Циклограмма Жаңартылған білім мазмұны бойынша

Өтпелі тақырып: «Менің отбасым»

21-25 қараша

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгібалалардың  жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік, дағдылары қалыптасады.   Балалар

рухани-адамгершілік құндылықтарын біледі.

Міндеттері:

  • Денсаулық сақтау технологиялары негізінде балалардың қозғалыс белсенділіктерін дамиды;
  • Инновациялық әдістер мен технологияларды қолдана отырып, әлеуметте  қарым-қатынас жасау үшін  тілді игереді және  коммуникативтік дағдылары  қалыптасады;
  • Интеллектуалдық қабілеттерін, логикалық ойлауын және қоршаған ортаның біртұтастығы туралы білімдері  жетіледі;
  • Шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық талғамдарын дамиды;
  • Қоршаған ортаға жағымды мінез-құлық пен қарым-қатынасқа дағдыланады.

 

Тобы: Ортаңғы топ «Қуаныш»

Тақырыпша:  «Қош келдің Алтын күз»

 

Күн тәртібі Уақыты Дүйсенбі Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі Жұма
Балаларды қабылдау

Ата-аналармен әңгімелесу

8.00-8.30 Тәрбиешінің балалармен қарым қатынасы:  Балабақша туралы  жан-жақты әңгімелесемін,  қарым-қатынас  және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға әртүрлі ойындар ұымдастырамын.  Жағымды жағдай орнатамын.

 

Бақылау

Ойындар (үстел үсті, саусақ және т.б)

 

 

Бақылау

Саралау

Тәрбиешінің жетекшілігімен жүргізілетін ойын

«Сен не кидің?»

Мақсаты: Киім атауларын дұрыс айтады. Сөйлем құрастырады. Сөз ішінде қазақ тілінде тән дыбыстарды дұрыс айтуға  жаттықтығады.

Саралау:  Мазмұнды

Бақылау: Тікелей, жаппай

Сыни ойлау

Бала үні        

4К моделі                                                                                                                                                                                                                                                                    

Тәрбиешінің жетекшілігімен жүргізілетін ойын

 «Сен не кидің?»

Мақсаты: Киім атауларын дұрыс айтады. Сөйлем құрастырады. Дыбыстарды дұрыс айтуға  жаттығады.

Креативтілік, сыни ойлау,

Бақылау: Жаппай

Саралау: Мазмұнды, оқу артасы

4К моделі                                                                                                                                                                                                                                                                    

Тәрбиешінің жетекшілігімен жүргізілетін ойын

 «Бір сөзбен айт»

Мақсаты: Балалар бір сөзбен айтуға үйренеді. Мынау не? сұраққа  жауап береді.  Дыбыстарды дұрыс  айтады.

  Сыни ойлау, Коммуникативтілік дамыту.

Бақылау: Құрылымдалған, жаппай

Саралау: оқу ортасы, мазмұнды

Еркін ойын

«Дүкен»

  Мақсаты:  Сатушының рөлін ойнай біледі, шапшаңдылыққа үйренеді

 Сыни ойлау, Коммуникативтілік дамыту.

Бақылау: Құрылымдалған, жаппай

Саралау: оқу ортасы, мазмұнды

4К моделі                                                                                                                                                                                                                                                                    

Құрылымдалған ойын   «Қуыршаққа ыдысты таңдап бер»

мақсаты: Балалардың ыдыс-аяқтар жайлы білімдерін пысықтайды, оларды қажетіне қарай қолда-на білуге үйренеді, сөздік қорларын молаяды, зеректікке, тапқырлыққа қалыптасады.

Коммуникативтілік дамыту.

Креативтілік, сыни ойлау,

Бақылау: Жаппай

Саралау: Мазмұнды, оқу артасы

4К моделі

Таңертеңгілік гимнастика

 

      Бақылау

 

 

8.36-8.46 Таңартеңгі жаттығулар №4

Қазан  айының     21.10.19 – 31.10.19 ж.

І. Жүреді, жанымен жүреді, жүреді,  әр түрлі бағытта жүгіреді, жүреді, звеноға бөлінеді.

ІІ. Жан-жақты дамыту жаттығулары:

1. Бастапқы қалып: аяқтың арасы ашық қол төменде. 1-қолды алға созу, 2-жанына қою, 3-бастапқы қалыпқа оралады. 5-6 рет қайталайды.

2. Бастапқы қалып: аяқтың арасы ашық қол белде. 1-оңға иіледі, 2-бастапқы қалып, 3-солға иіледі, 4-бастапқы қалып. 5-6 рет қайталайды.

3. Бастапқы қалып: аяқтың арасы ашық, қол иықта. 1-қолды жанына созады, 2-бастапқы қалыпқа оралады. 5-6рет қайталайды

4. Қос аяқпен секіреді. 7-8 сек

ІІІ. Еркін тыныс алу жаттығуларын жасайды.

