Қашықтықтан оқыту — заман талабы

Қашықтықтан оқыту – заман талабы

 

Қазақстан аумағында төтенше жағдай жариялануына байланысты еліміздің барлық білім беру мекемелері мен оқу орындары қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті. Қашықтықтан оқыту – оқытушылар үшін жаңа дүние, ал жаңа дүниенің қызығы мен қиындығы қатар жүретіні белгілі.

Сарқан политехникалық колледжі білімгерлермен оқытушыларға короновирус аурудың белгілері туралы колледж директоры мен медбике түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен инфекцияның алдын алу шараларын ескеріп: жеке гигиена, сырттан келген білімгер жиі қол жуу және бет маскаларын дұрыс қолдануын айта кетті.

16 наурыз Whatsap арқылы білімгерлердің ата-аналарына, топ білімгерлеріне «Біздің колледжімізде қашықтан оқыту жүйесі» туралы жиын ұйымдастырылды. 16 наурыздан бастап әрбір оқытушы әр топқа Edupage платформасы, Zoom және Bandicam бейне сабақтар арқылы білім беруде. Білімгерлер кері байланыс орнату Edupage платформасы арқылы жүзеге асырылуда. Оқытушылар оқытудың ең тиімді әдіс-тәсілдерін қолданса, білімгерлерде тапсырманы бар ынталарымен сапалы орындауға тырысуда.

Сондықтан білімгерлердің оқу бағдарламасын толық игеріп сапалы білім алуына бар күш жігерін салуы қажет. Бұл қашықтықтан оқыту технологиясы білімгерлердің көбірек өзіндік жұмыс жасауына мүмкіндік беріп, компьютерлік сауаттылығын жетілдіруге өз үлесін қосады. Сонымен бірге, білімгермен оқытушы арасында кері байланыс орнату, бағалау сияқты мүмкіндіктер жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда емтиханды Сарқан политехникалық колледжі Zoom арқылы қабылдауда, білімгерлердің көпшілігі өз нәтижелерін көрсетуде.

Әрбір білімгер дарынды, тәрбиелі екендігіне сендіру оқытушы бойындағы құдіретті күш. Өйткені, сенім үлкен жеңіске жетелейді. Білім беру – әрбір ұстаздың абыройлы борышы.

 

 

 

Сарқан политехникалық колледжінің

қазақ тілі мен қазақ әдебиет пәнінің

оқытушысы Болысбекова Ж.К.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *