Математика еліне саяхат
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Математика негіздері
Оқу қызмет тақырыбы: Математика еліне саяхат.
Мақсаты: 1 — ден 10 -ға дейінгі сандар туралы білімдерін кеңейту. 1- ден 10- ға дейін тура және кері санау дағдыларын дамыту. Заттарды түсіне, түрі мен пішініне қарай ажыра білге үйрету. Бөлікті топтастыру ептіліктерін арттыру. Балалардың тыңдау және сөзді түсіну, әңгімелесе білу, сұраққа жауап беру біліктіліктерін дамыту. Антоним немесе қарама — қарсы сөздермен сөздік қорларына байыту. Өмір қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету. Музыка ырғағын тыңдап, бірлесе ән айту дағдыларын дамыту
Көрнекі құралдары: дидактикалық материалдар, желім, ойыншық жұмсақ мысық,үнтаспа, теледидар
Қызмет
кезеңі Тәрбиешінің қызметі Баланың қызметі
Ұйым/у
кезеңі
Зерттеу кезеңі
Қор/ды кезең
Шаттық шеңбері
Дөңгеленіп тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Қол ұстасып бәріміз,
Ақ тілекті жолдайық.
Қайырлы күн ,бақшамыз!
Қайырлы күн, достарым!
— балалар мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Сендер ше?
— Бәріміз келген қонақтармен қуанышымызды бөлісейікші.
— Балалар ендеше іс — әрекетімізді бастайық
-Бүгін аптаның қай күні?
— Бір аптада неше күн бар еді, есімізге түсірейікші.
-Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі және жексенбі.
— Балалар бүгінгі күн ерекше болмақ, себебі әртүрлі сиқырлы белгілердің сырын ашамыз. Сиқырлы белгілерді «Не?», «Қашан?», «Қайда?» ойыны арқылы шешеміз. Ойын ойнауға дайынсыңдар ма?
Тақтада 1 -ден 10 — ға дейінгі сандар ретімен ілініп тұрады. Сандардың сырын ретімен ашу керек.
— Мынау қай сан?
— дұрыс, 1 саны
— 1 санының астында қандай сиқырлы белгі бар екен?
-Мынау бағдаршамның суреті екен. Бағдаршам бізге не үшін қажет?
— Ал, жолдан өту барысында не істеуіміз керек? Бағдаршамның қандай түстері бар және олар не бұйырады?
— олай болса, астындағы тапсырманы орындайық.
1- тапсырма: «Cәйкесін тап»
Балалар заттарды пішініне, түсіне қарай сәйкестендіріп, әр жолақшаға қойып шығулары тиіс
Тақтада 1 -ден 10 — ға дейінгі сандар ретімен ілініп тұрады. Сандардың сырын ретімен ашу керек.
— Мынау қандай сан?
— дұрыс, 2 саны
— ал, 2 санының артында қандай сиқырлы белгі бар екен, қарайық
— мұнда пышақтың бейнесі бар екен.Пышақ бізге не үшін қажет?
— Пышақпен жұмыс жасау барысында қандай сақтық шараларын қолданамыз?
— Бұл санның да бізге арналған тапсырмасы бар екен. Орындаймыз ба?
2 тапсырма: «Жұмбақ шешу»
Жұмбақ
1. Кезікті бір жануар
Үстінде екі тауы бар. Ол не?
2. Кішкене ғана бойы бар
Айналдыра киген тоны бар. Ол не?
3. Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар. Ол не?
— Балалар біз үй жануарлары туралы не білеміз? Олар немен қоректенеді? Оларға қалай қамқор болу керекпіз?
— Жарайсыңдар, балалар!
Тақтадан бір сан таңдайды
— мынау қандай сан?
— бұл 3 саны екен.
— ал, 3 санының артына жасырылған қандай ненің суреті екен?
— бұл дәрі екен.Дәріні біз не үшін пайдаланамыз?
— Дәріні қалай пайдалану керек?
— Ой дәрінің бізге жіберген қызыл жәшігі бар екен. Ішінде не бар екен,қарайықшы
— Балалар ойланыңдар, не бар деп ойлайсыңдар?
— жәшіктің ішінде мысық бар екен.
Балаларға мысықты дұрыс сипаттауға көмектесу.
Тіл ұстарту жаттығуы
— Ық, -ық, — ық — қандай әдемі мысық.
Тақтадан бір сан таңдайды
— мынау қандай сан?
— бұл 4 саны екен.
— 4 санының астында қандай белгі жасырынып тұр?
— бұл сіріңке. Сіріңке бізге не үшін қажет?
— Сіріңкемен жұмыс жасау барысында қандай сақтық шараларын сақтауымыз керек?
— Сіріңкенің тапсырмасын шешіп көрейік.
4 тапсырма: «Музыкалық үзіліс»
— жарайсыңдар, балалар!
Тақтадан бір сан таңдайды
— Мынау қандай сан? бұл 5 саны екен.
— ал, 5 санының артында қандай белгі тығылып тұр екен?
— Бұл электр тоғы екен. Электр тоғы бізге не үшін қажет?
— Электр тоғымен қандай сақтық шараларын сақтауымыз керек?
— Дұрыс, ток екен. Ал, тоқтың бізге дайындаған қандай тапсырмасы бар екен?
5 тапсырма: «Антоним немесе қарама — қарсы сөздер және заттар»
Балалардың үлестірмелі карточкалармен жұмыс жасау барысын қадағалау және көмектесу.
Тақтадан бір сан таңдайды
— Мынау қандай сан? бұл 6 саны екен.
— ал, 6 санының артында қандай белгі тығылып тұр екен?
— бұл ине екен. Ине бізге не үшін қажет? Инемен жұмыс жасағанда қандай сақтық шараларын сақтау керекпіз?
-Дұрыс айтасыңдар, ал ине бізге қандай тапсырма дайындапты?
— 7 саны бізге бірнеше сұрақ дайындапты.
7 тапсырма: Жаңылтпаш айту
Жаңылтпаш
1. Ғарышкер ұшты ғарышқа.
Ғарышқа ұшты ғарышкер.
Айтшы, ғарыш алыс па?
2. Жаға жай,
Жағажайда – Қамажай.
3. Пай-пай-пай,
Жайылып жүр тай.
Тақтадан бір сан таңдайды
— қайшы бізге не үшін қажет? Қайшымен жұмыс барысында қандай сақтық шараларын сақтау керекпіз?
-Ал, қайшы бізге қандай тапсырма дайындапты?
7 тапсырма: Дид. ойын:«Бұл қай әріп?»
Ойын шарты: Балалар шаршыдағы әріптерді атап, олардың қай дыбысқа жататынын айтуы тиіс.
Тақтадан бір сан таңдайды
— Мынау қандай сан? бұл 8 саны екен.
— ал, 8 санының артында қандай белгі тығылып тұр екен?
— желім. Балалар желім бізге не үшін керек?
— Желіммен жұмыс барысында қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керекпіз?
— 8 саны бізге қандай тапсырма дайындапты.
8 тапсырма: «Еркін ойындар»
Балалардың қалауы бойынша ойын ойналады.
Тақтадан бір сан таңдайды
Мынау қандай сан? бұл 9 саны екен.
— ал, 9 санының артында қандай белгі тығылып тұр екен?
— Бұл тиын екен. Тиын бізге не үшін керек?
Тиын кішкентай балаларға керек па? Тиынды кішкентай балаларға ата — анасы берген жағдайда не істеуге болмайды?
9 тапсырма: «Атамекен» әні
-Жарайсыңдар, балалар! Енді ең соңғы санымызды қарайық. Бұл қай сан?
— ия, 10 саны екен. 10 санының артында ешқандай белгі жасырынбапты. Ол жерде маған арналған тапсырма бар екен.
— Сендерге бүгінгі іс — әрекет ұнады ма?
— Ендеше бүгін барлығың белсенділік танытқандарың үшін, жұлдызшалармен мадақтаймын.
Балалар шеңберге түрып, шаттық шеңберін орындайды.
Балалар арнайы смайликтерді келген қонақтарға береді
Балалардың жауаптары
Балалар апта күндерін атап шығады.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды
Балалардың жауаптары
Бағдаршам
Бағдаршамның бұйрығына бағыну керекпіз. Қызыл — тоқта, сары — күт, жасыл — жүр дейді.
Балалар тапсырманың орындалу ретін тыңдайды және тапсырманы орындайды
пышақпен ойнауға болмайды, пышақтың жүзінен ұстауға болмайды, ауызға салуға, адамды нұқуға болмайды.
Балалар жұмбақ шешеді
Балалардың жауаптары
Балалардың жауаптары
Балалардың жауаптары
үлкендер бергенде ғана ішуге болады және жерде жатқан дәріні ішуге болмайды.
Балалар мысықты сипаттайды
Балалар тіл ұстарту жаттығуын орындайды
Балалардың жауаптары
Сіріңке от жағу үшін керек
Балалар өз ойларын айтады
Балалар теледидардан көрген сергіту сәттерін қайталап орындайды.
Тоқты үлкендердің көмегінсіз қосуға болмайды, тоқпен ойнауға болмайды, тоққа жолауға болмайды
Балалар тапсырманы орындайды.
Киім, көрпе — төсек, ойыншық тігу үшін қажет.
Инені ауызға салуға болмайды.
Балалар жаңылтпаш айтады
Қайшыны төмен қаратып жұмыс жасау керек. Ауызға және көзге салуға боламайды
Балалар ойын шартына сәйкес ойнайды
Балалардың жауаптары
Ауызға салып жемеу, иісін иіскемеу керек. Көзга немесе теріге жағуға болмайды
Балалар қызыға ойнайды.
Тиынды ауызға салуға болмайды. тістеуге және мұрынға тығуға болмайды
Балалар ән айтады
Балалар қуанады
Балалар қуанады
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: белгілердің атауын, 1 — ден 10 — ға дейінгі сандарды тура және кері санауды, өмір қауіпсыіздік ережелерін;үй жануарларының атауларын және төлдерін, Өз елдерін, Елбасыны, мемлекеттік рәміздерді, дыбыс түрлерін, әріптерді;
Меңгеруі тиіс: Өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтау керектігін, құрдастарымыен жағымды қарым — қатынас орнатып, бір — бірін сыйлауды; жылдамдықты, табиғатты қорғау керектігін;