Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері арасында “Әл-Фарабидің рухани әлемі» атты облыстық интеллектуалды сайыс туралы және шарттары

«Әл-Фарабидің рухани әлемі»  интеллектуалды сайысының

 

Мақсаты мен міндеттері: студенттерді Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірбаянымен және шығармашылығымен, жаһандық ғылым мен мәдениетке қосқан үлесімен  таныстыру, оның шығармаларымен студенттерді ғылымен мәдениетке деген қызығушылығын арттыру;  топтық жұмыс арқылы студенттерді ұжымдастыққа, бірлікке тәрбиелеу; студенттердің сөйлеу мәдениетін дамыту.

— Студенттердің әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау. Жан-жақты болуға қалыптастыру;

— Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру;

— Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру;

— Студенттердің  Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірімен шығармашылығы бойынша білім деңгейін айқындау.

 

Сайыс 4  кезеңнен тұрады:

1-Кезең: «Бәйге»:Сұрақ-жауап

2-Кезен: «Ғажайып жетілік»

3-Кезен: «Полиглот»

4-Кезен: «Шығармашылық жарыс» 2020-«Жастар және кәсіпкерлік жылы» жоба сайысы.

 

Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай  техникалық  және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері арасында “Әл-Фарабидің рухани әлемі»  атты облыстық интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер!

«Білімді болу деген – жаңалық ашуға қабілетті болу» — деп ғалымның сөздерімен бастағым келіп отыр.

Бүгін біз Әбу Насыр Әл-Фарабидің мерей тойына орай  ұйымдастырылған интелектуалды сайысының чемпионың анықтаймыз.  Олар Әл-Фарабидің өмірбаяның, шығармашық жолын, еңбектерін, әрбір нақыл сөздері мен  трактаттарын жатқа біледі. Ондай болса ортамызға брэйнг ринг сайысына қатысушыларды шақырайық. Бүгінгі сайсымызға төрт команда қатысқалы отыр.

  1. «Рухани әлем» тобы Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі .
  2. «Тархан» тобы Жаңаөзен политехникалық колледжі .
  3. «Руханият» тобы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі.
  4. «Болашақ» тобы «Каспий»  педагогика және салалық технологиялар колледжі.

Келесі кезекте әділ төрайым құрамымен таныс болыңыздар.

  1. Епенова Зинайда Әнесқызы Маңғыстау облыстық Техникалық және Білім беру оқу-әдістемелік кабинетінің техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту бөлімінің жетекшісі; төрайымы;
  2. Рахимбек Ержан «Атаменкен» Кәсіпкерлер палатасының Жаңаөзен қалалық филиалының мемлекеттік бағдарламалары бойынша кеңесшісі, мүшесі;
  3. Наурызова Ынташ Алдонғарқызы «Жаңаөзен» қалалық жастар ресурстық орталығы» КММ директорының орынбасары, мүшесі.

Брэйнг ринг сайысымызға қатысушыларға сәттілік тілеп қояйық.

1-турды бастаймыз. Ойын  ережелерімен таныстырып өтейін.

  • Кезең: «Бәйгеде» Сұрақ-жауап: Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірбаянымен және шығармашылығына байланысты 15  сұрақ қойылады.  Әр жауапқа 1 ұпайдан беріледі. Бұл кезеңге команда мүшелері және командалар толық қатысады.
Сұрақтар Жауабы Ұпай саны
1 Әл-Фарабидің толық аты –жөні?

 

Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхамед ибн Тархан ибн Ұзлағ Әл-Фараби  ат Түрки 1
2 Әл-Фараби музыка еңбекгінде неше нотаны белгілеген? Әл-Фараби музыкада 12 нотаны белгілеген, бірақ бүгінгі таңда 7 нотасы ғана белгілі. 1
3 «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері» атты еңбегі қай қалада жазып бастады? 942-943ж.  Шам қаласында 1
4 Әл-Фарабидің физика саласындағы көрнекті еңбегі қалай аталады? «Вакуум»

 

1
5 Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай Роллан Сисенбаевтың құрастыруымен «Әл-Фарабидің мұрасы» 7 томдық кітабы қай тілдерде басылып шығарылды? Қазақ және орыс тілдерінде 1
6 Әл-Фараби неше жасында дүниеден өтті және қай жерге жерленген? 80 жасында, Сирия жерінде

Баб-әс-Сағир зиратында жатыр

 

1
7 Әл-Фарабидің медицина саласы бойынша атақты ғалым тәлім алған  шәкірті кім? Әбу Әли ибн Сина (Авицена) 1
8 Зерттеулер бойынша Әл-Фараби нешеге жуық трактаттар жазып қалдырған? 150-ге жуық 1
9 Қазақстанда ұлы ғұламаның атына берілген білім ордасы? Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 1
10 Әл-Фарабидің ойларын Абайдың  қай еңбектерінде кездестіруге болады? Абайдың «Қара сөздері» 1
11 Әл-Фарабидің музыка теориясына арналаған  еңбегі қалай аталады? «Музыканың ұлы кітабы» 1
12 Әл-Фарабидің арифметика саласында қандай еңбегі бар? «Теориялық арифметикаға қысқаша кіріспе» атты еңбегі 1
13 Ойшылдың ойлап шығарған домбырасы қалай аталады? «Қыпшақ» домбырасы.

 

1
14 Әл-Фарабидің пайымдауынша адамның ең негізгі мүшесі ? Жүрек.  Мұны тәннің ешқандай мүшесі білмейді 1
15 Профессор Жақыпбек Алтайұлының зерттеуінше ғұлама ойшыл нешеге жуық тілді меңгерген ? 70-ке жуық 1
16 Әл-Фараби ғылымдарды басты қандай салаларға бөлген? Теориялық ғылымдар, практикалық ғылымдар 1

Сайысқа қатысушыларды қошеметтеп отырайық. Осымен 1-тур «Бәйге»  сайысы аяқталды. Сайысмыздың 1-ші тур қорытындысы бойынша ойынды “Болашақ» тобы бастайды. Ойын ережесімен таныстырып өтейін.

2-Кезен: «Ғажайып жетілік» Бұл кезеңде ұяшықтар беріледі. Ұяшықтар әртүрлі тақырыпқа бағытталған. Ұяшық атаулары: «Философия», «Логика», «Музыка», «Астрономия және геогрметия, математика»,  «Қоғам»,  «Әл-Фараби даңғалығы» , Аралас. Ұпайы  жоғары топ ұяшық таңдап ойынды бастайды. Дұрыс жауап берген топ таңдау құқығына ие.

Сұрақтар Жауабы Ұпай саны
ФИЛОСОФИЯ
Философ шығармаларын қандай түрлерге және санатқа бөлген ?

 

 

Философ шығармаларын 2-і санатқа бөлген.

1-ші ғаламның заңдары, адам өміріне  және дүние танымына арналған. Математика, астрономия және геометрия ғылымдарына байланысты.

2-сі жабайы жануарларға арналған жұмыстар мен олардың қолданыстағы заңдарын қамтиды. Химия, биология, медицина, оптика, физика ғылымдарын қамтиды.

20
Философтың ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі? «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты трактатттары 10
ЛОГИКА
Әл-Фараби «Жас ұрпақтың сана-сезімін қалыптастыру үшін 3 нәрсенің ерекшелігін жүйелеп дәйектеу шарт деген»  қай ерекшеліктерлі атады? 1.Баланың ішкі ынта-ықыласы, құмарлығы;

2. Ұстаз шеберлігі, ар тазалығы;

3.Сабақ процесінде алатын орны.

10
Әл-Фараби ұстаздық мінез-құлық нормасын қалай сипаттайды? Ол тым қатал да болмауы керек, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек. Өйткені аса қаталдық –шәкіртті өзіне қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру-қадірін кетіреді, берген білім мен ғылымына шәкірт селқос қарайды.     30
МУЗЫКА
Ойшыл ғұламаға Әбу-Жағфар Мұхамед ибн- әл-Касим әл-Кихри уәзірдің өтініші бойынша туындаған «Музыканың үлкен кітабы» туындысы  немен ерекшеленді? Ғұлама бұл еңбегінде математикалық тәсілдерді пайдалау арқылы музыкалық дыбыстарды тұңғыш рет қағаз бетіне түсіріп, нотаны алғаш дүниеге келтірді. Қазақ домбырасын дүниеге әкелген. 10
Аль-Фарабидің «Ғылымдар классификациясы» атты еңбегінде музыка ілімінің теориясын қандай салаларға бөлді?

 

 Әл-Фараби музыка теориясын 5 салаға бөледі.

1.Музыка туралы ілімнің, негізгі, зерттеу обьектісі, тәсілдері.

2.Музыка ілімінің негізгіздері, тондардың өзара байланысы мен қатынасы.

3.Музыка теориясының негізгдерін зерттеу тәсілдерін қолдана білу.

4.Тондардың негізін құрайтын  музыкалық ырғақтар табиғаты.

5.Музыка әуен, оны шығару жолдары.

20
АСТРОНОМИЯ ЖӘНЕ  ГЕОМЕТРИЯ МАТЕМАТИКА
Әл-Фараби астрономия және геометрия  ғылымлары нәтижесінде қандай жетісітктерге жетті?

.

 

Ол оптикалқы аспаптар жасаған.  Ойыс парабола айна, уақыт өлшегіш күн сағатын жасап шығарған.

Ғылымда көлеңке өлшеу, күн сағаты арқылы жердің меридианын табу Әл-Фарабидің әдісі деп саналады.

10
Әл-Фараби астрология ғылымын зерттеп қандай  шешім шығарған? Астрология жалғандығына көзі жеткененен соң біржола қолын үзді.  Астрология гороскоп болашақты білу надандық, болжау дінге қарама-қайшы деген 30
ӘЛ-ФАРАБИ ДАНАЛЫҒЫ
Бір күні әлде кім Әбу Насыр Әл-Фарабиге тамаша болып толыса піскен алманы көрсетіп, сауал қойыпты: «Осы алманың бітім-болмысындағы жақсы қасиет не? Түсі ме, шырыны ма, дәмі ме, әлде бітімі ме?» «Бәрінен де оның ұрығы тамаша. Өйткені, осы алманың өзі сол ұрықтан өсіп шыққан және одан бүкіл бақ пайда болды ғой!» – деп жауап берген екен.

 

10
Шығыс әмірлерінің бірі әл-Фарабиді сарайына арнайы шақырып, мынандай сауал қояды:

– Уа, Екінші ұстаз, менің мемлекетімнің болашағы қандай күйде болмақ? Болжамыңды естігім келеді, − дейді.

– Еліңнің болашағын білгің келсе, маған жастарыңды көрсет, сонсоң айтып берейін, − деген екен.

 

30
ҚОҒАМ
Қоғамды Әл-Фараби қандай түрлерге бөлді неге?

 

Қоғамды Әл-Фараби толық және толық емес деп екіге бөлген. Қоғамдық дәрежеде ұйымдасқан адамзат – ол белгілі халытың өмірі, кіші-ол белгілі бір жерде орналасқан кешен-қала, ауыл сонда тұратын адамдар. Толық емес қоғамға-белгілі бір ауылда, қаланың бір көшесінде тұратын адамдар. Олар өз-өздеріне жеткіліксіз сондықтан олар толық емес деп атады. 10
Әл-Фарабидің «Игілікке бағытталған қала» трактаттарын қалай сипаттайды?

 

 

Игілікке бағытталған қалада адамдар бір-біріне көмектесіп, бақытқа жетуге тырысады. Ол қала кемеліне келген адамның денесіне ұқсайды. Онда барлық дене мүшелері бір-бірімен тығыз үйлесімді байланыста, олар әр-түрлі өздерінің табиғаты мен қабілеті бойынша өмір сүреді. Адамдары әр-түрлі болса да қала басшысына бағынып , келісіп іс-әрекет жасап өмір сүрулері керек. 20
АРАЛАС
Әл-Фарабидің «ақыл», «қайрат», «жүрек» сияқты ұғымдарын Абайдың қай өлен шумақтарында аса дарынды сөз зергер шумақатырмен  оқырмандарға зор шеберлікпен жеткізген? «Әсемпаз  болма әрнеге» … атты өленіңде.

 

20
Шығыс философтары оны «Екінші ұстаз»  деп неге атаған? Әлемдік ғылымға 2-ші өмір сыйлағаны үшін. «Екінші ұстаз» атанды. 10

Осымен  2-Кезен: «Ғажайып жетілік» туры аяқталды

 

3- Кезен: «Полиглот»   Әбу Насыр Әл-Фарабидің нақыл сөздерін жалғастыру. Белгіленген сөзді  қазақ, орыс, ағылшын тіліне аударады. Әр дұрыс  жауап 1 ұпай болып есептелінеді.

 

Сұрақтар Жауабы Ұпай саны
1 Өрге жүзген өнегелі ісімен,
Таңда адал  …..    өз теңіңнің ішінен.
Дос , друг, friend

 

3
2 Жүргендер көп достық атын малданып,
Қалмағайсың сен де бірде___________ .
Алданып, обманутый, cheated

 

3
3 Дүниедегі ең оңай нәрсе-біреуге _______айту. Ақыл, совет, mind 3
4 Ең тамаша әрекет — бақытқа қол жеткізетін _________ . Еркіндік, свобода, libety

 

3
5 Ғақлия көзбен қарасан, Дүние-ғажап, сен –есік.

Жаһлы көзбен қарасан, Дүние – қоқыс, сен — __________.

Меншік, собственность, own 3
6 ___________  — рухтың, құмарлық пен ынтызарлықтың, әр алуан көңіл күйдің ісі. Музыка,  музыка, music

 

3
7 Сұлу саз жан ______________ .

 

Сергітеді, тонизирует, refreshing 3
8 Тән ауырса –  ___________  да ауырады.

 

Жан, душа, soul 3
9 Мінез бен ақыл жарасса –      ________ұтады.

 

Адамгершілік, человечность, humanity

 

3
10 Шын беріліп қызықтаған нәрсе ғана _____________жетеді. Жүрекке, к сердцу,  to the heart

 

3
11 Маған жақсы мұғалім бәріненде қымбат, өйткені мұғалім   мектеп _____. Жүрегі, сердце, heart 3
12 Мінез – жанның__________ .

 

Айнасы, зеркало, mirror 3
13. Тіршілікте құрыштай бол төзімді,

Сан мәрте ел алдаса да ___________

Өзінді, себя, yourself 3

 

4- Кезен: «Шығармашылық жарыс» (Үй жұмысы)

2020- Жастар және кәсіпкерлік жылы болып қабылданды. Осыған байланысты  жоба қорғау (еркін-ой, тын идеялар). Қорғау уақыты —  5мин. Жоғары ұпай – 30.

«Музыкалық таймаут» ортаға 3БББ-17б/б студенті Изтурганова Альфияны «Туған жер» атты әнімен қарсы алайық.

Сөз кезегін әділ қазыларға берейік.

Сайыс қорытындысы бойынша:

1-ші орынды «Болашақ»  тобы  «Каспий»  педагогика және салалық технологиялар колледжі ие болды.

2-ші орын «Тархан» тобы  Жаңаөзен политехникалық колледжі  .

3-ші орын . «Руханият» тобы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі.

«Рухани әлем» тобы  Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі  қатысушы ретінде сертификатқа ие болды.

Құтты болсын жеңістерініз! Осымен біздің мерекелік брэйнг ринг сайысымыз аяқталды.

 

Сайысты ұйымдастырушы және жүргізушісі: Бекбаева Арай Жанатовна арнайы пән оқытушысы.

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *