Критериалды бағалау технологиясы

Критериалды бағалау технологиясы

 

Тәуелсіз елдің өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш-білім және білімді ұрпақ. Сол себепті Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті  Н.Ә. Назарбаев өзінің Жолдауларында білім саласына айрықша көңіл бөліп, еліміздің жарқын болашағы білікті де парасатты жастардың қолында екенін назардан тыс қадырған емес. Жастарды әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын ету, оларды бәсекелестікке қабілетті жеке тұлға ретінде қалыптастыру-бүгінгі қоғам талабы.

Мұндай тұлғаға бірінші кезекте қойылатын нақты талаптар — белсенділік, жауапкершілік, шығармашылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру және нәтижеге жету үшін оқушы білімін бағалауды жаңа бағытта ұйымдастыру қажет.

Аталған қажеттілікті шешу жолдарының бірден – бір жолы – оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптама жүргізу бағалауды тиімді жүзеге асыру. Осы мақсатта «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты  Ақтау қаласының  №4 гимназиясында орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәні мұғалімдерімен «Қазақ тілі сабағында оқушылардың білімін критериалды бағалау техналогиясы» тақырыбымен облыстық оқыту семинарын ұйымдастырды.

Семинар жұмысы білім беру мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілі пәні мұғалімдерінің педагогикалық шеберліктерін, білім беру жүйесіне критериалды бағалауды енгізу тұрғысынан педагогтердің  кәсіби біліктілігін жетілдіру, оқушылар жетістіктерін жаңа жағдайда бағалауды жүргізу бойынша тәжірибе алмасу мақсатымен өткізілді.

Ақтау қаласының №10 жалпы білім беретін мектеп директоры Б. Испекеев мектеп тарихымен, қазіргі таңдағы ұжым атқарып отырған жұмыстармен таныстырды. Осы мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі А. Измағамбетова 1-сыныпта «Мен ертегі білемін» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ойые әдістеріне негізделген сабата мұғалім оқушылар белсенділігін шеберлікпен ұйымдастыра білді. Оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау мақсатымен «Көз жұмбақ»ойынын пайдаланды. Ойын шарты бойынша оқушылар көздерін жұмған күйі есту арқылы өз ойларын саусақтарымен көрсетті. Сонымен қатар оқушылар сөздік дәптерді пайдалану арқылы да көру, есту, орындау (КТО) жұмыстарын сәтті орындады. Оқушылардың өзара және мұғалімнің бағалауы сабақтың әр кезеңіне сай жүргізілді.

Келесі сабақты №4 гимназия мұғалімі С. Бибекова жүргізді. Оқушылар оқитын сынып бөлмесіне кіргенде бейне ертегі кейіпкерлерінің ортасына түскендей әсерде болдық. Ертегі кейіпкерлерінше әсем және талғаммен киінген оқушылар сабақ тақырыбынан хабар бергендей еді. Оқушылар алдыңғы сабақта өтілген  «Мақта қызы мен мысық» ертегісі бойынша берілген суреттердегі кейіпкерлер аттарын атап, диалог құрастырып, сахналық көріністер көрсетті. Оқушылар білімін бағалау сабақтың әр кезеңі бойынша тиімді жүзеге асырылды. Әр оқушы түрлі-түсті ою өрнектері арқылы бірін-бірі бағалады.

Осы мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі Ж.Өзбекованың 7-9-сынып оқушыларымен дайындаған «Шақырады көктем» әдеби – сазды шарасы да сәтті шықты. Оқушылар қазақ тілінде ақын өлеңдерін оқып, ән айтып, би билеп, семинарға қатысушыларға әсерлі көңіл-күй сыйлады.

Критериалды бағалау түрлерінің оқыту үрдесінде жүзеге асырылуы  Жаңаөзен қаласының №16 бастауыш мектеп мұғалімі Г. Мусабаеваның  «Оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіру», Ақтау өаласының №12 жалпы білім беретін орта мектебінің мұғалімі С. Мұхамбеттің  «Критериалды бағалау-шынай бағалаудың тиімді жолдары» баяндамаларында көрініс тапты.

Семинар жұмысында өткізілген щаралар, қарастырылған және талқыланған мәселелер бойынша Мұнайлы ауданының білім үйлестіру орталығының әдіскері Ж.Аюпова, Түпқараған ауданының М. Горький атындағы мектеп-лицейінің мұғалімі Г. Тәжіғұлова, пән мұғалімдері өз пікірлерін білдірді. Семинар жетекшісі Ж. Нығмет өткізілген шараны қорытындылап, жұмысқа белсене қатысқан мұғалімдерге институттың Құрмет грамоталарын, Алғыс хаттарын табыстады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *