Н дыбысы мен әрпі

БҚО, Қаратөбе ауданы, Сәуле ауылы
Жақсыбай негізгі орта мектебінің
мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі:
Артыкова Мирагул Маликовна

Тақырыбы: Н дыбысы мен әрпі
Білім беру саласы: Коммуникация
ҰОҚ: Сауат ашу негіздері
Бөлім: Тыңдалым және айтылым
Бөлімше: 1.1 Сөздің дыбысталу формасын ажырату
Оқу мақсаттары:
0.1.1.2 Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау
0.1.1.3 Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын және орналасу ретін анықтау
ҰОҚ-нің мақсаттары:
— Сөздегі Н-дыбысының, дауысты, дауыссыз дыбыс екенін ажыратып, дұрыс дыбыстайды.
— Сөздерді буынға бөліп, сөздегі буын санын және орналасу ретін анықтайды.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Ойын, ұжымдық, топтық, жеке жұмыс, сұрақ-жауап әдісі, қалыптастырушы бағалау түрлері.
ҰОҚ-нің басталуы:
Психологиялық ахуал тудыру сәті
«Өрмекші торы» жаттығуы
Шарты: Балалар шеңберге тұрады. Жіпті беру арқылы бір-біріне тілектерін айта отырып бір-бірін біріктіретін үлкен бір түсті өрмекшінің торын құрайды.

Ширату сұрақтары:
-Дыбыс дегеніміз не?
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?
— Дауыссыз дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?
Текшелердің түстері арқылы топтарға біріктіру.
Бастапқы білім:
«Кубизм» әдісі
Шарты: Балаларға А дыбысынан басталатын суреттер жапсырылған текше беріледі. Текшені айналдыра отырып, заттың атауын тауып, қандай дыбыстан басталып тұрғанын және сөздегі буын санын топпен бірге анықтайды.
ҚБ: Мадақтау (Жарайсың! Керемет! Өте жақсы!)

Негізгі бөлім:
Миға шабуыл: Жұмбақ шешу
Асты тас, үсті тас
Ортасында піскен ас
Ол не?
-Нан
-Нан сөзінде қандай дыбыс бірінші естіледі?
-Н дыбысы

Бүгін біздер ұйымдастырылған оқу қызметінде Н-әрпімен танысатын боламыз.
Бізді сыйқырлы кітап видио арқылы Н əрпімен таныстыратын болады. Балалар Н дыбысын қайталау арқылы оның айтылуына қарап дауыссыз дыбыс екенін ажыратады. Ол көк түспен берілген. Балалар Н дыбысының айтылуын үйренеді.
ерін сəл ашылып,жіңішкерген тіл ұшы,жоғары көтеріледі де,үстіңгі тістің үстіне тиеді,тілдің алдыңғы екі шеті үстіңгі тістерге қатты жабысады.Тілдің төмен түсуінен«н»дыбысы жасалады
Сергіту сәті: «Жасырын әріп»
Өз қызығушылығымен 1 бала ортаға шығады, тәрбиеші оның артында тұрып, бірнеше әріпті көрсетіп жасырады, ал топтағы балалар ым-ишара арқылы ғана түсіндіреді.
Ортадағы бала қандай әріп жасырылғанын табады

Топтық жұмыс:
1-топ: А, Н дыбысынан басталатын заттарды тауып топтастыру.

2-топ: Мнемокесте арқылы тақпақты құрастыру.

ҚБ: «Отшашу» әдісі
Топтар бірін-бірі отшашу арқылы бағалайды.

Жеке жұмыс:
Н əрпін қағаз қыстырғыштардан бейнелеп көрсету.
ҚБ: «Жұлдызшалар» әдісі
-Бәрі дұрыс- жұлдызша
— Жартылай дұрыс- жұлдызша
— Орташа — жұлдызша

Қорытынды бөлімі:
Кері байланыс: «Аялдама» әдісі
Балалар автобус болып жүре отырып, әр аялдамада жасырынған сұрақтарға жауап береді.
Бүгін сабақ сіздерге ұнады ма?
Не үйрендік?
Не ұнады?
Не қиын болды?
Не білгілеріңіз келеді?
Рефлексия бағалау.
«Бағдаршам» әдісі бойынша бағалау
Ештеңе түсінбедім – қызыл түспен,
Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары түспен,
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл түспен

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *