«Әдептілік әлемі» (өлең)Ермек Өтетілеуұлы.
Дүйсенова Замира
«Жауқазын» балабақшасының тәрбиешісі
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы жетібай ауылы
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Әдептілік әлемі» (өлең)Ермек Өтетілеуұлы.
Мақсаты: Балаларды әдептілік ережелерімен таныстыру. Отбасында,тұрмыс –тіршілікте әділет пен адалдыққа,инабат пен қонақжайлылыққа тәрбиелеу.Өмірдің әр түрлі жағдайларында өзін мәдениетті ұстай білуге,үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсете білуге баулу.Адамгершілікке,кішіпейілдікке,жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер, қажетті құралдар: әдептілік туралы суреттер, слайдтар, жұмысдәптері
Билингвальді компонент: сәлеметсіз бе –здраствуйте- good afternoon ,сау болыңыз-до свидание good bye,кішіріңіз –извените-sorry — воспитанность; әлем — мир.
Шаттық шеңбері
Күннің көзі ашылсын
Жерге шуақ шашылсын
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенге Тәрбиенің басы ғой
Ал кәнекей бәріміз
«Сәлеметсіз бе»-дейміз біз. «Қош келдіңіздер!»
—Балалар кәзір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінде неше ай бар?
-3 айды атап айтып берейікші?
-Бір аптада неше күн бар?
-Апта күндерін атайық?
-Балалар біздер өткен ұйымдастырылған ашық оқу қызметімізде қандай тақырыппен таныстық? -Дурыс айтасыңдар балалар Лев Толстойдың «Әкесі мен баласы туралы» әңгімесімен таныс болдық.Әкесі мен балалары жақын қарым –қатынаста болу керек. Балалар үлкендердің айтқан ақылын алған жөн.Ендеше балалар біздің бүгінгі ашық оқу қызметіміз әдептілік жайында болмақ.Әдептілік-адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының,жүріс тұрысының ережесі.Әрбір адам- өз отбасында,қоғамда, жұмыс орнында,тағы да басқа кай жерде болмасын өзін әдепті,тәрбиелі ұстай білуі қажет.Әдептілік алдымен сәлемдесуден басталады.«Сәлем –сөздің атасы »деп біздің қазақ халқы амандасуға үлкен мән береді.Жасы кішілер, үлкен адамға бірінші болып сәлемдесу керек.Сендер үлкен аталарға қалай амандасасыңдар?(Балалар «ата» мен «немерелер» болып ойнап көрсетеді.Сахналау) -«Ас-салау-мағалей-кум!»
-Сұраймыз,үлкендердің саулығын саламатын. –Уағалейкум-әс-сәләм!»-қарақтарым, -Сәлем берген қай боталар? -Бұл бізғой немерелер Улкенге сәлем беріп аламыз аталардың батасын біз! Тәрбиеші: -Сәлемдесу-ағайын мен туыстың,достарды, үлкен мен кішіні жақындату,адамның көңіл күйін білу,оған өз ниетіңді білдіру.Балалар әлемде көптеген елдер, үлттар бар,ал сол елдер бір-бірімен қалай амандасады екен?Білгілерің келеме?Жапон елінде бір-біріне еңкейіп қарап амандасады екен Үнді елінде қолдарын қусырып,төмен қарап тұрып амандасады екен.Міне, балалар қандай ел,ұлт болсын барлығы да бір-бірімен амандасып,жақсылық тілеп, көңіл-күй сыйлап жүреді екен.Көшеде жүргендеде біз әдептілік шараларын сақтап жүруіміз керек.Жолдың оң жағымен жүреміз,сол жақпен қарсы кележатқан адамдар жүру керек.Жасыл шөпті,гүлдерді таптамау керек.Көшеде айқайлап сөйлеуге,қатты күлуге болмайды. Жолдан өткенде бағдаршамға қарау керек,үлкендермен бірге жүру керек.Адам баласының бойында жақсы да,жаман да қасиеттер болады екен.Бізге ақылдылықты,адалдықты,қарапайым-кішіпейілдікті,инабаттылықты,шыншылдықты үлкендер үйретеді.Ол біздің ата-анамыз,ақ сүтін бере отырып,ана тілімен үйретеді.Біз оны түсініп,ата-баба салт,әдеттерін үйренеміз.Адам болатын бала-барлық жақсы қасиеттерді үйреніп,жаман мінез әдеттерден,ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысу керек. Сергіту сәті:
Енді біз демаламыз,
Айналаны шоламыз.
Қол –аяқты кезекпен,
Оңға-солға созамыз.
Күн шыққанда сүйсініп, Бәйшешектей иіліп,
Біз тынығып аламыз.
Жиі-жиі жаттығып,
Үлкен кісі боламыз Дидактикалық ойын: «Әдептілік пен әдепсіздікті ажырату»
Лэпбукпен жұмыс:
1.Тапсырмасы :Суретті құрастыр
Әдепті бала мен әдепсіз бала туралы әңгімелеу.
2.Тапсырмасы «Мен әдепті баламын»
Әдепті баланың іс әрекетін сызық арқылы қосу.
3.Тапсырмасы: «Әдепті баланың суретін боя»
Әдепті баланың суретін бояу.
Жеке жұмыс: Сурет бойынша әңгімелеу
Блингвальді компонент: әдептілік-воспитанность; әлем-мир.
— Әдепті бала қандай болады?
— Сен әдепті болу үшін не істередің? -Әдепті бала болғың келеме? -Әдепсіз бала қандай болады екен ? -Сыпайылықты бізге кім үйретеді?
Күтілетін нәтиже:
Меңгереді: берілген ойын тапсырмадағы суретті тауып береалады.
Біледі: әдептілік туралы өлең сөздерінің мағынасын түсініп, мәнерлеп айтып береді;
Игереді: әдепті болу үшін мейірімді, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор бола білу, таза жүріп, достарына адал болу керектігін түсінеді;