Көктем ерекшеліктер
Көктем ерекшеліктері
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: «Сөйлеуді дамыту»
Тақырыбы: Көктем ерекшеліктері
Мақсаты: Көктем мезгілінің ерекшеліктері туралы мағлұмат бере отырып, сөздік қорларын молайту; Табиғатқа сүйіспеншіліпен қарауға тәрбиелеу; Сөйлеу барысында ойларын дұрыс айтуға үйрету;
Көрнекіліктер: Табиғат көрінісіне байланысты суреттер, сиқырлы гүл, күннің суреті, ағаштың суреті, луллия шеңбері, тірек-сызба, ақ қағаз, бояу, мақта таяқшалары, сүрткіш т.б. Билингвалды компонент: Көктем — весна — sprinq, құс – птица – Bird. Сөздік жұмысы: Үйшік, сай-салаға, бәйшешек.
Шаттық шеңбері: Күннің көзі ашылсын, Көкке шуақ шашылсын. Құтты қонақ келіпті, Төрімізге еніпті. Ал, кәнекей бәріміз Сәлем дейміз үлкенге Сәлеметсіз бе, апайлар!
— Балалар, бүгін сабағымыз сәтті өту үшін, бір-бірімізге жылы лебіздерімізді білдіріп, жақсы тілектер айтайық. Ол үшін мына ертегілер елінен әкелінген ерекше сиқырлы, желекті гүлді алайық /түймедақ гүлі/. Балалар, білесіңдерме бұл гүлдің әр желегінде бір-бір тілек орындалады екен. Қане әрқайсысымыз бір-бір желектен алып тілегімізді айтайық.
Балаларға тілек айтқызу. Мысалы: денсаулық, бақыт, береке, тыныштық, жақсылық, достық, амандық т.б.
— Балалар, сабағымызды бастамас бұрын, мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр. Барлықтарын мұқиат тыңдаңдар:
Қар, мұз еріп, су көбейіп, Сай-салаға ағады. Бүршік шашып, жапырақ ашып, Гүл бәйшешек басады. Ал, балалар айтыңдаршы , Бұл қай кезде болады? (Көктем)
— Міне, балалар бүгінгі сабағымыз көктем және көктем мезгілінің ерекшеліктері туралы болады.
«Сиқырлы текше» ойынын ойнату.
Менің қолымдағы текшенің неше қабырғасы бар? Қане санап шығайық, осы алты қабырғада алты сұрақ жасырынған екен. Ал ол сұрақтарды табу үшін бір бала алдына шығып теріс қарап текшені лақтырады, қай сан түссе сол санның сұрағы оқылады.
1.Жыл мезгілдері қаншаға бөлінеді?
2.Жыл мезгілдерін ата?
3.Көктем мезгілінде қанша ай бар?
4.Көктем мезгілінің айларын ата?
5.Қазір көктемнің қай айы?
6.Көктем мезгіліне арналған қандай өлең білесіңдер?
Қар еріді, су ақты
Нұрай Күндер келді шуақты.
Байтақ дала келбеті,
Түкті кілем сияқты
Көкке бояп өңірді.
Адия Көктем келді көңілді,
Бау-бақшада ормандар.
Құстар әні төгілді.
Жаңбыр жауып басылды.
Ислам Күлімдеді көкте нұр.
Кемпірқосақ асылды,
Өрнегіндей көктемнің.
Суретпен жұмыс:
— Балалар, енді біз алдымыздағы суретке назар аударайық. Бұл суреттен көктем мезгілінің ерекшеліктерін көріп тұрмыз.
-Енді, осы көктем мезгілінің ерекшеліктерін әңгімелеп көрейік.
(сиқырлы шеңбер арқылы көктем мезгілінің ерекшеліктерін айтқызу) Билингвалды компонент: Көктем — весна — sprinq, құс – птица – Bird
«Жыл мезгілдері» дидактикалық ойыны (Луллия шеңбері арқылы жыл мезгілдерін ажырата білу)
Сергітусәті: Ал, балалар тұрайық. Торғайлар ұшты оңға, Торғайлар ұшты солға, Жоғары ұшты, төмен ұшты. Ағаштың түбінде қоян жатыр екен, қоянша секірейік Аю маймандап жүр, бәріміз аюша жүрейік Көбелек ұшып жүр, бәріміз көбелекше ұшамық Табиғат қандай керемет, ауасы не деген таза, Кәне бәріміз тыныстайық /тыныс алу/
Жаңылтпаш жаттау /тірек сызба арқылы жаңылтпаш жаттау/
Бес құс келді, үш құс кетті. Бес құс кетті үш құс келді.
Шығармашылық сәт: Сурет салу «Алма ағашы» /мақта таяқшалары арқылы алма ағашының гүлдерін салу/
Қорытынды: «Топтастыру» стратегиясы Тақтаға күннің дөңгелегін іліп, балалардың бүгінгі сабақта немен танысқандарын сұрап, айтқан балаларға күннің шуағын жапсыртып сабақты қорытындылау.