 

Таңғы ас 8.46-9.00 Сылдырлайды мөлдір су,

Мөлдір суға қолыңды жу

Жуынсаң сен әрдайым

Таза бетің маңдайың

Астарың дәмді болсын!

Ботқаның, дәрумендердің, дұрыс тамақтанудың және т.б. балалардың денсаулығына пайдасы туралы әңгімелесемін, дастархан басында әдептілік пен тазалық сақтап отырып ас ішуге дағдыланады.

Ұйымдастырылған оқу қызметіне (ҰОҚ) дайындық 9.00-9.15 Балалармен ұйымдастырылатын оқу қызметіне қажетті дамытушы орталықтардың (белсенділік орталықтары)  материалдарын, көрнекіліктерін, дидактикалық ойын материалдарын дайындаймын.
Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша  ұйымдастырылған  оқу кестесі 9.15-11.10 1. Ән

2. Жаратылыстану

3. Орыс тілі

1. Сөйлеуді дамыту

2. Дене тәрбиесі

1. Қоршаған орта

2. Математика негіздері 

1. Сурет 

2. Дене тәрбиесі

1. Жапсыру

2.Дене тәрбиесі 

1. Музыка

 Тақырыбы: «Алтын күз»

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғынады. Музыканы тыңдай отырып, ішкі сезімдерін оянады.

Ән тыңдау: «Күз» Қ.Шілдебаев

Ән айту: «Күн суытты далада». Н. Айтуова

Әуенді ырғақты-қимыл, ойын:

«Күзгі вальс»

 

2. Жаратылыстану

Тақырыбы:

«Жабайы жануарлар»

Мақсаты: Тәрбиелілік: Жанды табиғатты аялауға үйренеді.

Білімділік:  Жабайы жануарлар мен олардың балалары туралы

алғашқы түсінік қалыптасады Дамытушылық:  Ілтипат пен ықылыстарын көрсететін көңіл-күйлерін дамиды. Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: Жабай жануарлардың атауларын айтты

Түсінеді: Жабайы жануарлардың тіршілігі мен қорегін білді

Қолданады: Жабайы аңдарға байланысты тақпақ, жұмбақты пайдалана отырып, әңгіме құрастырады.

Ресурстар: Суреттер, жабай жануарлар ойыншықтары.

ҰОҚ барысы:

Шаттық шеңбері:

Жарқын-жарқын үніміз

Болашақтың күніміз

Балабақша үйінің

Жайнап тұрған гүліміз. «Топтастыру» әдісі саралау

І топ  Қояндар

ІІ топ  Аюлар

Бала үні, сыни ойлау.

— Балалар  бүгін біз «Жабайы аңдар» жайлы әңгімелейміз.

Теледидарда суреттелген.

Жабайы аңдарға қоян, қасқыр, түлкі, арыстан, жолбарыс жатады. Суретін көрсетемін. Балалар, жабайы аңдар орманда, таулы жерлерде, далада өмір сүреді. Өз азықтарын өздері тауып жейді. Олар күннің суығында, ыстығында да далада жүріп өмір сүреді. Аңдар жыртқыш және пайдалы болып бөлінеді.

Жолбарыс, арыстан, аю, қасқыр — жыртқыш аңдар қатарына жатады. Солардың ішінде арыстанды — аң патшасы деп атайды.

Балалар, аңдардың да пайдасы бар. Олардың терісінен тон, ішік, жаға, киім-кешектер жасалады.

Ашық сұрақтар:

-Балалар бұлар қандай аңдар?

-Балалр, сендер қандай жыртқыш аңдарды білесіңдер?

Жабайы аңдар қалай дыбыстайды?

Кері  байланыс, жетелеуші сұрақтар, бала үні

І топ: Қояндар

Тәрбиешінің жетекшілігімен жұргізілетін ойын «Немен қоректенеді?»

Мақсаты: Жабайы аңдардың қорегі жайында бідледі, олаға қамқорлық жасайды. (Қасқыр, жолбарыс- өзінен кішкентай аңдарға шабады.

Түлкі –ұсақ кеміргіштер, көбінесе тышқандармен қоректенеді.

Қоян –шөптермен қоректенеді. Ең сүйікті тағамы — сәбіз.

Аю  -жазда жеміс — жидектермен, бал жейді, ал қыста ұйқыға кетеді)

Бақылау: Тікелей, Жаппай

Саралау: Өнім арқыл, оқу ортасы, Мазмұнды.

Сыни ойлау, Командада жұмыс жасау,  Креативтілік, Бала үні

 

ІІ топ: Аюлар

Құрылымдалған ойын  «Төлдерімен сәйкестендір»
Мақсаты:
 Балалар жабай жануарал төлдерін біледі. Топтастыруға, сәйкестендіруге дағдыланады. (Аюдың баласы — қонжық,

Қасқырдың баласы — бөлтірік,  Қоянның баласы — көжек,

Арыстанның баласы — абдай, Жолбарыстың баласы — шөнжік,

Түлкінің баласы — мышан)

Бақылау: Тікелей, Жаппай

Саралау: Өнім арқыл, оқу ортасы, Мазмұнды.

Командада жұмыс жасау, Бала үні. сыни ойлау

Сергіту сәті

Қасқыр ағаш жарады,

Түлкі кілем қағады.

Елік тамақ пісіріп,

Қоян тамды жабады.

Кірпі көйлек тоқиды,

Тиын сабақ оқиды.

 

Бекіту: Кері байланыс

Осы жабайы аңдарға байланысты жұмбақ жасырайын

1.Ит сияқты пішіні,

Ұнатпайды  кісін.

                     -қасқыр

2.Жазда қырады,

Қыста тынығады.  -аю

3.Орғыған қорқақ көзі еді,  Қыс пен жазда тон киеді.           -қоян

4.Қу екен аңдардың бір сәтте алдадым.

                      -түлкі

-Өте дұрыс, сендер, жұмбақты да шеше біледі екенсіңдер.

Бала үні, Сыни ойлау

Айтылым, Тыңдалым

Бағалау: «Отшашу» әдісі арқылы бағалау..

Креативтілік

 

3.  Русский язык

Тема: «Золотая осень»

Цель: обучать правильному произношению гласных звуков, называть времена года и некоторые явления природы, отвечать на короткие вопросы простыми предложениями

 

1.  Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Алтын күз .«Жапырақтар»

Т. Молдағалииев  өлеңі

Тәрбиелілік: Өлеңді тыңдап, күз мезгілі туралы түсінік қалыптасасды Білімділік: Күз мезгілінің жапырақтарымен таныстыра отыра оларды,3-4 сөзден сөйлем құрастыруға дағдыланады.

Дамытушылық:  Жапырақтартуралы ұғымдарын кеңейеді.

Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: Балалар жапырақтардың сарғаю себептерін біледі.

Түсінеді: Сұрақты тыңдап, дұрыс жауап беруге дағдыланады. Қолданады: Өлеңді жаттайды.

Ресурстар: Күз мезгіліне байланысты бейне суреттер, бейне таспа (ақпаратты құралдар арқылы көрсету), табиғи сары-жасыл жапырақтар. «Топтастыру» әдісі саралау

І топ Жасыл жапырақтар

ІІ топ Сары жапырақтар

«Шарды қағып ал» әдісі бойынша ашық сұрақтар қоямын.

Бала үні.

Сыни ойлау.

Миға шабуыл

 

-Қазір қай мезгіл?

-Күз мезгілнің белгісі.

-Жапырақтардың түсі қандай?

-Не себепті сарғаяды?

І топ Жасыл жапырақтар

Тәрбиешінің жетекшілігімен жүргізілетін ойын «Табиғат құбылыстарын ата»

Мақсаты: Табиғатта болатын өзгерістерді, олардың жыл мезгілдерін сипаттай-тын басты ерекшелік-терді түсінеді.  Жыл мезгілдері туралы жалпы түсінік беру барысында, табиғат құбылыстарының өзгеріп отыратынын түсінуге үйренеді. Табиғатты сүюге, оны құрметтейді.

Саралау: мазмұнды, оқу ортасы, өнім арқылы

Бақылау: Жаппай, тікелей

4К, Бала үні

 

ІІ топ Сары жапырақтар

Құрылымдалған  ойын

«Сәйкестендір»

Мақсаты: Жапырақтардың пішіні мен көлеміне байланысты сәйкестендіру барысында есте сақтау қабілеті дамиды.

Саралау: мазмұнды, өнім арқылы

Бақылау: Құрылымдалған, жаппай, тікелей.

4К, Бала үні

 

Сергіту сәті:

Сергіту жаттығуы.

Түн болды,

Жел соқты,

Жел қатты соқты.

Жаңбыр жауды,

Жаңбыр қатты жауды.

Жаңбыр тоқтады,

Күн шықты,

Таң атты!

 

 Бекіту:  Әңгімелеу: «Күз» мезгілі (сурет бойынша)

Мақсаты: әңгімелей білуге тәрбиелеу.

Шарты: сурет бойынша балалар әңгіме құрастырады.

 

Саралау: мазмұнды, оқу ортасы

Бақылау: жанама, жаппай, тікелей.

Бала үні, Креативтік, Коммуникативтік дамыту.

 

Бағалау: Бағалау: «Смайликтер» әдісі арқылы балалар бірін-бірі смайликтегі мимикаларды жасай отырып бағалайды.

Сыни ойлау, бала үні

 

2. Дене шынықтыру

(негізгі қимылдар)

1. .Заттар арасымен еңбектенеді.

2.Тұрған жерінен ұзындыққа секіреді

Қимылды ойын: «Көкөністер жинайық»

 

1.  Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Отбасым-бақыт  мекені»

Мақсаты: Тәрбиелілік: Үлкендерді  құрмет-теу, сыйлау, адамгершілік қасиеттері қалыптасады.

Білімділік: Отбасы мүшелерін атауға, сұрақ — жауап арқылы сұхбаттасуға үйренеді.

Дамытушылық: Есте сақтау, көру, ойлау, сөйлеу, танымдық процестерін, қиалын, қызығушылығын дамиды.

Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: отбасындағы адамгер-шілік, әдептілік нормаларын сақтайды

Түсінеді: отбасы мүшелерінің туысқандақ қарым-қатынасын түсініп, бір-біріне ұамқор болу керектігін біледі.

Қолданады: отбасы мүшелерінің арасындағы әдептілік дағдыларын және өзіндік тиесілі міндеттерін қолда-нады

Ресурстар:  Отбасы суреті, үй, дидактикалық материалдар.

ҰОҚ барысы:

-Балалар, қане барлығымыз  көзімізді жұмайықшы.

(Сол кезде балалардың сыңғырлаған  күлкісі естіледі)

-Балалар, жаңа біз ненің дауысын естідік?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Бұл  бақытты балалардың қүлкісі. Ал біздер қасымызда, жанымызда кімдер болғанда бақытты боламыз?

«Топтастыру» әдісі саралау

І топ  Киіз үй

ІІ топ  Жер үй

Балалар  мына суретке назар  салайықшы мына суретте біз кімдерді көріп тұрмыз?

( отбасының суреті)

І топ Киіз үй

Құрылымдаолған ойын «Ретімен орналастыр»

Мақсаты: Үлкеннен кішіге қарай орналас-тыру барысында үлкенді сыйлауға, құрметтеуге үйренеді.

Саралау: мазмұнды, өнім арқылы

Бақылау: Құрылымдалған, жаппай, тікелей.

4К, Бала үні

ІІ топ Жер үй

Құрылымдалған ойын «Кімге не керек?»

Мақсаты: Үйдегі үлкендердің кім қандай іспен айналысатынын сәйкестендіру барысында баланың тіл байлығы дамиды. Саралау: мазмұнды, өнім арқылы

Бақылау: Құрылымдалған, жаппай, тікелей.

4К, Бала үні

 Сергіту сәті: «Отбасы»

Бас бармақ – ата, балан үйрек – әже

Ортан терек – әке, шылдыр шүмек – ана,

кішкентай бөбек – мен

Міне менің барлық отбасым

Бекіту: 

Тәрбиешінің жетекшілігімен жүргізілетін ойын:  «Кім тез табады?»

О/шарты:Тәрбиеші отбасы мүшелерінің бірін сипаттап береді,балалар кім екенін тез табу керек.

-Өзі мейірімді, шашы ағарған, кешкілік ертегі айтып береді? Бұл кім?

-Көзінде көзілдірігі бар, көп оқиды, әжеге көмектеседі, немерелерді ренжітпейді. Бұл кім?

-Жер бетіндегі ең әдемі , сен үшін қымбат  адам. Бұл кім?

-Өзі қатал , бос уақытын балалармен  бірге табиғатта  өткізетін отбасы мүшесі кім?
— Әже.

-Ата.

-Ана

-Әке

Бағалау:  Басбармақ әдісі арқылы.

 

2.  Математикалық негіздер

Тақырыбы: «Күзгі ағаштар»

Тәрбиелілік:  таныс заттарды көлеміне салыстыруға қалыптасады.

Білімділік:   Жуан-жіңішке, биік- аласа, ұғымдарын біледі.

Дамытушылық:  Баланың зейіні, есте сақтау қабілеті артады.

Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: «Жуан-жіңішке, биік аласа»  ұғымдарын біледі.

Түсінеді: сұраққа нақты жауап береді.

Қолданады: салыстыру жұмыста-рын істей біледі

Ресурстар: геометриялық пішіндер. ойыншықтар

ҰОҚ барысы:

Шаттық шеңбері.

Біз ерекше баламыз

Айтқан тілді аламыз

Достарымды көргенде

Қуана қарсы аламын

Қайырлы таң балалар!

 «Топтастыру» әдісі саралау

«Кір жаятын қыстырғыштар» тәсілі арқылы үш топқа бөлемін (Жіпке ілінген қыстырғыш-тағы  ағаштар мен өсімдіктердің суреттеріне қарай)

І топ Ағаштар

ІІ топ Өсімдіктер

І топ Ағаштар

Құрылымдалған ойын  «Салыстыр»

Мақсаты: Балалар ұзын мен қысқаны салыстыру арқылы ұзындықты реттеуге үйренеді.

Саралау: мазмұнды, оқу ортасы, өнім арқылы

Бақылау: Жаппай, тікелей

4К, Бала үні

 

ІІ топқа Өсімдіктер Тәрбиешінің жетекшілігімен жүргізілетін ойын «Көзіңді жұмып, қолыңмен анықта»

Мақсаты: Ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту.

Ойынның құрал-жабдықтары: қарындаштар, таяқшалар.

Ойынның мазмұны: Балалар сипап – сезу арқылы заттың ұзын — қысқалығын анықтау. Ұзындығы әртүрлі қарындаштар алынады. Жүргізуші бір баланы шақырып, оған «көзіңді жұм да, қарындаштың ұзын-қысқалығын анықта» деген тапсырма береді

Саралау: мазмұнды, өнім арқылы, оқу ортасы.

Бақылау: Жаппай, құрылымдалған, тікелей, жанама

4К, Бала үні, Сыни ойлау. Айтылым

Сергіту сәті «Күн»

Күндей болып күлеміз

Гүлдей болып өсеміз

Құстар болып ұшамыз

Көбелектей қонамыз

 

Бекіту:

Тәрбиешінің жетекшілігімен жүргізілетін ойын «Мынау қай пішін?»

Мақсаты: Геометриялық пішінді анықтау арқылы айта білу.

Қажетті құралдар: Картоннан жасалған геометриялық пішіндер 5–түрі.

Саралау: мазмұнды

Бақылау: тікелей

Бала үні, Коммуникативтік дамыту.

 

Бағалау:  Басбармақ әдісі арқылы балалар бірін-бірі бағалайды

1.  Сурет салу

Тақырыбы: «Жемістер»

Мақсаты: Тәрбиелілік: Балалар бірізділікке, жүйелілікке, ұқыптылыққа тәрбиеленеді.

Білімділік:  Жемістерді бейнелей білу дағдыларын жетіледі.

Дамытушылық: Сурет салу техникаларының бастапқы дағдыларын меңгереді.

Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: жемістің суретін салуға дағдыланады

Түсінеді: жоғарыдан төмен қарай сызық сызу дағдысы қалыптасады

Қолданады: жемістер салуда өз еркімен бояу түстерін таңдай біледі.

Ресурстар: бояулар, қылқалам, қағаз, су, сүлгі, сурет дәптер

ҰОҚ барысы: Шаттық шеңбері:

Қызыл-жасыл, қарасын

Қолға кезек аласың,

Қарындашпен әртүрлі,

Алуан сурет саласың.

Қарындаштың көмегі,

Міне, қандай көп еді.

Ұштай біл де, ұстай біл,

Түрлі өрнек төгеді.

/Н.Айтов/.

 «Топтастыру» әдісі саралау

І топ Алмалар

ІІ топ Алмұрттар

І топ  Алмалар

Тәрбиешінің жетекшілігімен жүргізілетін ойын «Ағашта не өседі»

Мақсаты: Балалармен сөйлем құрастыру. Не қайда өседі? сұраққа жауап беруге үйренеді. Ағаштағы жемістерді бояйды.

Мысалы: Мынау алма. Алма ағашта өседі

Саралау: мазмұнды, оқу ортасы, өнім арқылы

Бақылау: Жаппай, тікелей, жанама

4К, Бала үні

ІІ топ Алмұрттар

Құрылымдалған ойын

 Ойын  «Жемістер мен көкөністер»

Мақсаты: Жемістердің және көкөністердің атауларын шатастырмай                                          дұрыс айтады, екінші жартысын салып, бояйды. Жәшік пен себетке салады.

Саралау: мазмұнды, оқу ортасы, өнім арқылы

Бақылау: Жаппай, тікелей, жанама

4К, Бала үні

 

 Сергіту сәті «Қуыр, қуыр, қуырмаш»

Қуыр, қуыр, қуырмаш

Балапанға бидай шаш

Бас бармақ, балан үйрек

Ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек

 

Бекіту: 

Ашық сұрақтар

-Балалар сендер бүгін ненің суретін салдыңдар?

-Немен салдыңдар?

-Жемістің суретін салған сендерге ұнады ма?

-Жарайсыңдар, сендер өте алғыр екенсіңдер.

Сыни ойлау, миға шабыл, тыңдалым, айтылым.

Кері байланыс

Бала үні.

коммуникативтік дамыту.

Бағалау: «Смайликтер» әдісі арқылы балалар бірін-бірі смайликтегі мимикаларды жасай отырып бағалайды.

Сыни ойлау, бала үні

 

3 Дене шынықтыру

(негізгі қимылдар)

 1. Тұрған жерінен ұзындыққа секіреді

2. Көлденең нысанаға допты лақтырады.

Қимылды ойын: «Себетті толтыр»

 

1. Жапсыру

Тақырыбы:«Күздің сыйы»

Мақсаты Тәрбиелілік: Желімді қылқаламға ұқыпты жағып алу дағдылары қалыптасады.

Білімділік: дайын пішіндерден заттардың бейнесін жасауға үйренеді Дамытушылық: есте сақтау қабілеті, жүйелік, бірізділік қабілеттері дамиды.

Күтілетін нәтиже

Жаңғыртады: Жемістерді атай отырып, бірін-бірінен ерекшеліктерін ажырата алады.

Түсінеді: Жемістерді танып, түстерінің, дәмінің  әр түрлі болатынын түсінді.

Қолданады: Жемістерді пішіндер арқылы жапсырады.

ҰОҚ басы:

Тәрбиеші: Балалар, біз бүгін бір-бірімізге жақсы тілектер айту арқылы «Жақсы көру» пирамидасын жасаймыз. Балалар Тәрбиешіге жақындап үстел үстіндегі оның оң қолының үстіне, өздерінің оң қолдарын қойып, жақсы тілектер айтады.

Бала үні.  Тікелей бақылау. Тыңдалым, айтылым

«Топтастыру» әдісі саралау

І топ  Жемістер

ІІ топ  Көкөністер

 

І топ Жемістер

Тәрбиешінің жетекшілігімен жүргізілетін ойын:  «Жемістерді құрастыр»

Мақсаты: Балалар пішіндерді құарстыра отырып жемістер жапсынып шығу барысында бірізділікке, сыни ойлауға дағдыланады.

Саралау: Оқу процесі арқылы, мазмұнды.

Бақылау: Тікелей, Жаппай

4К, Бала үні

 

ІІ топ Алмұрт

Құрылымдалған ойын «Көкөністерді құрастыр»

Мақсаты:  Пазлды құрастыра отырып баланың сыни ойлау қабілеті қалыптасады.

 

Жапырақтарды дайын ағаш суретіне мұқият  жапсырады. «ЕдуКуест» жүйесі

Саралау: Оқу ортасы, өнім арқылы

Бақылау:  Құрылымдалған, жаппай

4К, Бала үні.

 

Сергіту сәті:
Биік болып өсеміз.
Жапырақтай жайқалып
Шетімізден шеберміз
Әсем сурет жапсырып
Біз тынығып аламыз.

 

-Жарайсыңдар балалар ойынды жақсы ойнадыңдар!

 

Ашық сұрақтар. 

Ал балалар, жемістер қайда өседі екен?

-Қане, «Жемістер жыры» өлеңін тағы бір атып жіберйікші.

-Жарайсыңдар, бұл өлеңде қандай жемістер айтылған?

-Дұрыс. Енді осы жемістерге  күтім жасап тұрайық.

Бала үні, Сыни ойлау

Айтылым, Тыңдалым

 

Тәрбиешінің жетекшілігімен жүргізілетін ойын: «Қай ағаштың жемісі?»

Шарты: Әр жемісті сәйкес ағаштарға тауып ілу. (Алма, алмұрт, шие) ағаштары

Бақылау: Тікелей, Жаппай

Саралау: Өнім арқыл, оқу ортасы, Мазмұнды.

Сыни ойлау, Командада жұмыс жасау,  Креативтілік, Бала үні

 

Бағалау: -Балалар,  Басбармақпен бүгінгі сабақты бағалайық

 

3. Дене шынықтыру

(негізгі қимылдар)

1. .Заттар арасымен еңбектеу

2.Тұрған жерінен ұзындыққа секіру

Серуенге дайындық 11.15-11.25 Киіну.  Серенге шығу,  балаларды біртіндеп киіндіру,  дұрыстап киінуін қадағалау,  қатармен жүруге дағдыландыру.

Бақылау

Серуен

 

 

 

 

Бақылау, Танымдық оқиға, Бала үні, Ашық сұрақтар, Тыңдалым, Айтылым

11.25-12.10 Серуен № 6

Құстарды бақылау

Мақсаты:

·         Құстарды бақылауды әрі қарай жалғастырады

·         Торғай мен көгершінді салыстырады.

Бақылау барысы:

Серуенге шығардың алдында тәрбиеші, балаларға көгершіндердің қоректендіретін нан алып шығу керектігін айтады. Далаға шыққан соң, құстардың қанша екенін бақылап қарау керек. Көгершіндердің қоректенуңн бақылау. Балалардың назарын көгершіндердің қоректі көретін көздері, оны шұқып жейтін тұмсықтарын, жүретін аяқтары, ұшуға көмектесетін құйрығымен қанаттары бар екендігіне аударады Көгершіндердің түстері және үлкендіктері әр түрлі болып келеді.

Еңбек әрекеті:

Тәрбиешімен бірге құстарға беретін қоректі даярлайды.

Мақсаты:

·         Құстарды күтуде қолғабыс тигізеді.

·         Үлкендердің көмегімен құстарды қоректендіруге дағдыланады.

Құрылымдалған ойын: «Бір,екі,үш жүгір!»

Мақсаты:

·         Белгі бойынша әрекет етуге үйренеді.

·         Жүгірудің шапшаңдығын арттыру

«мені қуып жет»

Мақсаты:

·         Кеңістікте шапшаң жүгіре білуге үйрету

·         Ептілігін арттыру

Ресурстар:

Ойынға арналған бет перделер,құстарға арналған қорек, қарындаштар мен пішіндер.

 

.

Серуен №7

Мұзды өрнекті бақылау.

Мақсаты:

Терезеге салынған ою өрнекті қарастырады.

Бақылау барысы:

Балаларды терезеге жақындатып апарып, ондағы ою өрнекті бақылап қарауын ұсынамын.  Балалар әр терезеге салынған өрнектерді салыстырсын. Аяз суретті бірдей сала ма екен? Қай өрнек ең әдемі? Егер біз саусағымызбен өрнекке тигізсек не болады?

Еңбек әрекеті:

Мақсаты:

Балабақша ауласында тазалық пен тәртіпке дағдыланады.

Құрылымдалған ойын:

«Өз жұбынды қуып жет»

Мақсаты:

·         Тәрбиешінің белгісі бойынша әрекет етеді.

·         Өз жұбын жаңылмай тез тауып ал

«Ұсталып қалма»

Мақсаты:

·         Әр бағытта жүгіре алуға жаттығады.

·         Ақырын және шапшаң жүгіру қабілеттерін артады.

Ресурстар:

Ағаш, күрекшелер.

 

Сеуен№ 8

Жаңа түскен қарды бақылау.

Мақсаты:

·         Қыс туралытүсінік-терін қалыптасады.

·         Қысқы әсем табиғатқа серуен барысында эстетикалық сезімдерін қалыптасады.

Бақылау барысы:

Ауыл алды ақша қар

Ақша қарда балалар

Соғып жатыр аққала

Біреуі әйнек ойыпты

Біреуі есік қойыпты

Өздеріне шақ қана.

Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды.

·         Қазір қандай жыл мезгілі? (қыс)

·         Неге? (Өйткені айнала аппақ қар әрі күн суық)

·         Қардың түсі қандай? (Аппақ)

·         Қар жауған кезде ауа ирайы жылы болды ма? (егер қар жауған кезде ауа райы өзгерсе,онда қардың пішіні де өзгереді)

Еңбек әрекеті:

Ауладағы қарды тазалау.

Мақсаты:

Күрекпен қолдана алуды әрі қарай жалғастырады.

Қимыл қозғалыс ойыны:

«Қар атысу»

Мақсаты:

Көздеп ату қабілеттерін артады.

Ресурстар:

Күрекшелер, сыпырғыштар.

 

Серуен №9

Аула сыпырушының қысқы еңбегін бақылау.

Мақсаты:

·         Үлкендердің еңбегі туралы білімдерін кеңейеді.  Олардың еңбегін бағалайды.

Бақылау барысы:

Тәрбиешілер балаларға сұрақтар қояды.

·         Аула сыпырушыға қыста қандай еңбек құралдары керек? (күрек,сыпырғыш, шелек)

·         Ол қыста қандай жұмыс істейді? (жолдағы қарды тазалайды)

·         Аула сыпырушының еңбегі қажет пе? (Балабақша ауласы таза болуы үшін керек)

Еңбек әрекеті:

Ауланы қардан тазалайды

Мақсаты:

Аула сыпырушыға тратуарды қардан тазалауға көмектеседі.

Қимыл қозғалыс ойындары:

«Аю апанында»

Мақсаты:

Бірін бірі итермей жүгіре алуға жаттықтыру.

Ресурстар:

Күрекшелер, сыпырғыштар, шаналар.

 

Серуен №10

Бағдаршамды бақылау.

Мақсаты:

Бағдаршамның маңыздылығы туралы түсініктері бекиді.

Бақылау барысы:

Балаларды бұрылыс жерге апарып, бағдаршамның іс әрекетін бақылап қарайды.

Жолдардың торабын

Абайлап қараған

Әйгілеп үш сөзді

Бір дәу тұр үш көзді

Одан жас кәріміз

Бағындық бәріміз

Балаларға қызыл, сары, жасыл түсті дөңгелектер таратып беріп, әр түстің қалай жұмыс істейтінің аңғарту. Бағдаршам жанған кезде балалар қолдарындағы сәйкес түсті дөңгелекті көтереді,ал тәрбиеші нені білдіретінің айтады.

Менің үш көзім бар

Қызыл көзім тұр дейді

Жасыл көзім жүр дейді

Сары көзім абайла

Қарап ал маңайға

Еңбек әрекеті:

Жолдағы қарды тазалайды

Мақсаты:

Күрекпен қпрды белгілікті бір жерге жинайды.

Қимыл қозғалыс ойындары:

«Ұядағы құстар», «Өз үйінді тап»

Мақсаты:

Бірін бірі итермей, бос жүгіре алуға, өз орнын тауып келе алуға үйренеді.

Ресурстар:

Күрекшелер, сыпырғыштар, үш түрлі дөңгелектер.

Серуеннен оралу 12.10-12.15 Балалардың реттілікпен киімдерін шешуі,  өз шкафтарын тауып көрсетуге үйренеді.  Гигиеналық шараларын ұйымдастыруға  қалыптасады.

Бала үні, бақылау

Түскі ас 12.15-13.00 Балалардың назарын тамаққа аудару, мәдениетті тамақтануға, ас қайтаруға дағыланады.

Бақылау

Түскі ұйқы 13.00-15.15 Балаларға тынығып ұйықтау үшін жағдай жасаймын.

 

Аудио

Қ. Абдильдинаның әні

«Айым болып тудың ба»

Тыңдалым

Аудио ертегі

«Қасқыр мен тышқан»

Тыңдалым

Аудио ертегі

«Үш аю»

Тыңдалым

Аудио

Жазира Байырбекова

«Бесік жыры»

Тыңдалым

Аудио ертегі

«Алма»

Тыңдалым

Біртіндеп ұйқыдан ояту, ауа, су шарлары 15.15-15.45 Жалпақ табандылықтың алдын алу мақсатында ортопедиялық жол бойымен жүреді. Мәдени гигиеналық шараларын орынатады.

Мұнда бері қараңыз,

Бізде санай аламыз.

1,2,3 дегенде,  Түзу тұра қаламыз.

4,5,6 дегенде,  Алға қадам басамыз.

Бесін ас 15.45-16.00 Дастархан басындағы әдептілікке үйренеді, тамақты тауысып жеуге, сүттің, айранның, құрттың пайдасы туралы әңгімелейді.
Ойындар, дербес әрекет 16.00-16.30 Тақпақ

Көк майсалы көрікті Алқаптағы көп егін Бұл күндері киіпті Сары жібек көйлегін. Жел тынымсыз гуілдеп,

Болып кетті тым бұзық.

Шуылдайды тал, терек,

Жапырағын жұлғызып.

Айтылым, Тыңдалым, Коммуникативтілік

 

Ән

Аудио «Күз» әнін жаттайды.

 

Айтылым, Тыңдалым, Коммуникативті-лік

 

Бата

Сұрасаң бата берейін

Үстем болсын мерейің

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін.

Дастарханың мол болсын,

Абыройың зор болсын

 

Айтылым, Тыңдалым, Коммуникативтілік

 

 Тәрбиешінің жетекшілігімен жүргізілетін ойын

«Сипаттамасы бойынша тап»

Мақсаты: Ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа, үлкен-кіші ұғымдарын бекітеді.

Ресурстар: Жануарларды  бейнелейтін ойыншықтар

 

Саралау: мазмұнды, оқу ортасы, өнім арқылы.

Бақылау: Жаппай, тікелей,  жанама

Сыни ойлау.  Бала үні, Креативтік, Коммуникативтік дамыту.

Конструктор

Құрастыруға  дағдыланады.

 

Сыни ойлау, креативтік

Бақылау: тікелей, жаппай

Коммуника-тивтілік

Баланың жеке даму картасына кәйкес жеке жұмыс

Бақылау

Санжарды, Алишаны, Дінмұхамедті жұмысты тиянақты істеуге дағдыланады. Асияны, Назымды, Мадиярды  күздің бейнесін сөйлем құрастырады.  Ясина, Байбек,   Нұрбектерге жыл мезгілдерін ажыратады. Аделя, Аделина, Нұрәлінің  ұсақ саусақ маторикасы қалыптасады. Бекарыс, Мансурдың есте сақтау қабілеті артады
Серуенге дайындық 16.30-16.40 Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйренеді, жылы дұрыс киінудің адам денсаулығына пайдасы туралы әңгімелесемін.

Бақылау

Серуен 16.40-17.30 Еркін ойын барысында серуенге қызығушылығы  артады, балалар бір-бірімен қарым-қатынасқа түсе отырып, ойын еркін жеткізеді.

Бала үні. Бақылау. Танымдық оқиға.

Балалардың үйге қайтуы

Бақылау

17.30-17.45 Ата-аналармен

балалардың  жағдайы, көңіл-күйі туралы әңгімелесемін

Ата-аналарға кеңес: «Баланы күзде қалай киіндіру керек?»

 

Ата-аналарға кеңес: «Суық тию ауруларын алдын-алу»

 

Ата-аналарға кеңес: «Баланың үйдегі күн тәртібін қалыптастырыңыз»

 

«Бала денсаулығына көңіл бөліп отыру керек»  тақырыбында ата-анамен әңгімелесемін

 

Вам может также понравиться...

1 комментарий

  1. Семинар өте жаксы ұйымдастырылған керегімді алдым.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *