«Бөлме өсімдіктері»

Сугубаева Айтгүл Балтаевна
«Жауқазын» балабақшасының
ІІ- санатты тәрбиешісі
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы жетібай ауылы

Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Жаратылыстану»
Тақырыбы: «Бөлме өсімдіктері»
Мақсаты: балалардың табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктері туралы білімдерін толықтыру .Қазтамақ, фикус, кактус гүлдері туралы айтып, оларды бір – бірінен ажырата білуге, тани білуге үйрету және күту ерекшеліктерімен таныстыру . Бөлме өсімдіктерін қалай күту керектігін іс жүзінде көрсету арқылы еңбекқорлыққа баулу .
Гүлдің атауларын,сырт келбетін,жеке бөлшек атауларын дұрыс айтуын,оларды баптап күту ережелерімен таныстыру. Өсінді отырғызу жолын көрсетіп,табиғатты аялауға,сүюге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Бөлме гүлдері, тамырланған гүл, ыдыс, тағы басқа қажетті заттар.
Әдіс — тәсілі: көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауап,слайд. Билингвальды компонент: өсімдіктер – растения , гүл – цветок, сабақ –стебель жапырақ – лист, гүл –цветок, Раушан-роза, бәйшешек-подснежник, қызғалдақ-тюльпан.
Шаттық шеңбері:
Гүлдей болып жайқаламын
Күн нұрына бояламын,
Жапырағым желбіреп.
Таңмен бірге оянамын,
Көрік беріп далаға.
Жүремін әркез қуана.
Сәлеметсіздер ме!!!
Балалар шаттық шеңберді педагогпен бірге қайталайды.
Өткен ұйымдастырылған оқу қызметінде қандай тақырыпты өттік? «Дала гулдері»
(балалар экранға қараймыз дала гүлдерін атайды)
-дала гүлдері.
Бақбақ,бәйшешек,қызғалдақ
Жұмбақ :
Адамдардың бәрі қызығады,
Су құймасаң сәні бұзылады.( гүл )
-Дұрыс .Жарайсыңдар,ендеше біз бөлме өсімдіктерімен танысамыз.
— Өсімдіктердің өзі дала және бөлме өсімдігі болып екіге бөлінеді. Біздің бүгінгі жаңа ұйымдастырылған оқу қызметімізде бөлме өсімдіктерімен туралы тоқталамыз.
Өсімдік өмір сәні,табиғат көркі, көп деген дәрі-дәрмек жасалады.
Олар біздің бөлмемізді тек әдемі етіп қоймайды оған көрік беріп,үйдің ауасын тазартады. Бізге қуаныш сыйлайды,көңіліміз көтеріңкі болады екен.
Ендеше балалар экранга назарымызды аударайық.
Тәрбиеші: бөлме гүлдерін көрсетіп, әңгімелейді. Барлық өсімдіктер күнді және жарықты жақсы көреді, сондықтан да оларды терезенің алдына қоямыз.
Бөлме гүлдерінің басқа өсімдіктер сияқты тамыры, сабағы, жапырағы және гүлдері бар.
Міне, мынау раушан гүлі. Гүлдің түсі қызыл, хош иісті болып келеді екен. Раушан гүлі өте әдемі, бөлмемізді әдемі етіп тұрады.
Ал мынау алоэ –өсімдігі.
Жапырақтары тікенді болып келеді ,бірақ тікені қолымызға кірмейді. Алоэнің емдік қасиеті бар одан дәрі-дәрмек жасайды. Алоэ — үйге аурудың бактерияларының енуіне төтеп береді. Бөлменің энергетикалық қалпын жақсартады.Егерде бір жеріңізді жарақаттап алсаңыз сол жерге осы алоэні кесіп шырынын жақсаңыз тез жазылып кетеді.
Қазтамақ–
Қазірде қазтамақтың 200-ге жуық түрі белгілі. Көптеген гүлпаздар қазтамақты әдемі гүлі үшін ғана емес, хош иісті жапырақтары, сондай-ақ шипалық қасиеті үшін де өсіреді. Гүлдері қызыл, көкшіл, күлгін, ақ түсті ал, жапырақтары түкті ашық жасыл, түсті болып келеді.
Қазтамақ тез өсетін, оңай көбейтілетін, күтімі жеңіл гүлдерге жатады.
Фикус – шаңсорғыш сияқты жұмыс жасайды. Сондай-ақ, бөлме ішін ылғалдандырып, уытты заттардан тазартады. Жапырақтары арқылы бөлме ішін шаң-тозаңнан сақтайды. Сондай-ақ, бөлмедегі гулдер ауа қысымын және ылғалдылықты реттеп отырады. Бөлмеде төселген линолеумнан бөлінетін уытты заттарды жоятын қабілеті бар.
Кактус бұл- қазіргі таңда адамдар интернет желісінде көп қолданылады.Сондықтан бұл гүл компьютер алдына қойып қояды. Өйткені компьютердегі бөлінген адамдарға зиянды вирустарды жояды.
Сергіту сәті:
(видео ролик)
Міне өсімдіктердің осындай адамға деген пайдасы бар екен. Өсімдіктер тек әдемілік сыйлап қана қоймай, адамның денсаулығына да жағымды әсер тигізеді. Гүлді тек бөлмеде ғана емес, жұмыс орнында, аулаға, демалыс орындарында, адам көп шоғырланатын жерлердің барлығына өсіру керек.
Енді осы гүлдердің сырт келбетімен танысайық.
Гүл ханшайымы:
(гүл ханшайымы келеді)
Сәлемететсіздерме? Балалар мен сіздердің менің әдемі хош иісті гүлдерім жайлы әңгімелеп жатқандарынды естіп келдім.
Тәрбиеші: иә, гүл ханшайымы біз балалармен бірге гүлдер туралы әңгімелеп жатырмыз.Балаларға гүлді қалай баптап отырғызу жайлы айтып бересіз ба?
Гүл ханшайымы: иә, әрине .
(гүл ханшайымы гүлді отырғызуды көрсетеді.) Практикалық әрекет:
Гүл отырғызу үшін ең әуелі бізге ыдыс қажет. Ыдысты алып түбіне бірінші тастарды саламыз. Ыдыстың түбі тесік болады. Содан кейін топырақ саламыз. Жәй даладағы топырақ емес құнарлы арнайы гүл отырғызуға арналған топырақты саламыз. Содан соң топырақ ортасынан құдықша жасап,гүл өсіндісін отырғызамыз. Енді бұл гүлімізді табиғат бұрышына қоямыз. Балалар гүл отырғыздық, енді тек осылай қоямыз ба? Жоқ гүлге су құю керек.
Гүлге су құйып, жапырағын сүртіп, су бүркегішпен су шашып, топырағын қопсытып, тыңайтқыш сеуіп тұру керек. Гүлдерді жазда көбірек, ал қыста сирек суарады. Оларды суқұйғышпен суарады.
— Жылына бір рет топырағымен, ыдысын ауыстырып тұру керек.
— Гүлдерді бөлме температурасындай сумен суару керек, өйткені гүлдер ауырып, өліп қалуы мүмкін. Гүлге бірден суық су құюға болмайды. Суды ыдысқа бір күн бұрын құйып қою қажет. Содан соң ғана суаруға болады. — Тамыры топырақтың астында болады, олар көрінбейді, өсімдіктердің су ішуіне көмектеседі, сондықтан да оларға су құйып тұру қажет.
Гүлдердің тамыры дем алып тұру үшін топырағын қопсытамыз. Балалар гүлдердің жақсы жайнап өсуі үшін гүлдерге су, жарық, жылу, топырақ қажет . Гүлге су құйып, жапырағын сүртіп, су бүркегішпен су шашып, топырағын қопсытып, тыңайтқыш сеуіп тұру керек.
Гул ханшайымы:Ал жақсы балалар мені басқада балабақшаның балаларына гул отырғызуға көмектесемін деп уде беріп едім хош сау болыңдар
Тәрбиеші: гүл ханшайымы рахмет сізге.
-Ал сендер осы гүлдер туралы тақпақтар, мақалдар білесіңдер ме?
Ақжүніс:
Үлбіреген бақбақ,
Үлпілдеген аппақ.
Ұшып жүрген қаптап,
Мен әдемі бақбақ.
Мақалдар.
«Гүлді гүлдемес, егер сабағы болмаса».
«Гүл – өмір қызығы».
Қыз өссе – елдің көркі.
Гүл өссе – жердің көркі.
Билингвальді компонент:
гүл –цветок, Раушан-роза, бәйшешек-подснежник, қызғалдақ-тюльпан
Лэпбукпен жұмыс.
Тапсырмалар
«Гулге не қажет»
«Орынын тап»
«Кім жылдам» балалар
Қорытынды:
Біз қандай бөлме өсімдіктерімен таныстық?
-Бөлме өсімдіктерінің қандай пайдасы бар?
-Гүлдің сырт келбеті қандай?
-Бүгінгі отырғызған гүліміздің аты қандай?
Балаларды мадақтау.
Жылулық шеңбері:
Балалар сіздер бүгінгі ашық ұйымдастырған оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар сендерге рахмет.
Нені игерді: бөлме гүлдерімен және оны күтудің ережелерін игеру.
Нені меңгерді: гүлдерді күтіп баптауды, аялауды, қорғауды меңгеру.
Нені біледі: бөлме гүлдерін күтіп –баптау жолдарын білу.

Вам может также понравиться...

1 комментарий

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *