Сабын көпіршіктерімен ойын
ІІ кіші тобына арналған
ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы
Тақырыбы: «Сабын көпіршіктерімен ойын» (ауладағы жазғы ойын әрекеті)
Мақсаты:
- Балаларға сабын көпіршіктерімен ойнау ережерелерін үйрету;
- Терең дем алу, дем шығару жаттығуларын ойын арқылы дамыту;
- Қауіпсіздік ережелерінің қарапайым қағидаларын есте сақтауға, достарна қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Қостілділік компонент (сөздік жұмыс): сабын көпіршіктері –мыльные пузыри; вредно –зиян; туған күн –день рождения; құттықтау –поздравить.
Керекті материалдар: Бала басына сабын көпіршіктері, « Туған күн» сюжеттік ойыны.
Қызмет-
кезеңдері |
Тәрбиеші әрекеті | Балалардың әрекеті |
Мотивациялық
— қозғаушылық |
Тәрбиеші балаларды ертіп, ауладағы күркеге жақындап келгенде, көңілсіз отырған Айгүл атты қуыршақты байқап қалады.
-Балалар Айгүл қуыршақ неге көңілсіз отыр екен? -Қалай көңілін көтерсек екен? |
Балалар оқиғаны білуге назар аударады.
Олар ойланады. -Біз таптық, оған мереке жасайық. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | (оқиға әрі қарай күркеде өрбиді)
— Айгүл неге сенің көңіл күйің жоқ? Айгүл үндемейді. -Кәне ,балалар Айгүл неге көңілсіз екенін сұрайық………
–Жоқ, балалар, Айгүл ауырып тұрған жоқ екен, бүгін Айгүлдің туған күні, ал оны ешкім құттықтамаған екен. -Ой, Айгүл біздің балалар білмей қалды, сен ренжіме саған балалар керемет мереке жасайды. –Бірінші біз қуыршақ Айгүлге арнап ән саламыз:
— Енді балалар, құттықтау тілектеріңді білдіріңдер.
— Балалар Айгүл сендерге алғысын білдіріп жатыр.
Балалар, біз қуыршаққа арнап ән салдық, жақсы тілектер айттық, енді ойын ойнайық: — Балалар сендер қандай ойын ойнауды ұсынасыңдар?
— Балалар Айгүлге тосын сый жасайық: Бір, екі, үш! (тәрбиеші сабын көпіршігін қолдану ережесін айтып өтеді)
— Балалар қандай тамаша ,біз бүгін Айгүл қуыршақтың мерекелік көңіл- күйін туғыздық. Ол риза болып қуанып қалды. Рахмет сендерге!
|
Ойланады. Айгүлге сұрақтар қояды.
— Қай жерің ауырып тұр? — Суық су іштің бе? — Әлде біреу ренжітті ме? — Онда саған не болды?
Балалар келіседі.
Балалар қуыршақ Айгүлді ортаға алып шеңбер бойлай тұрады. «Каравай» — әуеніне салып ән айтады.
Балалар өз тілектерін білдіруге тырысады: — Айдай әдемі бол! — Күндей сұлу бол! -Ақылды бол! –Достарың көп болсын! -Айгүл сен ешқашан ауырма!
— «Үрпек төбет», «Күн мен жаңбыр»,«Пойыз»- ойындарын ойнауды ұсынады.
Балалар шеңбер бойлап тұрады,қуыршақты ортаға алады. Барлық бала сабын көпіршігін алып үрлеп қуыршақты қуантады. |
Сергіп дем аламыз:
Қуыршақ, қуыршақ тұршы, Бетіңді жушы, Айнаға қарашы, Шашыңды тарашы. |
Балалар қуыршақты ортаға алып шеңбер бойынша отырады. Әндете отырып, қимылдарды қайталайды. |
|
Сөздік жұмыс: | Сабын көпіршіктері –мыльные пузыри; вредно –зиян; туған күн –день рождения ; құттықтау –поздравить. | |
Рефлексиялық— түзетушілік |
-Балалар, Айгүл неге көңілсіз екен?
— Біз Айгүлдің көңілін көтеру үшін біз не істедік?
-Мереке сендерге ұнады ма? -Иә, балалар сендер бүгін мерекеге өте белсенді араласып өз достарыңа керемет сый жасадыңдар. Рахмет!
|
-Айгүлді туған күнімен ешкім құттықтамады.
— Өлең, тақпақ айттық,тілек білдірдік. -Қызықты ойындар ойнадық. -Сабын көпіршіктерімен тосын сый жасадық. -Иә, мереке бізге қатты ұнады.
Балалар қуанып қалады. |
Мереке әрі қарай жалғасады (аулада көңілді билер биленеді, дербес ойындар ойналады) | Балалар риза болады, қуанды.
Балалар әр түрлі ойындар ойнап, би билейді. |
Күтілетін нәтиже :
Біледі: терең дем алып және дем шығару арқылы, сабын көпіршіктерімен ойнау ережерелерін;
Игереді: қауіпсіздік ережелерінің қарапайым қағидаларын;
Меңгереді: байланыстыра сөйлей отырып, өз ойларын білдіруді; достарына қамқор болуды.