«Ойнайық та,ойлайық»
Өтетін күні: 11.02.2020 ж
Қатысқан оқушы: Қауи Жасмин
Диагнозы: Ғ-71 Резид.орг.сост. ЦНС с эмоционально волевыми
нарушениями. Детский аутизм. ОНР ІІ-ІІІ уровня.
Ангиопатия сетчатки.
Сабақтың тақырыбы: «Ойнайық та,ойлайық»
Сабақтың мақсаты: Оқушыны заттарды танып көрсетуге, түстерін, санын,
заттарды өз орнына орналастыруға меңгерту.
Түзете – дамытушылық мақсаты: Тапсырмаларды орындата отырып, ойлау, есте сақтау, ұсақ қол моторикасын дамыту.
Дидактикалық материалдар: Дидактикалық панно, монтиссори көрнекіліктері
Көрнекі құралдар: майлы бояу, түрлі – түсті суреттер.түтікше.күн суреті,майлық.
Сабақ түрі: жеке сабақ
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
— Саламатсын ба?
— Көңіл — күйің қалай?
— Сабаққа дайынбыз ба?
ІІ. Жаңа сабақ.
Сабақ бастамас бұрын, есімізге түсіріп жіберейік.
Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс
- Қыс мезгілінде не жауады?
- Қар
- Дұрыс айтасың Жасмин.
- Қардың түсі қандай болады?
- Ақ
- Жарайсың Жасмин!
- Олай болса Жасмин бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ойнайық та, ойлайық»
- Ойнау арқылы ойлап тапсырмалар орындайтын боламыз.
1-Тапсырма: «Дидактикалық панно»
Шарты: Дидактикалық паннода жетіспеген алма, алмұрт, сәбіз, балық, саңырауқұлақтарды бір – бірінен ажыратып, өз орнына санау арқылы орналастыруымыз қажет. Сонымен қатар 5 санына дейін заттарды санату.
2 — тапсырма: «Ойлан тап»
Шарты: Шабаданға қажетті заттарды атап салу./Қалаға қыдырып барарда нені қажет деп аламыз. Сол заттарды шамаданға орналастыру/
3- тапсырма: Күн бейнесін бейнелеу.
Шарты: Шуағы жетіспеген күнге, берілген сиқырлы 5 қыстырғыштар арқылы күн бейнесін бейнелеу.
4 – тапсырма : «Қардың жаууы»
Шарты: Берілген түрлі – түсті қағазға ақ майлы бояу арқылы түтікшемен қардың бейнесін үрлеу арқылы шығару.
ІІІ. Қорытынды.
- Сабақ ұнады ма?
- Қандай тапсырмалар орындадық?
- Нелердің бейнесін жасадық?
- Неше санын қайталап үйрендік?