«Білімдер еліне саяхат»

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің картасы
Мектеп алды даярлық топ
Білім беру саласы: Таным, Коммуникация
Бөлімдері:Сауат ашу, математика, сөйлеуді дамыту, құрастыру.
Тақырыбы: «Білімдер еліне саяхат»
Мақсаты:
Білімділік: үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсете отырып,қоршаған ортаны танып білуге үйрету.
Дамытушылық: Балаларға әртүрлі тапсырмалар бепре отырып,зеіндерін,логикалық ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту,сөздік қорын байыту.
Тәрбиелік: Балаларды қйымшылдыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сөздік,сұрақ жауап,көрнекілік,ойын.
Көрнекілік: геометриялық пішіндер,сандар,үлестірмелі материалдар,слайд.
Іс – әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық Шаттық шеңбер.
Қайырлы таң ормандар мен далалар,
Қайырлы таң достасқан бар балалар.
Қайырлы таң біздің балабақшамыз,
Қайырлы таң бақшадағы ұл мен қыз.
Қайырлы таң қыздар,
Қайырлы таң ұлдар.
Қайырлы таң апайлар.

Шеңберге тұрып шаттық шеңберін жасайды

Ұйымдастыру- іздестіру
Балаларға қызықты ұсыныс жасайды.Әуешармен «Білімдер еліне саяхат» жасауға.
1-тапсырма:
— Балалар, «Білімдер еліне саяхатқа» барғыларың келеді ме?
— Ия барармыз.
— «Кім шапшаң?»сұраққа тез жауап беру.
— Біз қай қалада тұрамыз?
— Көкшетау қаласында.
— Біздің мемлекетіміз қалай аталады?
— Қазақстан.
— Жыл мезгілдерін ата.
— Қыс,көктем,жаз,күз.
— Кәзір жылдың қай мезгілі?
— Көктем.
— Кемпірқосақта неше түс бар?
— Жеті түс.
— Бағдаршамда неше көз бар?
— Үш көз бар.
— Орманды күзететін,тазалығына жауап беретін адамды қалай атайды?
— Орманшы.
— Адамның қолымен жасалған құстың үйін не дейді?
— Ұя.
— Кірпі,аю қыста не істейді?
— Ұйықтайды.
— Не өз үйін көтеріп жүреді?
— Ұлу.
— Жарайсыңдар,балалар!
2-тапсырма:
Логикалық есептер:
1.Қонжық біреу,табаны нешеу?
2.Екі қоянда неше құлақ бар?
3.Үш құс отыр еді,оған жеті құс келіп қонды?
Барлығы неше құс болды?
4.Ағаштағы төрт алмұрт,
Піскен екен тимей құрт.
Самат алып екуін,
Қалдырған екен нешуін?
5.Екі балапан тұр,
Екі балапан отыр.
Шатаспай тез ойлансақ,
Тұрғаны бар,отырғаны.
Барлығы қанша балапан?
3-жалғасын тап:
Ата бәтерек
Бала жапырақ

Ана көрген тон пішер
Әке көрген оқ жонар

Оқу білім бұлағы
Білім өмір шырағы

Отан оттан да ыстық

Сергіту сәті
Слайд арқылы қайталап жасау.
«Қай ертегінің кейіпкері» тақтада ілулі тұрған суреттерге қарап айтып беру.
4-тапсырма:
«Сиқырлы пішіндер»
Геометриялық пішіндер арқылы түрлі суреттедің бейнесін жасау.(үй,зымыран,қайық)
5-тапсырма:
«Ғажайып әріптер» Үрлеу арқылы сөздерді оқып,оларды буынға бөліп,дыбыстық талдау жасау.

Балалардың жауабы тыңдалады.

Балалрдың жауабы:автобус,троллейбус,
жеңіл машина,пойыз,ұшақ.

гаражға
автотұрақта
жауыптар тыңдалады.

ия

Рефлексивтік — түзетушілік Қорытындылау
Жарайсыңдар балалар «Білімдер әлеміндегі»тапсырмалар ұнады ма ?
Мақтау,мадақтау.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: тапсырмаларды орындау.
Қандай түсініктерді игерді: логикалық тапсырмаларды орындай отырып,қоршаған орта туралы түсініктерді.
Меңгерген дағдылары
мен іскерліктері: Зейін қою,тапқырлық дағдыларын.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *