Көңілді дәрумендер
Білім беру саласы: «Шығармашылық».
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Мүсіндеу
Тақырыбы: «Көңілді дәрумендер»
Мақсаты: Балаларға дәрумендер туралы түсінік беріп,білімдерін кеңейту;олардың дене дамуына қосатын үлестері туралы айту,адамға күш-қуат беретіндігін түсіндіру. Жемістер мен көкөністерде қандай дәрумендер болатынын жөнінде айту.Тазалыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілдер: Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: Жемістер мен көкөністердің муляждары,слайд,ермексаздар,
тақтайшала,сүлгілер,бос дәрумендердің ыдыстары,алжапқыш және орамал.т.б
Оқу қызметінің
Кезендері |
Тәрбиешінің қызметі | Балалардың қызметі |
Мотивациялық—
қозғаушылық |
Балалар,айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі,жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз.Ендеше,қол ұстасып,бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен сулылық тілейік.
Шаттық шенбері Кел балалар,келіңдер, Жақын келіп,тұрайық. Шеңберді біз құрайық, Таңертең ерте тұрайық. Беті қолды жуайық, Тісімізді тазалап. Денсаулықты сақтайық.
-Балалар,казір жылдың қай мезгілі? -Күз айларын атап беріңдерші? -Күз мезгілінде ауа -райы қандай болады? -Суықта тоңып қалмау үшін не істеуіміз керек? -Күз туралы жақсы біледі екенсіздер. -Дұрыс балалар дәрумендерді көп жеу керек.
-Балалар,енді біздер дәрумендер туралы айтып көрейік. -Дәрумендерді қайдан аламыз?
-Біз қандай жемістерді білеміз? -Ал көкөністер ше? -Жемістер қайда өседі? -Ал көкөністер қайда өседі?
|
Балалар шеңберге
Тұрып өздерінің көңіл күйлерімен бөлісіп, шаттық шеңберіне тұрады.
-Күз мезгілі.
-Қыркүйек, Қазан,Қараша. Суық,жаңбыр жауады,жел соғады.
-Қалың киіну керек,дәрумендер жеу керек.
-Көкөністерден, Жеміс-жидектерден.
-Алма,алмұрт,банан -Қияр,картоп,сәбіз. -Бақта өседі. -Бақшада өседі. |
Ұйымдастырушылық -ізденістік | -Балалар бүгін біздің оқу қызметіміде жемістер мен көкөністердің адам денсаулығына пайдасы жайлы біліп,қажеттілігін айтамыз.
Слайдпен жемістер мен көкөністердің суреттерін көрсету. -Балалар мына суреттердегі жемістерді атаңдаршы?( Көрсету) -Ал енді көкөністерді атаңдар? -Бұл жемістер мен көкөністердің біздің денсаулығымызға әсіресе,өсіп келе жатқан сендерге өте қажет өйткені бұларда дәрумендер көп. -Дәрумендердің А,В,С,Д,Е, деген түрлері болады. -Оларды біз күнделікті ішіп жүрген тағамдарымыздан кездестіреміз.
Мысалы; «А» дәрумені; қызыл бұрышта,сарымсақта,қызанақта бар. «В» дәрурмені; қиярда,қырыққабатта,сәбізде кездеседі екен. «С»дәрумені; қарақатта,лимонда, мандаринде кездеседі. «Д»дәрумені; Алмада,алмұртта,пиязда, жүзімде. -Осы дәрумендерді көп жесеңдер суыққа төзімді боласыңдар,сүйектерің қатаяды,бұлщық еттеріңе күш береді.
Микроб; -Сәлеметсіздер ме,менің әлсіз де,кішкентай балаларым. -Мен микроб деген патшаларым боламын. -Сендер мені күттіңдер ме? -Мен жеміс-жидектерді жумай жейтін балалардың қасында жүргенді ұнатамын.
Тәрбиеші;Біз сізді шақырған жоқпыз. -Біз жемістерді жақсылап жуып жейміз ғой балалар. Микроб; -Сендер менімен қалай күресу керек екенін біледі екенсіңдер! -Менімен дос болмасаңыздар мен сіздерді сиқырлап тастаймын.
Бала; Біз сенің сиқырыңа сиқырланбаймыз, сенімен күресудің жолын білеміз,бетперде киеміз,дәруменді көп жейміз,денсаулығымыз күшті.
Тәрбиеші; —Микроб сен онда біздің көкөністер мен жемістердің балалардың денсаулығына қаншалықты пайдалы екенің тыңда. —Балалар жемістер мен көкөністер туралы қандай тақпақтар білеміз?
1.Мен алмамын,алмамын, Денсаулыққа пайдамын, Сусынымды ішсеңіз, Көп ауруды жазамын.
-Балалар алмада «Д» дәрумені бар. Ол бақта өседі.Алманы жуып жеу керек.
2.Мен сәбізбін,сәбізбін, Емдік қасиет беремін. Көп ауруды жазамын, Емделем десең әзірмін.
-Балалар сәбізде «А» дәрумені бар.Ол бақшада өседі.Сәбізді жуып,қабығын тазалап жеу керек.
3.Мен қарбызбын,қарбызбын. Күннің көзін сүйемін. Ауырса бүйрек,бауырың, Көмегімді беремін.
-Балалар қарбызда «В» дәрумені бар.Ол бақшада өседі.Қарбызды жуып,кесіп ішіндегі қызыл тәттісін жеу керек.
4.Мен шиемін,шиемін, Күннің көзің сүйемін Қышқыл шырын менде бар, Төмен басты иемін.
-Балалар шиеде «С» дәрумені бар.Ол бақта өседі. Шиені жуып дәнің алып тастап жеу керек.
5.Ақ түсім бар қант алар, Қызыл түсім бар қанға нәр, Зияным жоқ білім қой. Қызылшамын пайдам бар.
-Балалар қызылшада «В» дәрумені бар. Ол бақшада өседі қызылшаны жуып пісіріп жеу керек.
6.Картоп біздің атамыз, Жер астында жатамыз. Бір тамырдан тараған, Ағайынбыз бәріміз. -Балалар картопта «А» дәрумені бар.Ол бақшада өседі.Картопты жуып,қабығын ашып,пісіріп жеу керек.
Тәрбиеші; -Міне көрдіңдер ме, тұмау жүрген жер жақсы емес.Біздер ауырып қалмас үшін не істеуіміз керек?
Балалар; -Көкөністен жасалған тағамдар жеуіміз керек,жеміс-жидектен жасалған шырындар ішіуіміз керек,спортпен айналысуымыз керек,тазалық сақтау керек.
Тәрбиеші; -Егер ауырып қалсақ,қаліміз қандай болады?
Балалар; -Басымыз ауырады,ыстығымыз көтеріледі,достарымызбен серуенге шықпай қаламыз,мамамыз жұмыстан қалады,бізді дәрігерге апарады,балабақшаға бара алмай қаламыз.
Дидактикалық ойын; «Кім жылдам» Шарты; Балалар берілген жемістер мен көкөністерді тез құрастырып орналастырып жасау керек.
Тәрбиеші;
-Балалар,бүгін бізге дәрігер апай келіпті,ба балабақшадағы топтарды аралап денсаулығын тексеріп жүр екен.
Дәрігер; -Сәлеметсіңдер ме балалар!
Балалар;
— Сәлеметсіз бе дәрігер апай!
Дәрігер; —Сендердің көңіл күйлерің,денсаулықтарың да жақсы екен.Сендер таза ауада көп серуендеп,түнде жақсы үйықтағандарың көрініп тұр.Деніміз сау болу үшін не істеуіміз керек?
Балалар; -Дене шынықтыру жаттығуларын жасау керек.
Дәрігер; -Сендер қандай сергіту жаттығуларын білесіңдер?
Сергіту сәті.
Жалқауықты тастаймыз, Жаттығуды бастаймыз Шынығамыз жастай біз, Қиынсынып,қашпаймыз Иілеміз оңға бір Иілеміз солға бір Қимылдады әр сәтте Аяқ та қолда бір.
Тәрбиеші;
-Балалар бізге балабақшамыздың дәрігері не айтар екен тыңдап көрейік. -Балабақшаның дәрігері көкөністер мен жемістерді қалай жеу керектігі туралы айтып береді.
«Жуылмаған жемістің әлегі»
Тәрбиеші; — Балалар дәрігер сендерге мүсіндеуден тапсырма бергісі келіп тұр,сол тапсырманы орындайық. -Балалар,біз дәрумендер туралы көптеген мәлімет білеміз.Енді осы жемістер мен көкөністердің мүсіндерін жасап көрейік.
|
-Балалар тәрбиешінің айтқаның тыңдайды.
-алма,алмұрт,өрік.
-сәбіз,қырыққабат, картоп,қызанақ
-ия,ия
Балалар микробқа жауап береді.
Алихан айтады.
Білетін тақпақтарын айтады.
Алихан алма туралы тақпағын айтады.
Әлижан сәбіз туралы тақпағын айтады.
Жігер қарбыз туралы тақпағын айтады.
Елдар шие туралы тақпағын айтады.
Гульдария қызылша туралы тақпағын айтады.
Фариза картоп туралы тақпағын айтады.
Айша
Гульдария
Балалар қуанады.
Ортаға шығып сергіту сәтін орындайды.
Экранға назар аударып мұқият тыңдайды.
Тәрбиешінің айтқаның тыңдайды.
Балалар тыңдап сұраққа жауап береді. Алжапқыштарын тағып жұмысқа кіріседі. Ермек саздан дәрумендер жасайды.
|
Рефлекциялық түзетушілік | -Балаларға,дәрумен дегеніміз не екен?
-Қай тапсырма сіздерге қатты ұнады?
Балаларды мадақтап,сыйлықтар беру. |
Балаларға сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Дәрумендер туралы түсінікті,білімдерін кеңейту.
Нені игереді: Дене дамуына қосатын үлестері туралы айту,адамға күш -қуат беретіндігін түсіндіру.
Нені біледі: Жемістер мен көкөністерде қандай дәрумендер болатынын меңгер