Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру Тақырыбы: «Cыйқырлы математика елі»
Технологиялық карта
Білім беру салалары: «Таным», «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Тақырыбы: «Cыйқырлы математика елі»
Мақсаты: Балалардың математикалық білім мен ұғымдар негізінде ақыл –ой қабілеттерін қалыптастыру. 1ден-10 ға дейінгі сандарды тура және кері санай білу дағдыларын жетілдіру. Тура және кері санау дағдыларын үйрету. Қосу және азайту амалдарын суретпен сәйкестендіруді білуге үйрету, есептер шығаруды жалғастыру. Геометриялық фигураларды ажырата білу. Ойлау қабілеттерін арттыру. Сандарды салыстыра білуге, апта күндерімен, уақытты, кеңістікті бағдарлай білуін пысықтау. Алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылығы: Балалардың 10 көлемінде сандық есептеу дағдысын дамыту, дамытушы ойындар арқылы әр түрлі тапсырмаларды орындай отырып салыстыру, ақыл ойларын, танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: балаларды тапқырлыққа , іздемпаздыққа , шапшандыққа , бірлікке тәрбиелеу.
Әдіс –тәсілдері: Сұрақ – жауап, салыстыру, ойын, карточкалар арқылы тапсырмалар, есептер, сурет салу.
Көрнекі құралдар: — 10ға дейінгі сандарға байланысты суреттер мен сандар
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс –әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық
Ұйымдастыру шылық — ізденушілік
«Ой шақыру»
1. Жылдың қай мезгілі?
2. Бүгін аптаның қай күн?
3.Ертең қай күн?
4. Сенбіден кейін қай күн?
5.Ұйықтайтын уақыт қай тәулік?
6. Жаттығу жасайтын қай тәулік?
7. Үшбұрышта неше бұрыш бар?
8. Екі қоянда неше құлақ бар?
9. Дөңгелекте неше бұрыш бар?
-Жарайсыңдар, балалар! Бүгін топқа келе жатсам, біздің топқа арнап жазған хат тауып алдым. Кімнен болды екен, оқып көремізбе?
Салеметсіздерме балалар! Сіздерге сыйқырлы математикалық қалашықтан хат жазып отырмын. Зұлым мыстан кемпір біздің қалашығымызды сыйқырлап тастады. Сандар өз орнын таба алмай, пішіндер өз аттарын білмейтін болды. Апта күндеріде шатасып қалды. Сендер сондай ақылды балдар екендеріңді біліп сіздерден көмек сұраймыз! Сәлемнен математика елінің тұрғындары!
-Балалар математика елінің тұрғындарына көмектесемізбе?
-Ол үшін бізге бірнеше тапсырмаларды орындау қажет.
1-тапсырма: «Қандай пішін артық?»
2-тапсырма: «Көлемдерін анықта»
1. Жалпақ қарындаш нешінші тұр?
2. Жіңіше қарындаштан кейін қандай қарындаш?
3. Сары қарындаш жалпақ қарындашқа қарағанда қандай?
3- тапсырма: «Сандар шатысты»
(Карточкамен жұмыс)
1. Сандарды ретімен қою.
2. Тура, кері санау.
3. Атаған санның көршісін атау.
4. «Орнын анықта» 3 пен 5 тің ортасында қай сан тұрады?
7 мен 8 дің ортасында қай сан тұрады?
1 мен 2 санының ортасында қай сан?
4-тапсырма: « Салыстыру» =
Карточкамен жұмыс
5 4, 6 9, 8 8
Сергіту сәті «Аяқпенен топ-топ-топ»
5- тапсырма: «Ойнада, ойлан», «Сөз жұмбақ»
1. Күн шуақта отырды үш күшік
Келді маңына тағы екі күшік.
Ал, кәнекей санашы
Болды сонда неше күшік?
2.Бес қонжық орманға
Бара жатты қорбаңдап.
Бір қонжық шаршады.
Әрі қарай бармады.
Ал, кәнекей тез айтшы
Қанша қонжық кетті алда?
3.Ағаш басында екі торғай отыр еді.
Оларға тағы екі торғай ұшып келді.
Барлығы неше торғай болды?
6-тапсырма: Мысалдар шығар, есеп құрастыр»
Карточкамен жұмыс
7-тапсырма: «Кеңістікті бағдарлау»
Математика қалашығында сурет салғанды ұнатады екен. Ал олар кеңістікті бағдарлай білмей және түстерді ұмытып қалған екен. Олай болса, біз оларға әдемі сурет салып берелік.
Отырғыштың астына доп сал, оң жаққа жоғарға күнді сал, ағашпен отырғыштың ортасына гүлді, ал сол жаққа жоғарға бұлтты сал, сол жаққа төменге екі саңырауқұлақ сал.
7-тапсырма: «Санның құрамы»
Шығармашылық жұмыс.
Санды суретпен сәйкестендіру. Шатырдағы санмен сәйкес пішін сал.
Балалардың жауабы.
-Ия, көмектесеміз
Тапсырмаларды мұқият тындайды.
-Шеңбер артық. Себебі, шеңбердің бұрыштары жоқ.
Сандарды ретімен қойып тура, кері санайды.
Санның көршісін атайды.
(көрсетеді)
-4
-6
-3
-бірінші
-кішкентай көк қарындаш
Сары қарындаш жіңішке, ал қызыл қарындаш жалпақ.
Сандарды салыстырады.
-Бес күшік
-Төрт қонжық алда.
-Болды төрт торғай.
Балалар мұқият тыңдап кеңістікті бағдарлап сурет салады.
4 санының үйшігіне
төрт дөңгелек, ал 6 санының үйшігіне алты дөңгелек салады.
Рефлексивті
Коррекциялаушы -Жарайсыңдар, балалар!
Біз барлық тапсырмаларды орындадық . Бүгін кімге көмектестік?
Біз бүгін сандарды ретімен қойып тура, кері санадық. Салыстырдық. Жұмбақ шештік. Есептер шығардық. Сурет салдық.
Аудио таспа.
Жарайсыңдар, балалар бәріңде ақылды екенсіңдер. Барлық тапсырмаларды дұрыс орындап мыстан кемпірдің сыйқыры шешілді.
Рахмет сіздерге. Менің сіздерге арнаған сыйлығым бар, қабыл алыңдар.
Сау болыңыздар!
-Сыйқырлы математика еліне.
Балалар қуаныш сезімге бөленеді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: 1-ден 10-ға дейінгі сандарды ретімен, тура және кері санай білуді, сандар емлесін тануды;
Игереді: 10 көлемінде сандық есептеу, салыстыру, санау, топта дағдыларын игеру;
Меңгереді: ауызша есептер шығаруды, кеңістікті бағдарлай білуді;