Қызды тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу

Байдышева Ұлзира Дәстенқызы

Ақтөбе қаласы, №54 негізгі мектебі

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

 

Қызды тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу

 

Ата — бабаларымыз қызды қонақ деп есептеген, барған жерде бағының ашылуын үйде отырып қамдаған. Барынша ізетті, сыпайы, мейірімді де ісмер, қылықты да қырмызы болуын үнемі қадағалап отырған. Еркін ұстаған, бірақ тым еркінсітпеген.«Қыз — өріс, ұл-қоныс» деп білгендіктен қазекем өрісін кеңейтер қыз балаға айрықша көңіл бөлген. «Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» дей отырып, «Қызға қырық үйден тыйым» жасайды. Қыз тәрбиесіндегі жеңге ролі де көзден таса болмайды. «Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді келеді».Өйткені әке — шеше айта алмаған сырды жеңге жеткізеді. Қыздың балғын болмыс бітімі мен тәрбиесінің басы қасында аяулы жеңгелер жүреді.Сүйген жігіті мен екі арадағы әдепті қарым — қатынастың табиғи өрбуіне сеп болатын осы жеңгелер.
Ата-ана қызынан ешнәрсені аямайды. Оның ешнәрседен мұқтажсыз, бұла өсуін қадағалайды. өйткені қызға бергенді қызыр өтейді деп біледі. Сонымен бірге қазекең қызды бетімен де жібермейді. «Қызды қымтап ұстаған ұялмайды» дей отырып, оларды қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға шоқтырмай өсіруды парыз санайды. Олардың ар ұятының сақшысы бәріне жауапты екенін ешуақыт ұмытпаған. Содан да болар, бір жағынан «қыз бен жылқы жаудыкі» деп қыз тәрбиесіне мейілінше сақ қарайды. «Қыз баққанан қысырақ баққан оңайлығын» жадынан шығармай баянды отанын тапқанша өзінің, жауапты екенін еш ұмытпаған. Сөйте тұра қызды жағадағы құндыздай күтеді.«Күйеу жаман болса қызыңнан» деуінде үлкен мән бар. Өзінің отбасында керекті тәрбиенің бәрін көріп өскен қыз бала, соған қоса мінезді де қылықты болса, парасатты да пайымды болса екен дейді. «Қызды күте алмаған күң етеді, жібекті түте алмаған жүн етеді» мұның көбі, негізінен қыздың шешесіне байланысты дүниелер. Сондықтан, қыз көретін жігіттер, алдымен жеңгесі арқылы шешесінің қандай адам екенін анықтағысы келеді. «Шешесі жаманның қызын алма, немесе «шешесін көріп қызын ал» деуге осындай мақсат бар.Заманның бағыт бағдарына қарай мақал мәтелдер де түрленіп, өзгеріске түсіп отырады. «Шешесі отырып, сөйлеген қыздан безін» деп келе, қыздың жақсысын іздейді. «Ақылды қыз білімге жүгінер, ақылсыз қыз сөзге ілігер» деп біледі. Осындай негізгі тәрбиелік жұмыстарды жүргізіп алған соң, қазекеңнің құдайдан тілейтіні қызының барған жеріне тастай батып судай сіңуі. Барған жерінде бағының ашылғанына қатты қуанады, бағы тайса қатты күйінеді. Қорқатыны — «қайта шапқан жау жаман, қайтып келген қыз жаман» екені.«Шыққан қыз шиден тысқары» қыз баланың ендігі жердегі тіршілігі шектеулілеу болатыны. Ол келіндік және әйелдік дәуір. Бұл қыз бала үшін мейілінше жауапты кезең. Жаңа түскен келінге сыншы да, мінші де көп. Ол енді төркінінде алған тәрбиенің қаншалықты екенін көрсетуге тиіс. Жеңгесі мен шешесінің көргенін істеп, қайын жұртының көңілінен шығуға тырысады.Қазақ қыздың өз жұрты мен бірге қайын жұртының да тәрбиеге жауапты екенін қатты сезінеді. Оның қандай елге, қандай отбасына келін болып түсуіне көп нәрсе байланысты. «Жақсы елге түскен келін, келін, жаман елге түскен келін келсап». Бұл жерде қайын ененің ролі көріне бастайды. Көбінесе «Келіннің қайын ене топырағынан жаралғандай» болып келуін қалайды. Шынында көргенді елден шыққан қыздың көсегелі елге тап болуы зор бақыттың кепілі.Сонымен бірге келген келін татулық жаршысындай болса деп армандайды. Әсіресе абысындар арасының ынтымақты болуы көзделеді. «Ағайын тату болсааткөп, абысын тату болса, ас көп». «Ағайынныңазарыболса да, безеріжоқ», «ағайынғақарап, мал өсер, ағашқақарап тал өсер» .

Қыз,әйел, абысын ажын, ағайын туралы мақал мәтелдерді саралай отырып, халық даналығына қайран қаласың. Атам қазақ ешбір жарғы, нұсқау жазып әуре болмай ақ әрі қысқа, әрі нұсқа нақылдармен тәрбие тағылымнаң тамаша үлгісін түйіп айтып отырған.Халқымыз «қыз-қонақ» деп, төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балап өсірген. Жалпы бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Ата-бабаларымыз «қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек анасы жауапты емес, бүкіл ауыл, ел жауапты болып отырған.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *