«Таңғажайып теңіз әлеміне саяхат».
Білім бөлімі: Коммуникация,Таным,Әлеумет
Тақырыбы: «Таңғажайып теңіз әлеміне саяхат».
Мақсаты:
Білімділік: 1-ден 10 – ға дейінгі сандар туралы алған білімдерін жинақтау, 10 көлеміндегі сандарды тура және кері сандарды пысықтау, есту барысында сандарды айыра білуге жаттықтыру. Геометриялық пішіндерді қайталау.Сауат ашу сабағынан алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылық:Балалардың ой өрісін,ойлау қабілетін математикалық тілін дамыту пәнге деген қызығушылығын, есте сақтау қаблетін дамыту.
Тәрбиелік: Іздемпаздыққа өз ойын жеткізе білуге, өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ – жауап,әңгімелеу, саяхат, құрастыру, логикалық есептер, техника құралдары.
Көрнекіліктер: Жалауша, геометриялық пішіндер, слайд, тас, сандықша, хат, алтын теңге, теңіз жұлдызшасы.
Биллингвальды компонент: 1ден 10 ға дейін қазақша,орысша,ағылшынша санайды.
Іс-әрекет
Кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға.
Ертемен ақ пейілмен:
«Қайырлы таң!» деймін мен.
Күндіз де елді елеймін,
«Қайырлы күн!» — тілеймін.
Үйге кешке келемін,
Не дерімді білемін:
«Кеш жарық!» деп кіремін.
Собрались все дети в круг(встают в круг)
Я твой друг (руки к груди)
И ты мой друг (протягивают руки друг к другу)
Крепко за руки возьмёмся (берутся за руки)
И друг другу улыбнёмся (улыбаются)
Балалар шеңберге тұрып шаттық шеңберді қайталайды.
Ұйымдастыру -Ізденушілік
Ұйымдастыру кезеңі:
Тәрбиеші: балалар бүгін біздің сабағымызға көп қонақтар келді.
Тәрбиеші: Балалар сендер таңғажайып оқиғаларды жақсы көресіңдер ме? Тәрбиеші: Біз сендермен бірге, Таңғажайып теңізге, қарақшылардың тығып қойған қазнасын іздеуге саяхатқа барамыз. Ол жақта сендерді таңғажайып оқиғалар мен құпиялар күтіп тұр. Ең алдымен біз саяхатқа шығатын күнімізді белгілеп алуымыз керек?
— Балалар аптада неше күн бар?
— Апта күндерін атаңдаршы?
— Бүгін қай күн?
— Бейсенбі нешінші күн?
-Ал енді уақытты бағдарлауға арналған жұмбақтар жасырамын:
Ұйқымыздан тұрамыз,
Беті – қолды жуамыз.
Әкемізге ереміз,
Бақшамызға келеміз.
Бұл күннің қай уақыты деп ойлайсың?
Біз тәртіпті баламыз,
Сабақты да оқимыз.
Серуенге шығамыз, қыдырамыз
Бұл қай кез деп ойлайсың?
Күн батады қызарып,
Анамызды күтеміз.
Бұл қай кез деп ойлайсың?
«Үйлерде шамдар жанады,
Дем алады бар әлем»,
Барлығы ұйқыға жатады ,
Бұл қай кез деп ойлайсың?
-Жарайсыңдар!
-жыл мезгілдерін атап бер
-көктем мезгілін сипатта, әңгіме құрастыр
Жұмбақ:
-Қар, мұз еріп, су көбейіп
Сай-салада ағады,
Бүршік шашып, жапырақ ашып,
Гүл бәйшешек басады.
Балаларым, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
-Көктемде неше ай бар? Атап беріңдер.
-Мына суретке қарап көктемнің ерекшеліктерін айтып беріңдер.
-Тағы қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?
-Жарайсыңдар!
Ендеше біз Көктем мезгілінің Сәуір айының 19 күні таңертең теңізге саяхатқа аттанамыз.
Тәрбиеші: Теңіз әлеміндегі қазынаны іздеуге немен баруға болады?
Тәрбиеші: Бір сөзбен қандай көліктер дейміз?
Балалар, біз кеме құрастыруымыз керек. Біз кеме құрастыру үшін кеме құрастыратын құрлысшы боламыз. Ол үшін мынадай сиқырлы сөздер айтуымыз керек.
Ал, енді алдарыңда жатқан геометриялық пішіндерден кеме құрастыруымыз керек. Кеме құрастырушылар жұмысты бастаңдар. Керекті пішіндерді алыңдар. Ал кімге көмек керек болса жалаушаны көтеріп көмек сұраймыз.
— Сен кеме құрастыру үшін неше геом. пішінді қолдандың?
— Неше үшбұрыш?
— Неше төртбұрыш?
— Түстері қандай?
Ал, енді сендердің алдарыңда екі жолақ жатыр,сол жолақтардың көлемін салыстырыңдар.Көлемдері қандай?
Тәрбиеші: Сендер саяхатқа шыққанда қандай жолды таңдар едіңдер. Сол жолды кемелеріңнің астына құрастырыңдар. Міне, біздің кемеміз дайын.
Тәрбиеші: Кемені басқарушыны кімдеп атайды?
Тәрбиеші: Оның көмекшілерін?
.
Тәрбиеші: Мен капитан боламын. Сендер мотрос боласыңдар. Балалар, матростар өте ақылды адамдар. Сендер де теңізге саяхатқа шыққанда, барлық күтпеген жағдайларға дайын болуларың керек. Өте зейінді ақылды болыңдар. Алда бізді талай қиындықтар күтіп тұр. Соның барлығын жеңе білейік.
Жарайсыңдар балалар! Енді сендер саяхатқа шығуға толық дайынсыңдар. Онда көзімізді жұмып, көз алдымызға елестетеміз біздің тобымыз үлкен кемеге айналады.
Слайд «Кеме»
Тәрбиеші: Матростар менің командамды тыңдаңдар! Сапқа тұр ,сап түзе саппен Таңғажайып теңіз әлеміне қарақшылардың тығып қойған қазналарын іздеуге саяхатқа кеттік. (слайд кеме муз. Капитан.) міне, біздің кемеміз жүзіп баражатыр, барлықтарың орындарыңа жайғасыңдар!
Слайд «Сандар»
Балалар, қараңдаршы алдымыздан мынадай тапсырма шықты біз оны дұрыс орындамасақ қазнаны таба алмаймыз.
1-ден 10-ға дейін тура және кері санау
— Көршісін тап? 0 1 . 3 4 .6 . 8 . 10
— Ең үлкен санды ата?
— Ең кіші санды ата?
-геометриялық пішіндер мен денелер арқылы қеңістікті бағдарлау (интерактивті тақтада):
-Ортада не орналасқан?
-Дөңгелектің үстінде?
-Дөңгелектің астында?
-Оң жағында?
-Сол жағында?
-логикалық есептерді шығар (ауызша)
Келесі логикалық есептерді шығаруын ұсынады:
1.-Табақта – үш алма,
Қолымда –екі алма.
Қосқанда барлығын,
Болады неше алма?
2. –Аспанда неше күн бар?
3.-Бағдаршамның қанша көзі бар?
4. Өрісте 5 қозы жайылып жүрді
3 қозы өзенге су ішуге кетіп қалды
Өрісте неше қозы қалды?
-Жарайсыңдар!
Тәрбиеші: Жарайсыңдар матростар! Бұл тапсырманы дұрыс орындап шықтыңдар.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар матростар! Олай болса ары қарай жүзейік (слайд арал . Қараңдаршы не көріп тұрсыңдар? (балалардың жауабы) Бұл арал ғой. Мүмкін біздің іздеп жүрген қазынамыз осы аралда шығар. Барлығымыз ақырын орнымыздан тұрып жағалауға шығып, бойымызды жазып алайық.
Тәрбиеші: Мотростар менің командамды тыңдаңдар! (қолдарына жалауша алып жаттығу жасайды)
Сергіту сәті
Тәрбиеші: Жарайсыңдар матростар! Қазнаны іздеуге дайынсыңдар ма?
Тәрбиеші: Матростар қараңдаршы мұнда хат жатыр ғой. Кәне ашып оқып көрейік не жазылғанын. Сәлеметсіңдер ме, балалар қазынаны тауып алу үшін біздің тапсырмаларымызды орындасаңдар қазнаға жол табасыңдар.
«Қарақшылар».
Слайдтағы тастарға көңіл бөліп қарайды.
Балалар мына тасты қараңдаршы, біз қазнаны тапқан сияқтымыз. Бірақ бұл жай тас емес сияқты, мұнда әріптер жазылып тұр.
-Әріп дегеніміз не?
-Дыбыс дегеніміз не?
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Дауысты дыбыс қалай айтылады?
— Оларды қандай түспен белгілейміз?
-Дауыссыз дыбыс қалай айтылады?
-Дауыссыз дыбысты қандай түспен белгілейміз?
«Ойлан, тап» — көрсеткен әріпке сөз ойлап табу. (А, О, С, М)
Осы сөздерге бірнеше сөзден тұратын сөйлем құрайық.
-Жарайсыңдар!
Тастың астынан сандықша шығады. Сандықшада алтын тиындар табады. Қазынаны алып ертерек тобымызға қайтуымыз керек. (слайд кеме муз колокл)
Балалар амандасады.
Балалар бізге ұнайды.
Алақай саяхатқа барамыз.
— 7 күн
— Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
— Бейсенбі
— Төртінші күн
Таңғы уақыт.
Күндізгі уақыт.
Кешкі уақыт.
Түнгі уақыт.
Жұмбақтардың шешуін шешеді.
Бұл көктем мезгілі.
Күз мезгілінің айлары: Қыркүйек,Қазан,
Қараша.
Қыс,Көктем,Жаз.
Балалар теңізге сахатқа шығуғамыздеп қуанады
Балалар: қайықпен, кемемен, параходпен.
Балалар:Су көліктерідеп атаймыз
Біз кеме құрастырушымыз.
Біз бәрін жасай аламыз.
Біз еңбекқормыз.
Балалар геометриялық пішіндерден кеме құрастырады.
Мен 5 геометриялық пішін қолдандым.
4 үшбұрыш
1 төртбұрыш қолдандым
Қызыл,сары,күргін,көк.
көлемдері ұзын,қысқа.
Қысқа жолды таңдаймыз. Балалар:Капитан.
Балалар: Мотростар
Біз арқашан зейінді,ақылды боламыз.
Мотростар тік тұрып капитанның командасын орындайды.
Мотростар 1-ден 10-ға дейін тура және кері үш тілде санайды.
Көрші сандарды,ең үлкен санды,ең кіші санды атайды.
Кеңістікті пішіндер арқылы бағдарлайды.
Логикалық есептеді ауызша шешулерін атайды.
Мотростар қуанады.
Мотростар жаңа аралға келіп бойларын жазады Мотростар әрдайым дайынбыз.
Мотростар хатты ашып оқиды.
Әдемі тастарды қөреді.
Қарақшылырдың тапсырмаларын орындайды
Әріп дегеніміз.
көзбен көреміз,оқимыз,жазамыз.
Дыбыс дегеніміз естимиз,айтамыз,белгілейміз.
Дауысты,дауызсызбоп екіге бөлінеді.
Дауысты қызыл,дауысызды көкпен белгілейміз.
Алма,Орақ,Сағат,Мысық.
Алма алма ағашында өседі.
Орақпен шөп шабамыз.
Мен сағат сегізде бақшаға келдім.
Мысық ет жегенді жақсы көреді.
Мотростар қазынаны тауып алғанға қуанады.
Рефлексивтік –түзетушілік
Балалар орындарыңа жайғасыңдар. Сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнадыма? Мен сендерге осы саяхаттан естелік ретінде теңіз жұлдызын сыйлыққа бергім келіп тұр. Осы теңіз жұлдызын қолдарыңа алсаңдар біздің теңіз әлеміндегі саяқатымыз естеріңе түседі. Кәне есімізге түсіріп көрейік қандай қиындқтарға тап болғанымызды.
Балалар топқа келіп өздерінің саяхатта не көріп,қандай қиындықтан өткендерін айтады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:10 көлеміндегі сандарды тура және кері сандарды сануды. Геометриялық пішіндерді,логикалық есептерді шығаруды, дыбыстарды ажырату,сөз,сөйлем құрауды біледі.
Игереді: саяхатқа шығып ондағы тапсырмалырды жылдам ойлап шешуді игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:достарымен тапсырма орындауды дағдыланды.
Тәрбиеші: Рахимбекова Ж.К