Педагогтердің жалақысын ұлғайту бойынша қабылданған шаралар туралы

Педагогтердің жалақысын ұлғайту бойынша қабылданған шаралар туралы

ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңына сәйкес:

2020 жылдың қаңтарынан бастап педагогтердің лауазымдық жалақылары 25%-ға көбейді. Педагогтердің лауазымдық жалақылары жыл сайын 25%-ға өсіп отырады және 4 жылдың ішінде педагогтердің еңбекақылары екі есеге артады.

Сонымен қатар, біліктілік санаты бойынша:
— педагогтерге лауазымдық жалақыдан 30-дан 50%-ға дейінгі мөлшерде;
— мектеп директоры мен олардың орынбасарларына лауазымдық жалақыдан 30-дан 100%-ға дейінгі мөлшерде үстемақылар енгізілді.

2020 жылдың қыркүйегінен бастап дәптер тексеру мен сынып жетекшілігі үшін төленетін үстемақы көлемі екі есеге артады.

Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі бар бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне 10 АЕК (27 780 теңге) мөлшерінде қосымша ақы төленеді.

Одан бөлек, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының тәлімгерлік жүргізетін мұғалімдеріне 17 697 теңге мөлшерінде үстемақы төленеді.

Edu news

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *