Бақаның адасуы
Бақаның адасуы (ІІ кіші сәбилер тобына арналған)
Сабақтың тақырыбы: Бақаны үлгіге ала отырып, жеңіл секіруге үйрету, секіру дағдыларын бекіту, секіргенде тізесін бүге білу. Адамгершілікке баулу және бір-бірін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ойыншық қарға, гимнастикалық орындық, массаждық жолдар, қолшатыр, панно: «Орман», «Көл», әр балаға Бақаның суреті салынған эмблема, батпақтар, үйшік.
Кейіпкерлер: Бақа. Әже.
Залға Бақа кіріп келеді /Үлкен кісі/.
Бақа: Сәлеметсіңдер ме! Менің атым Бақа. Мен серуенге шығып едім, қайда тап болғанымды білмеймін.
Жетекші: Сәлеметсің бе, Бақажан! Сен балабақшаға келдің.
Бақа: Мұнда балалар қандай көп. Мүмкін менің үйімді табуыма көмектесер.
Жетекші: Ал, сенің үйің қайда? Қайда өмір сүресің?
Бақа: Мен ұмытып қалдым.
Жетекші: Бақаға көмектесеміз бе, балалар.
Балалар: Иә, көмектесейік. Оның үйін бірге іздейік.
Бір тізбекпен жүреді. Массаж жолдарымен жүріп өтіп, «Орман» бейнеленген қабырғаға барады, жақындайды.
Жетекші: Айналамызда қалай көп талдар? Біз қайда келдік?
Балалар: Орманға.
Жетекші: Әне, анау ағашта қарға отыр. Қане, ойнайықшы, қарғалар қалай ұшады? Қанатымызды қағып, қарқылдаймыз.
Балалар Жетекшінің көрсетуімен қымылдарды жасайды, бірге дыбыстайды. Бір бұрыштан Бақа шыға келеді. Қарғалар орындарына тұра қалады.
Жетекші: Қарғалар ағаш үстінде ұяларында өмір сүреді. Бақа, сен мүмкін орманда талдың үстінде өмір сүретін шығарсың?
Бақа: Жоқ, мен ұша алмаймын. Ағаштың басында өмір сүре алмаймын.
Жетекші: Бақа мүмкін сен аспанда өмір сүретін шығарсың. Қане ұшақпен ұшып көрейік. Мүмкін сен үйіңді тауып аларсың.
Ойын «Ұшақтар»
Бақа: Жоқ мен аспанда да өмір сүрмейді екенмін.
Бақа ренжіп тұрады.
Жетекші: Бақажан, сен ренжіме. Әлі-ақ сенің үйіңді тауып аламыз. Ал, қане балалар, әрі қарай жүре берейік.
Балалар тізбекпен жүре береді.
Жетекші: Қандай әдемі үйшік!
Алдарынан әдемі үйшік кездеседі. Үйден әже шығады.
Әже: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көптен көрген жоқпын. Қалай өсіп кеткенсіңдер. Сендердің жандарыңдағы кім?
Жетекші: Сәлеметсіз бе, ажей! Біз Бақаның үйін іздеп жүрміз. Мүмкін ол сіздің аулаңызда өмір сүретін шығар?
Әже: Менің ауламда көптеген жан-жануарлар бар. Сиыр, ешкі, ит, мысық, әтеш, балапандарымен тауығым да бар. Ал, Бақа жоқ.
Жетекші: Біз Бақаға көмектескіміз-ақ келеді. Әрі қарай жүре берейік. Бірақ жаңбыр басталайын деп тұр. Жаңбырдан үстерің су болып қалмасын, тығылайық.
Ойын «Күн мен жаңбыр»
Жаңбыр жауады. Қолшатыр ашылады, балалар астына тығылады.
Жетекші: Міне, балалар, жаңбыр да тоқтады.
Музыка ойналады, көңілді әуенмен Бақамен бірге қимылдар жасайды.
Бақа: Алақай, күнге қыздырынамыз! Арқаларыңмен жата қойыңдар, іштерің күнге қыздырынсын. Ал, енді арқаларыңа аударылыңдар, арқаларың күнге қыздырынсын. Мен сияқты секіреміз.
Жетекші: Тағы да жаңбыр жауды.
Балалар шатырдың астына тығылды. Ойын қайталанады.
Әже: Жаңбырдан кейін аулада қаншама су жиналып қалды. Абайлаңдар, аяқтарың су болып, батпақ болып қалмасын.
Жетекші: Көлшіктерден аяқтарыңды жоғары көтеріп жүріңдер.
Ритмикалық әуен ойналады. Балалар көлшіктерді аттап, залды айналып жүреді.
Бақа: Ал, маған көлшіктерден секірген өте қатты ұнайды.
Жетекші: Мүмкін сен Бақажан суда өмір сүретін шығарсың. Көлде, мүмкін өзенде шығар.
Бақа: Иә. Тезірек көлге барайық. Мен көлді өте жақсы көремін.
Балалар «Көлдің» панносына жақындайды.
Бақа: Алақай! Менің есіме түсті. Мен көлде өмір сүремін, суда. Рахмет, балалар. Сендер менің үйімді табуыма көмектестіңдер.
Балаларға Бақа бейнесі белгіленген эмблемаларды кеуделеріне жапсырады.
Жетекші: Ал, қанекей, балалар, сендер қалай бақа сияқты дауыстайсыңдар, көрсетіңдерші.
Балалар қимылдарды орындай отырып, бақа сияқты бақылдайды. Жүзу қимылын жасайды.
Ойын «Гимнастикалық орындықтан секіру»
Жетекші: Бақажан, сен қалай ойлайсың? Балалар бақаға ұқсайма екен?
Бақа: Иә. Олар секіре де алады, жүзе де алады. Кәдімгі бақалар секілді. Есесіне сендер менің үйімді табуыма көмектестіңдер. Балалар, сендерге көп рахмет! Сау болыңдар!
Балалар Бақамен қоштасады.