Топқа бөліп болған соң бағалау парақшасы баспалдағы бар (смайлик)өздерін бағалайды.Осы бойынша қорытынды шығарамыз.

Үш бәйтерек бейнетаспа
Мұғалім түсіндірмесі

Б. Ә.Қашаубаев туралы бейнесюжет көрсетіледі. Мұғалім түсіндірмесі
Бейнестаспалар байланысты сұрақтар қойылады.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен жетістік критерийлері анықталады

Сабақтың ортасы
8-10 мин

10-20мин

20-30 мин

31-33 мин

34-38 мин
Мәтінмен жұмыс (топтарға тақырып бөлу)
1-2 топқа постер жасау.
3 топқа Афиша жасау.
4 топқа Сын тұрғысынан ойлау
Мағынаны тану
Н.Г.Хлудовтың «Жасауыл» атты және Ә.Қастеевтің «Түрксіб», Ә.Ысмайыловтың «Қарағанды шахтасында» атты картиналарын беріп, осы туындыларда қандай идеяны байқауға болады? деген сұрақ қойылады.
Оқушы пікірі тыңдалады

Зерттеу сұрақтары:
 Қазақ әдебиеті мен өнері қандай жаңа белестерді бағындырды?
 Қазақ өнер тұлғаларының шығармашылық мұраларының қоғамдық санаға әсері қандай болды?
Зерттеу мен талдау
Қазақстанда кеңестік дәуір пайда болған әдебиет пен өнер саласына қатысты ақпараттарды беріледі.
Оқушылар ақпараттардан музыка, кино, театр, бейнелеу өнері, әдебиет, спортсалаларындағы ең маңызды өзгерістерді анықтап, қоғамдық санаға тигізген әсеріне баға беруге тапсырма беріледі.
3 топқа тақырыпқа сәйкес таныстырылым түрін таңдауға мүмкіндік беріледі Мысалы;афиша, жарнама, көрме, мақала жазу т.б
Тапсырманы бағалау критерийлері:
 Қазақ өнерінің тарихын мазмұндау;
 Қазақ өнеріндегі өзгерістерді маңыздылығы бойынша талдау;
 Қайраткерлерлің шығармашылығының қоғамдық санаға тигізген әсеріне баға беру;

Әдеби дерекпен жұмыс жасауда өзге де критерийлерді ұсынылады болады.
Әр топ дайындалып болған соң, ортаға шығып жұмыстарын қорғайды
Топ басшылары:Жылдар жазылған стикерлер алады.1 минут уақыт беріледі.
Қызықты сұрақ :9 «Ә»сынып оқушыларының сұрақтары бейнетаспа арқылы. 4 сұрақ.Жауап .
Топтарды бір-біріне бас бармақ арқылы бағалау.
Қалыптастырушы бағалау (жұптық жұмыс).
(өзін –өзі бағалау парақшасына баға қою)
Рефлекция (стикерлермен)

Интерпретация
(Д) Әміре Қашаубаев пен Қажымұқан Мұңайтпасұлы роліне еніп, оқушылар «Сұқбат алу» әдісін пайдаланып сұрақтар қояды.( 1топ-2 топқа.2 топ – 3 топқа,3 топ -4 топқа )
Қайраткерлердің қазақ халқын әлемге танытудағы роліне баға береді.

Б Әміре Қашаубаевтың орындауындағы «Балқадиша» әнін тыңдатып, «Қазақ өнерінің жаңа белеске көтерілуі неден байқалды?» тақырып сұрағына қорытынды ой-түйін жасайды . Ғ. Аяған, Х. М. Әбжанов, Д. А. Махат. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы: Раритет, 2010

Атабаев, Қамбарбек Махамбетұлы.
Қазақстан тарихының деректанулық негіздері : оқу құралы / Қ. М. Атабаев. — Алматы : Қазақ университеті, 2002.
Бас ред. М.Х.Асылбеков, Қ.С.Алдажұманов, К.М.Байпақов. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінгі күнге дейін. 5 томдық. ІV том. – А: Атамұра, 2010ж.

Әміре Қашаубаев (KZ)
http://e-history.kz/kz/video/view/111#scontent
Әміре Қашаубаев
https://www.youtube.com/watch?v=rqgn
С. Сабырұлы. Қазақстан тарихы. –
құрамында. – Алматы: Аруна, 2013.
Сабақтың соңы
39-40 мин Рефлексия. Жалғастырыңыз:стикерлермен
Маған … қызықты болды
Маған … бұл болашақта қажет болады
Бұл … қиындық туғызды
Мені ойландырған…
Бөліп оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай күрделі тапсырма бересіз? Бағалау –
Оқушылардың білімін қалай тексересіз

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері
АКТ
Құндылықтар
Коммуникативті дағдыларын дамыту мақсатында құрылған топтар қабілеті төмен оқушыларды қабілеті жоғары оқушылардың қолдау көрсетуін меңзейді. Мұғалім талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалау тиіс.
Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді. Сабақ барысында бақылау және талқылауды үйлестіру, топтық жұмысты әр топ кері байланыс беру арқылы ал сабақ аяқталған кезде бағаға жұмыс орындау қарастырылады. XX ғ. 50 жж. дейін кеңестік дәуір кезіндегі қазақ өнерін зерттеу және талдау арқылы оқушылардың бойында патриотизм, ұлтжандылық, ынтымақтастық, функционалдық сауаттылық қасиеттері қалыптастырылады.
Ойтолғау
Сабақ / оқыту мақсаты қолжетімді болды ма?
Оқушылар нені білді? Сыныпта қандай ахуал қалыптасты?
Уақыт бойынша үлгердім бе?
Сабақ жоспарынан ауытқушылық болды ма? Болса неге? Бұл бөлімді сабақ бойынша ойларыңызды білдіру үшін пайдаланыңыз. Сол бағанада берілген сұрақтарға жауап беру арқылы өзіңіздің сабағыңыз жайлы пікіріңізді білдіріңіз. Сабақ жоспар негізінде өтті. Барлық кезеңдер ескеріліп, оқушылардың білімдерін дағдылармен дамытылды.
Сабақтың мақсатына жетті.
Сабақтың мақсаты қол жетімді болды. Сыныптың психологиялық ахуалы жақсы, оқушылар тақырып бойынша қажетті ақпараттарды білді. Уақыт бойынша үлгердік.
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру және оқыту жайлы ойланыңыз)?
1:Мағынаны тану кезеңінде оқушылар өз ойларын тексерді.
2:Топтық жұмыста оқушылар өз ойларын ашық жеткізе алды.
Қандай жағдай сабақты жақсырақ өткізуге мүмкіндік берер еді (сабақ беру және оқыту жайлы ойланыңыз)?
Зерттеу дағыдалырн дамытатын тапсырмалар арқылы сабақты жақсырақ өткізуге мүмкіндік берер еді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *