Үй жануарлары мен төлдері.
Текемуратова Алтынай
«Жауқазын» балабақшасының тәрбиешісі
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы жетібай ауылы
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Үй жануарлары мен төлдері.
Мақсаты: Білімділік: үй жануарларын ажыратып айта білуге үйрету.
Дамытушылық: сурет бойынша әңгіме құрату арқылы тіл байлықтарын дамыту. «Жануарлар қалай дыбыстайды? сұрағына жауап беруге үйрету.
Тәрбиелік: Үй жануарларына деген қамқорлық, аяушылық сезімдерін ояту.
Қажетті көрнекіліктер: үй жануарлары мен төлдерінің суреттері, слайд.
Шаттық шеңбері.
-Балалар, бізге қонақтар келіп отыр, алдыменен амандасып алайық. Мен сендерді жылулық шеңберіне шақырамын.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық бәріміз,
Арайлап атқан күнге.
Бүгінгі күніміз сәтті өтсін!
Тақтадағы суреттерді көрсету арқылы өткен тақырыпты еске түсіру (жабайы аңдар)
-Балалар, бүгін біз үй жануарларымен танысамыз.
-Сендер үй жануарларына не жататынын білесіңдер ме?
-Балалар тақтаға назар аударайық.
-Мынау түйе.
-Мынау жылқы.
-Мынау сиыр.
-Мынау қой.
-Мынау ешкі.
-Балалар бұл үй жануарларына жатады.Біз оларға жем, су, шөп береміз.Оларды қорада ұстап, күтіп баптаймыз. Қораның ішін тазалаймыз. Бұл үй жануарларының бізге тигізер пайдасы зор.
-Ендеше балалар слайд тақтаға назар аударайық.
-Балалар айтыңдаршы мынау қай жануар?
Әрине, бұл сиыр.
-Сиырдың сүтінен жасалатын ұлттық тағам өте көп. Олар: құрт, ірімшік, май, айран, қаймақ, сүзбе т.б. Сиырдың еті дәмді болады.Сиырдың төлі-бұзау.
-Ал мынау қай жануар?
-Қой- төрт түліктің ішіндегі аса жуасы, момыны. Аяғымызға киетін байпағымыз,еденге төселетін киіздер- бәрі де осы қойдың жүнінен жасалады. Қойдың етін тағам ретінде пайдаланамыз.Қойдың төлі-қозы.
-Ал мынау ше?
-Жылқы мінсе көлік,сойса ет.Оның еті өте дәмді, ал қымызы адамға пайдалы емдік қасиеті бар. Жылқының төлі-құлын.
-Ал бұл қай жануар?
-Ешкі түбіті,терісі өте мықты болады.Ертеректе ешкінің терісінен сусын құятын мес жасаған, сүті мен еті өте пайдалы. Ешкінің төлі-лақ.
-Ал мынау ше?
-Түйені ертеректе көшіп-қонған кезде үстіне жүк артып, көлік ретінде пайдаланған.Түйе сүтінен адамға пайдалы емдік қасиеті бар шұбат жасалынады. Түйенің төлі- бота.
Сергіту сәті:
Топ- топ басайық,
Ауылға біз барайық.
Қозыларды санайық,
Қораларға қамайық.
Балалар мен сендерге ойын ойнатқым келіп тұр. Ойын ойнаймыз ба?
Ойынның аты «Төлдерін тап!»
Ойынның шарты тақтада үй жануарлары ілінген, ал сендер осы енелерінің қасына төлдерін орналастыруларың керек.
— Балалар, сонымен үй жануарларына нелер жатады?
— Үй жануарлары не жейді?
Ойынның аты «Дауысынан ажырат!»
Ойынның шарты:Дыбысты ести отырып,үй жануарларының дауысын ажыратып атайды.
-Жарайсыңдар балалар! Бәрің де бүгін өте жақсы қатыстыңдар.Мен сендерге сүттен жасалған тағамымды сыйға тартамын. Енді қонақтармен қоштасайық.
Күтілетін нәтиже:
Біледі:үй жануарлары мен төлдерін, олардың тіршілік ету ерекшеліктерін.
Игереді:үй жануарлары қолға үйренген жануарлардың түрлері екенін.
Меңгереді:үй жануарлары күтіп-баптауды, оларға қамқорлық жасай білу