«Ана тілің — арың бұл» (сайыс сабақ)

Сабақтың тақырыбы: «Ана тілің — арың бұл» (сайыс сабақ)

Мақсаты: а) Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын білу.

ә) Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Ұлттық мінез, ұлттық намыс қалыптастыру.

б) Өнерге, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.

Міндеттері: Баланың сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту, ой-өрісін кеңейту, жас ұрпақтың патриоттық сезімін оята отырып, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Түрі: Сайыс сабақ.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, ұлағатты сөздер.

Барысы:

Мұғалім: Саламатсыздар ма, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі «Ана тілің — арың бұл» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында «Ұлттық тіл-қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп көрсеткен болатын. Қазақ тілінің мәртебесін өсіру үшін және мемлекеттік тілімізді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу үшін  еліміздің көптеген іс-шаралар жүргізіліп келеді. 22 қыркүйек-Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының Парламенті «Тіл туралы» жаңа Заңын қабылдады. 2007 жылы «Мемлекеттік тіл жылы» деп жарияланды.

1-айналым. Сайыстың алғашқы шарты бойынша сөз 3 топтың мүщелеріне беріледі. Топ мүшелері өздерін көпшілікке таныстыруы керек.

(Үш топ өздерін таныстырады)

1-топтың аты: «Білімділер»

Ұраны: «Білімділермен дос бол-басыңа іс түскенде ақыл береді»

2-топтың аты: «Білгіштер»

Ұраны: «Білгіштермен дос бол-адамшылығыңды біледі»

3-топтың аты «Бәйтерек»

Ұраны: «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады»

2-айналым. Мен саған, сен маған.

1-топ

1. А. Байтұрсынов кім?

2. Жүз жасаған ақын?

3. Абайдың қанша қарасөзі бар?

4. Ата Заң күні қашан?

5. Қазақтың тұңғыш алфавитін жасаған кім?

6. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?

7. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?

8. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім?

9. Қазақстан жерінен өткен жол

10. «Қазақ вальсінің  королі» атанған композитр кім?

2-топ

1. Абайдың туған жылы.

2. Абайдың қандай өлеңдері бар?

3. ҚР-ның рәміздерін ата?

4. Әл-Фараби өмірге келген қаласы.

5. Ұлттық киімдерді ата?

6. Қандай туыстық атауларды білесіңдер?

7. Түн ұйқысын төрт бөлген адам кім?

8. Адам өміріне не қажет?

9. Ұя салмайтын құс.

10. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?

3-топ

1. Абайдың әжесінің аты кім?

2. Балаларды оқуға шақырған Ы. Алтынсариннің өлеңі қалай басталады?

3. Қандай ұлттық тағамдарды білесің?

4. Ақылды сөзінің түбірі?

5. Инемен құдық қазуға бола ма?

6. Кімнен кім жаман?

7. Тышқан аулағышты 5 әріппен қалай атауға болады?

8. Дүниедегі ең шапшаң нәрсе не?

9. Желтоқсан айы жылдың қай мезгіліне жатады?

10. Желтоқсан айының 1 күні қандай мерекені тойлайды?

3 — айналым. Жаңылмай айт.

— Балалар, сайсымыздың келесі шарты бойынша – жаңылтпаштарды жаңылмай айтуымыз керек. Ақын, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин атамыз: «Жаңылтпаш – бұл сабақ, тәжірибе. Бұл тіл орамдылығы мен ыңғайлылығын  қажет ететін ойнақы да қисынды сөз. Ертеде жаңылтпаш  жиылған жұртты күлдіру, тіл ұстартуды көдеумен қатар, ол өлең, ән білмейтін жастарға берілетін жаза есебінде қолданылған. Жаңылтпаш-ойлы сөз»,-дейді. Осы ойлы сөзді жаңылмай жеткізіп көрейік.

4-айналым. Өлең — сөздің патшасы.

Ендігі кезекті өлең жырларға берейік. (оқушылар өздері жаттап келген өлеңдекрін жатқа мәнерлеп оқуы керек).

5-айналым. Мақал – сөздің мәйегі.

1-топ

1. Тіл тас жарады, тас жармаса… (бас жарады)

2. Бал тамған тілден… (у тамған)

3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты… (сөз бұзар)

4. Жақсы сөз…(жарым ырыс)

5. Қаһарлы сөз…(қамал бұзар)

2-топ

1. Бас кеспек болса да…(тіл кеспек жоқ)

2. Дәлелсіз сөз…(желмен тең)

3. Тіл қылыштан…(өткір)

4. Піл көтермегенді…(тіл көтереді)

5. Тілден артық… (қазына жоқ)

3-топ

1. Ең ащы да тіл, ең…(тәтті де тіл)

2. Өнер алды…(қызыл тіл)

3. Айтылған сөз…(атылған оқ)

4. Жылы — жылы сөйлесең, жылан…(інінен шығады)

5. Басқа пәле…(тілден)

6-айналым. Жұмбақ шеш.

1-топқа берілетін жұмбақтар:

1. Күндіз төбеңе шығады, түнде шегеге шығады. (Бас киім)

2. Бір тайға ұш ағасы міңгесіп жүр,екі інісі ілесіп жүр. (қалам мен бес саусақ)

3. жаңылмастан жетеуі, кезек қызмет етеді. (Аптаның 7 күні)

2-топқа берілетін жұмбақтар:

1. Таудан төмен қар жауар, қозғай берсең көп жауар. (Елек)

2. Аппақ дала қара дән, сепкен дәні түсінуге жараған (Әріп)

3. Әжем сақтар тапқанын,қоймасы бар шап-шағын. (Сандық)

3-топқа берілетін жұмбақтар:

1.Темір таяқты, ағаш таяқты. (Циркуль мен қарындаш)

2. Тілден ұшып, құлаққа жетеді. (Сөз)

3. Сырғалы құлақ бір, үн-түнсіз сұрап тұр. (Сұрақ белгісі)

7-айналым. Ұйқасын тап.

Топ мүшелері 5 минуттың ішінде мына ұйқасқа өлең шығаруы тиіс:

……….бола ма екен,

……….тола ма екен.

………………………….,

………..қоя ма екен.

Мұғалім: Бүгінгі сайыстың соңғы шарты бойынша оқушыларға алдын ала үйге тапсырма берілген болатын. Шарт бойынша оқушылар шешендік сөзерден көрініс қоюы керек. (Оқушылар өздері дайындаған көріністерін көрермен назарына ұсынады).

Қорытынды: Әділқазылар алқасы өз ұпайларын айтып, сайыста жеңіске жеткен топты марапаттайды.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *