Қысқы ойын

Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
«Табиғат құбылыстары» Мектеп: «Приурал мектеп-балабақша кешені» КММ
Күні: 15.01.20ж. Мұғалімнің аты-жөні: Жалекенова А.М.
Сынып: 4б қазақ тілі Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Қысқы ойын
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 4.4.1.1 шағын сюжетті комикс/буклет/ коллаж/жарнама/презентацияны сөйлемдермен толықтыру
4.4.2.1 оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұны бойынша әңгіме жазу
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар орындай алады: шағын сюжетті комикс/буклет/ коллаж/жарнама/презентацияны сөйлемдермен толықтырады;
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: оқыған материалдың мазмұны бойынша әңгіме жазады;
Кейбір оқушылар орындай алады: өз ойын еркін жеткізеді
Бағалау критерийі — шағын сюжетті комикс/буклет/ коллаж/жарнама/презентацияны сөйлемдермен толықтырады;
— оқыған материалдың мазмұны бойынша әңгіме жазады;
— өз ойын еркін жеткізеді
Тілдік мақсаттар Оқушылар орындай алады:
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Шана, шаңғы, тоңу, мұз, аққала, қырау
Талқылауға арналған сұрақтар:
Қандай қысқы ойындарды білесің?
Құнды3лықтарға баулу «Мәңгілік елдің» 7 басты құндылығының бірі – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы
Пәнаралық байланыс Дүниетану, дене шынықтыру
Алдыңғы оқу
Күн райын болжамы
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы

7 мин І. Ұйымдастыру. Сәлемдесу
ІІ. Үштікке бөлу (шана, шаңғы, коньки суреттері арқылы үштікке бөлінеді)
ІІІ. Үй жұмысын тексеру (қар қиыршықтары арқылы өткен сабақтағы сөздерді қайталау )
ІҮ. «Болжау» Мозайка құрастыру арқылы сабақтың тақырыбын болжайды.
Ү. Сабақтың мақсаты түсіндіріледі
ҮІ.Мұғалім жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға қыстық ойындар туралы бейнежазба көрсетеді. Бейнежазбада әр түрлі қыстық ойындар көрсетіледі. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды.
Бейнежазбадан не көрдіңдер?
Қандай қыстық ойындарды білесіңдер?
Қыстық ойындарға қатысасыңдар ма?
Мұғалім оқушылардың сөздік қорын байыту үшін жаңа сөздерді меңгертеді. Оқушылар сөздік қорындағы сөздердің мағыналарын жете білген жағдайда ғана оны дұрыс қолдана алатынын ескертеді. Үйренген сөздерін қолдануға мүмкіндік жасайды, яғни әрбір оқушыны сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше, жаңа сөздерді көбірек қолдануға дағдыландырады, жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйретеді.
«Жаңа сөз үйренейік айдары» сонымен қатар жаңа сөздің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз етеді. Оқушылар сөздерді бірнеше рет қайталайды, сөз тіркесін құрастырады, сөйлемдер құрайды. Олардың сөздерді қаншалықты меңгергенін тексеру үшін мұғалім жазуды алып тастап, суреттерді араластырып қояды. Оқушыларға суреттерді көрсеткенде, ол қандай жаңа сөзге қатысты екенін айтады (шана, шаңғы, тоңу, мұз, аққала, қырау).
Дескриптор
1. бейнебаянды мұқият тыңдайды;
2. сұрақтарға жауап береді;
3. жаңа сөздерді үйренеді;
4. жаңа сөздермен сөйлемдер құрастырады. Қар қиыршықтары

Мозайка

бейнебаян

Сабақтың ортасы «Көрсетейік және айтайық» тапсырмасын орындауда оқушылар сөйлемдерді оқып, сөйлемде айтқан адамды суреттен табады. Оқушылар «Ең жылдам» әдісі арқылы тез-тез сұрақтарға жауап береді.
1. Менің шанам зулап келеді.
2. Шаңғы теуіп жүрмін.
3. Тоңдың ба, үйге қайтайық.
4. Аққала, Аязата жасау оңай ғой.
5. Менің коньки тепкім келеді.
Мұғалім оқушыларды мұқият тыңдайды, түрлі түсті фишкалар арқылы бағалайды.
Жасыл фишка – «жеңіл болды»
Қызыл фишка – «қиын болды»
Сары фишка – «аздап қиын болды»
Бұл тапсырманы орындау барысында мұғалімнің нұсқауымен шылауларды, көмекші сөздерді ажырату, ауызша/жазбаша тілде қолдану мақсаты жүзеге асады.
Дескриптор
1. сөйлемдерді оқиды;
2. сөйлемде айтқан адамды суреттен табады

«Сөйлесейік» айдарында оқушылар тірек сөздерді пайдаланып, өздері құрастырған суреттері бойынша әңгіме құрастырады. Тапсырма топта орындалады. Әр топқа суреттер, тірек сөздер, түрлі түсті маркерлер, А3 парағы таратылады. Оқушылар өз беттерінше әңгіме құрастырады. Әр топ өз әңгімелерін оқиды.
ҚБ
Тапсырма оқушылардың сыни ойлауын және айтылым дағдысын дамытуға бағытталған. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар сурет бойынша өз беттерінше әңгіме құрастырады, қиялы, ауызекі сөйлеу тілі дамиды, сөздік қоры молаяды.
Тірек сөздер: ана, төбешіктен сырғанау, шаңғы, тоңу, мұз, аққала жасау, қырау, мәнерлеп сырғанау, қарды домалату, үйрету
Дескриптор:
1. тірек сөздерді пайдаланады;
2. әңгіме құрастырады;
3. өз әңгімелерін оқиды.

«Оқиық» тапсырмасын орындауда оқушылар топта оқулықтағы берілген мәтінді мұқият, асықпай оқып шығады. Өз араларында оқулықтағы мәтінді талқылайды және өздері құрастырған мәтінмен салыстырады. Осы тапсырманы орындау барысында Венн диаграммасын қолдануға болады. Оқушылар екі мәтінді салыстырып, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын айтады. Тапсырма оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға бағытталған. Мәтіндерді салыстыру арқылы оқушылар мәтіндегі негізгі ойды түсініп, салыстырып, қорытынды жасап үйренеді.
Оқушылар бір-бірін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.
Сергіту сәті «Қысқы ойындардың қимылы»
Осы тапсырманы орындау арқылы шығарманың кейіпкері туралы пікірлерді салыстыра отырып бағалайды.
«Жаттығайық» айдарында оқушылар жалғаулық шылаулар туралы білімдерін бекіту жұмысын жүргізеді. Топтарға әртүрлі жалғаулық шылаулар беріледі. Әр топ өздеріне берілген шылауларды пайдаланып сөйлем құрастырады.
І топ мен бен пен
ІІ топ да де та те
ІІІ топ және әрі соң
Сөйлемдерді тақтаға жазады
Дескриптор:
1. шылауларды пайдаланып сөйлем құрастырады.
2. шылауларды, көмекші сөздерді ажыратады.
Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арқылы бағалайды. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар мұғалімнің нұсқауымен шылауларды, көмекші сөздерді ажырату, ауызша, жазбаша тілде қолдану мақсатын жүзеге асырады.
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға қыстық ойындарға байланысты фотоколлаж жасауға тапсырма беріледі. Оларға коллаж жасау үшін әртүрлі суреттер, желім және ойын атауы жазылған қима қағаздар таратылады. Оқушылар топта фотоколлаж жасап, ортаға шығып қорғайды. Фотоколлажды қорғау барысында менің ойымша, себебі, біздің пікірімізше, кейбір адамдардың ойынша тіркестерін қолданып сөйлейді.
ҚБ қар қиыршықтары
Қосымша тапсырмалар
Сабақтың соңы
5 мин Үйге тапсырма. «Қысқы ойын» сурет салу
Кері байланыс . «Аққала». Оқушылар аққаланы құрастыра отырып, сабаққа кері байланыс береді.
— Не қиын болды?
— Не оңай болды?
— Не білдім?
— Мен не үйрендім?
— Сабақта кімге көмектестім?
— Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Бағалау: сабақтың өн бойына оқушылар жеке және бір – бірін бағалайды
Қосымша мәлімет
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс –АКТ-мен байланыс.
Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)
Сабақ бойынша рефлексия

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *