«Көңілді бояулар»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімдері: Сурет
Тақырыбы: «Көңілді бояулар»
Мақсаты:
Білімділік: ұжымдық жұмыста бірлесіп еңбек етуге, бір – бірімен ақылдаса берілген тапсырмаларды шығармашылықпен бейнелеуге жұмылдыру; дәстүрден тыс сурет салу әдістерін үйрету;
Дамытушылық: еңбек нәтижесіне қанағаттану сезімдерін ояту;ой – қиялын дамыту;
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, бояулар, жіп орамдары, сандықша, алмалар, бөтелкелер, шымылдық, жұлдыздар.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Бингвалды компонент: Жұлдыз-звезда, алма ағашы-яблоня.
Іс – әрекет Кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың Іс — әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық Шаттық шеңбері Армысың, асыл Күн ! Армысың, асыл Жер! Армысың, көк Аспан! Армысың,жан Досым! Жылуыма жылу қос, Міне менің қолым! Балалар шеңбер бойына тұрып, ашық аспанмен, күнмен, Жер анамен, бір – бірімен амандасады.
Ұйымдастыру
— ізденушілік 1.Ұйымдастыру кезеңі. Балалардың назарын тақтада ілулі тұрған үлгі суреттерге аудару. — Біз сурет сабағында дәстүрден тыс сурет салу әдістерін пайдаланып отырамыз. Өздеріңе таныс Балалар өздеріне таныс әдістерді бір – бірден тақтаға шығып атайды. Балалар жан –
— — әдістерді атап шықсандар. (Балалардың жауаптарын тыңдау) — Балалар бүгін біз серуенге шығамыз… Тыңдаңдаршы біреу жылап тұр ма? Тәрбиеші: Бұл кім екен? (Шымылдықтың артынан жылап жұлдыз киімін киген көмекші шығады.) — Жылап Жұлдыз шығады. — Балалар таныдыңдар ма? — Жұлдыз не болды? Неге көңіл жақтарына қарайды. -Иә, біреу жылап тұрған секілді. -Иә, бұл Жұлдыз.
күйің жоқ? Жұлдыз: Мен сиқырлы Жұлдыздар қаласында тұрамын. Мен құрбыларым жұлдыздармен бірге өте көңілді, жақсы өмір сүрдім. Бір күні біздің қаламызға ашулы сиқыршы келіп біздің бақытты өмір сүріп жатқанымызды көріп, қатты ашуланды. Ол барлық жұлдыздарды ұрлап, тығып тастады. Енді біздің қаламыз көңілсіз. Қайдан мен жұлдыздарды іздеймін? Мүмкін сендер маған көмектесесіңдер? — Балалар, қалай ойлайсыңдар, біз жұлдызға көмектесе аламыз ба? Жұлдыз: Мен өте қуаныштымын! Бірақ менің қалама жету оңай емес. Алда көп қиындықтар кездеседі. Тәрбиеші: Олай болса біз қазір құтқарушыларға айналамыз. (Тәрбиеші балаларға түрлі түсті жамылғыларды кигізеді, өзі де киеді). Сиқырлы сөздерді айтады: Бір, екі, үш айналамыз, құтқарушыларға айналамыз. Тәрбиеші: Жолға шығуға дайынсыңдар ма? Балалар, менде сиқырлы түс- бағдар бар. Ол бізге жолды дұрыс табуға көмектеседі. Мынау түс бағдардың тілі бізге бағытты көрсетеді. Қазір қай бағытты көрсетіп тұр? — Оң жаққа барамыз. Бұл қауіпті -Әрине көмектесеміз! -Дайынбыз!
жол. Бұл жолдан өту үшін біз тастарды түрлі түстермен бояуымыз қажет. Ал тастарды қай түспен бояу керектігін сендерге мына жіп орамдары көрсетеді. Ойын: «Сиқырлы жіп орамдары» Тәрбиеші: қолдарыңа бір — бір жіп орамын алыңдар. Музыка әуенімен жіп орамын орап сандыққа дейін келесіңдер. Сандық ашылғанда, кім қандай түспен тастарды бояйтынын білесіңдер. Балалар өз бояуларын тапқан кезде, тәрбиеші әр түсті балаларға айтқызады. Балалар өз түстерін тапқаннан кейін оларды үстел үстінен бояуларды алуға шақыру. Тәрбиеші: Ал енді балалар, сендер бояуларды таңдап болдыңдар, біз жол үстіндегі сиқырлы тастарды бояймыз. (Әр балаға түрлі пішіндегі губкаларды таратып беру). — Сенде қандай пішін? (деп әр баладан сұрау). — Дұрыс, дөңгелек. Сен тек дөңгелек тастарды бояйсың. — Сенде үшбұрыш. Сен тек үшбұрышты тастарды бояйсың. Жұлдыз: Бірақ сендерде қылқалым жоқ қой, немен бояйсыңдар? Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Біз суретті бояудың тек қылқаламмен ғана емес көп тәсілдерін білеміз. Балалар, тастарды губкамен боясақ, Балалар өздеріне жіп орамдарын алып бояуды таңдайды. Суретті саусақпен де, алақанмен де салуға болады.
біз жылдамырақ боламыз, әрі тастарымыз үлкен болып шығады. Тастарды бояу тәсілін көрсету. Губканы аламыз, бояуға маламыз, бастырамыз. Және әр бала өз пішініне сәйкес тастарды бояйды. Балалар музыка әуенімен тастарды бояйды. Тәрбиеші: Міне сиқырлы жолымыз дайын болды. Ал енді, ақырын, аяқтың ұшымен тастарға баспай жүреміз. (Музыка әуенімен балалар жолдан өтеді) Сергіту сәті. (музыка әуенімен) Тәрбиеші: Балалар, мынау не алаңда шашылып жатқан? Тәрбиеші: Не болды екен? (көктем мен қыстың дауысы естіледі) Жұлдыз: Мен білемін. Бұл қыс мезгілімен көктем ұрысып қалды. Жылы мен суық түстерді араластырып алып, оларды жинай аллмады. Енді бұл жермен ешкімді жүргізбейді, түстерді бөліп алғанша. Тәрбиеші. Балалар, қане қыс пен көктемге көмектесейік, жылы мен суық түстерді ажыратуға. Бұл жерде екі себет бар екен, осы себеттерге бөліп салайық. (балалар тапсырманы орындайды) Тәрбиеші: Мына карточкалардан ненің суретін шығаруға болады? Қане бірінші столға Димаш, Каусар, Алдияр, Асанали отырып Көктемге суретті құрастырады. Алмира, Дамир, Бұл суреттер, түсті карточкалар.
Ермұхан,Адия Қыс мезгіліне суретті құрастырады. Тәрбиеші: Жақсы, жарайсындар сендер бұл тапсырманы орындадыңдар!Қыс пен Көктемге татуласуға көмектестіндер. Ал енді, әрі қарай жолымызды жалғастырайық.Түсбағдарға қараңдаршы, тілі қай бағытты көрсетіп тұр? Тәрбиеші: (ақырын) Бұл жерден ақырын, шуламай, тыныш өту керек. Бұл батпақта су перісі тұрады. Балалар, қарандаршы (төбешік үстінде сандықша тұрады)бұл не? Балалар: Сандық Тәрбиеші: Қане қарайықшы оның ішінде не бар екен? Балалар сандықтың ішін ашады, оның ішінде кішкентай жасыл шарлар болады. Қалай ойлайсындар олар неге ұқсайды? Шар, алма, доп …. Бірақ олар жасыл түсті және батпақта өмір сүреді. Бұл нелер екен? Ендеше олардың көздерін салайық.Қараңдар бұл жерде сиқырлы бояулар жатыр. Қане отырып бояйық. (саусақпен сурет салу ) — Ал енді неге ұқсайды? — Жауабын білмесендер мен сендерге өлең оқып беремін. — Иә балалар, бұл батпақта қандай итшабақтар тұрады көңілді ма, Балалар гүл мен қарды құрастырады. Балалар бағытты айтады. Балалар тәрбиеші мен бірге жүреді: шұңқырдан секіреді, жіңішке көпірден өтеді.
әлде көңілсіз бе? — Әрине көнілді. — Қарандар көңілді итшабақтар болды! Оларды батпаққа жіберейік (санап, есептеу) Жұлдыз: балалар, біз менің қалама келіп қалдық. Бірақ бұл жерде тып — тыныш Тәрбиеші: Балалар,мынау алманың ағашы Біз қазір алма ағашының гүлдерін саламыз. (гүлдерді балалар бөтелкенің көмегі арқылы салады) Тәрбиеші: Жарайсыңдар, әдемі гүлденген алма ағашы болды. Ал неге барлық жерде алмалар шашылып жатыр? Тәрбиеші: Қалай ойлайсындар, неге алмалар шашылып жатыр? Балалар: Білмейміз. Тәрбиеші: Менің ойымша бұл алмалар текке жатқан жоқ бұл жерде. Алманың ішін қарайық. (тәрбиеші алдын – ала кесілген алманы көрсетіп ішіндегі жұлдызды көрсетеді) Тәрбиеші: Қарандаршы, алманың ортасында не тығылып тұр? Балалар: Жұлдыз! Тәрбиеші: Міне қай жерге сиқыршы жұлдыздарды тығып қойған! Жұлдыз: Рахмет балалар. Сендер менің достарымды құтқардыңдар. талдау жасайды.
(балалар жұлдыздарды шымылдыққа апарып іледі) Тәрбиеші: Біздің қайтатын уақытымыз келді. Қош сау бол, Жұлдыз!
Күтілетін нәтиже: ұжымдық жұмыста бірлесіп еңбек етуде, бір – бірімен ақылдаса білуді шығармашылықпен бейнелеуді үйретеді.
Нені біледі: Дәстүрден тыс сурет салу дағдыларын игереді;
Менгерген дағдылары мен іскерліктері: гүлдеп тұрған алма ағашының бейнесін сала білу дағдылырын меңгереді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *