« Мектеп жасына дейінгі балалардың жұптық жұмыс арқылы танымдық қабілетін дамыту»
Жұптық жұмыс дегеніміздің өзі берілген тапсырмаларды екі баладан отырып орындайтын жұмыс түрі. Яғни мұнда өзара қарым-қатынас, достық қарым-қатынас, бірлесе жұмыс жасау дамиды.
Оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық қызығушылығын арттыру, танымдық жан қуаттарының оянуына түрткі болу- ол мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының негізгі мәселесі. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілетін дамыту үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде бейнелі көрнекіліктерді, логикалық тапсырмаларды қолдану қажет. Осы аталғандар мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілетін жандандырып, өз бетімен жұмыс жасауға итермелейді.
Жалпы алғанда мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілетін дамытуда қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, құрастыру, экология негіздері, қоршаған ортамен таныстыру сияқты ұйымдастырылған оқу қызметтері арқылы жүзеге асырудамын. Әр баланың танымдық қабілеті әр түрлі. Мысалыға алып қарайтын болсақ, менің тобым 4 жастағы ересек балалар. Жас ерекшеліктері бірдей болсада, олардың сыртқы айналаны әр түрлі қабылдап, әр түрлі әсер алатындары сөзсіз. Сондықтанда соның барлығын ескере отырып мен осы иновациялық жобамда балалардың танымдық қабілеттерінің дамуына зор үлесімді қосқым келеді.
ҚМҰҚ-ұйымдастырылған оқу қызметі мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілетін дамытуда мына мақсаттарды жүзеге асырамын:
-балалардың алғашқы ойлау операциясы: салыстыру, қорыту, заттар мен түсініктер арасындағы кейбір байланыстарды құру ептіліктерін қалыптастыру.
Яғни бұл оқу іс-әрекеттің түрінде балалар заттардың көлемін, геометриялық пішінін, кеңістікті бағдарлауды танып білуі қажет. Қазіргі таңда бұл жұмыстар менің практикамда ілгері қадаммен келеді. Әр баланың танымдық қабілеті әр түрлі қалыпта дамыған, олар әр заттты әр түрлі қабылдап өзінше бағдарлап, сипаттап айтады.
Көбіне біз мектеп жасына дейінгі балаларға танымдық қабілеттерді дамытуда жалпылама жұмыстар арқылы жүргізіп, дамытуға тырысамыз. Мен өзімнің атқарып жатқан жұмысымның негізіне осы жастағы балалардың танымдық қабілеттерін жұптық жұмыс арқылы дамытып, қалыптастырудамын. Мысалыға екі баланы жұптастырып кеңістікті бағдарлау тапсырмасын берсем, бір бала өзінің оң және солын ажыратып жатса, екінші бала өзіне қай заттар жақын –алыс екенің ажыратып жатады. Ал екеуі бірлесе қоршаған ортасындағы заттардың жоғары-төменде, алдында-артында орналасуын бағдарлап айтып бере алады.
Дәл осылай құрастыру оқу іс-әрекетін алсақ, жұптасу арқылы қағаздан не болмаса құрастыру материалдарынан бірлесе құрастыруларына болады. Йә, бұл жерде әр баланың қиялы әр түрлі екенінде ескеру қажет. Бірақ дегеніменде бұл тұрғыда балалар арасында өзара тіл табысу мен қатар, бірлесе жұмыс жасауыда орын алатыны сөзсіз. Сол сияқты әр оқу іс-әрекетінде танымдық қабілеттің артуына жұптық жұмыс жүргізу тиімді тәсілдердің бірі деседе болады.
Сонымен қатар ұйымдастырылған оқу қызметінің тағы бір түрі экология негіздері. Мұндағы балалардың танымдық қабілеттерін дамытуда мына мақсат міндеттерді басшылыққа аламын:
- Мектепке дейінгі балардың экология саласы бойынша қарапайым ұғымдар мен түсініктерді қалыптастыру.
- Қоршаған әлемдегі заттарға танымдық қызығушылықтарын арттыру. Қоршаған әлемді түсінуге, қабылдауға оң көзқарастарын тәрбиелеу.
Осы орайда балаларға мына жұптық тапсырманы берсем:
Жұптасып жануар әлеміне байланысты иллюстрациялық материалдардар мен жұмыс, мұндағы басты тапсырма үй жануарлары мен жабайы аңдарды ажырату, олар жайлы түсініктерін кеңейтуі. Бір бала үй жануарларын, екінші бала жабайы аңдарды ажыратып, олардың ерекшеліктерін атайды.
Тағы бір тапсырма: өсімдіктерді күту. Мұнда да тағы жұптасып бір бала суарса, екінші бала өсімдіктің қажетсіз заттардан тазартып жұмыс істейді.
Танымдық қабілеттерді тек қана оқу іс-әрекеттермен ғана емес сонымен қатар ойын арқылы дамытуға болады. Әр тәрбиеші мектеп жасына дейінгі баланың қандай тұрғада болсын ойын арқылы дамитынын біледі. Осы орайда да, баланың танымдық қабілетін дамыту ойын арқылы жүзеге асыруға болады. Шетел және ұлттық педагогиканың өзі «Ойын бұл балаларды жан-жақты дамыту құралы» деген болатын. Ойын арқылы баланың ақыл ойы, құрбыларымен қарым қатынасы, қоршаған ортаны танып білуі, танымдық қабілеттерінің дамуына жағдай жасайды. Ойын таным процесін дамытудың негізі болғандықтан әр жаңашыл тәрбиеші тәрбие берудің мазмұнын үнемі ойын элементтерімен толықтырып отыру керек. Өйткені ойын арқылы ғана дамыған мекетеп жасына дейінгі балалар алғаш мектеп есігін ашқанда білімді, қоғамдық тәжірибені тез меңгеріп, өзінің психологиясын жан-жақты жетілдіріп, мінез-құлқы, ерік-жігері, қабілетін дамытып, танымдық қабілетін кеңейтіп, оқудың мазмұнына қызығушылықпен қарайды. Балалардың танымдық әрекетін ұйымдастыру формалары, құралдарын және әдістерін жетілдіру, яғни бұған: оқу іс-әрекет түрлері, иновациялық техникалар ( интерактивті тақта, проектор т.б), ойын түрлері жатады. Мектеп жасына дейінгі балалардың кезеңі нағыз қызығушылыққа толы кез. Олар бәрін көріп, біліп, ұсатап көргісі келеді. Осы шақта қалыптастырылған әр бір әрекет қабілеттер балалардың дамуында ерекше орын алады.
Танымдық қабілет балабақша балаларында білуге, көруге, ынта-ықласы мен құштарлығының ерекше көрінісі. Балалардың танымдық қабілеттерінің дамығандығы олардың практикалық тұрғыдан алған тәжірибеллерінен байқалады. Осы қабілет арқылы балаларда жеке тұлғаны қалыптастыру ерекше орын алады. Қазіргі заман талабына сай балалардың танымдық қабілеттерін дамытуға жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырудамын.
Қазіргі кездегі тәрбиешілер мен педагогтар баланың жеке басының дамуындағы танымдық қабілеттің маңыздылығының ең тиімді жолы шығармашылық жұмыста көрсету, үйрету, көркемдік әдебиетте нақтылау, өз бетінше жұмыс жасауына жағдай жасау, яғни, еркіндік беру керектігін айтады.
Мектепке дейінгі жас – танымдық қабілеттің қарқынды даму жасы. Танымдық қабілет – бала үшін маңызды оқиғалар мен мәліметтерді жадында қалдырады және сақтайды.
Сондай-ақ мектепке дейінгі балалардың танымдық қабілеті – тіл дамуы және ойлау бірлігінде дамиды. Баланың сау психикасының ерекшелігі – танымдық белсенділігі. танымдылық – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының бала миында жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ақыл-ой жағынан бала қаншалықты пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды және оның сұрақтары соншалықты алуан түрлі болады. Бала заттың бейнесін ғана емес, оның қимыл-қозғалыстары туралы да ойлайды. Бейнелі ойлау – 4 жасар бала ойлауының негізгі түрі. Әрине, ол жекелеген жағдайларға логикалық ойлауды да орындай алады, бірақ та бұл жаста көрнекілікке сүйенген оқыту басымырақ болады. Мұның өзі осы жастағы балалардың естері еріксіз жақсы дамиды. эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері мен таным үрдістері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.
Жаңа технология әдістерін қолдану – бұл әр баланың жүрегіндегі сезім – талшықтарын, қиялындағы ойды ояту, шығару, танымдық қабілетін ашу. логикалық ойлау қабілетін дамыту, шығармашылығын жетілдіру. Баланың тапқан жаңалығын сыртқа шығару, талдау. Қай технологияны сабақта қолдансаң да, осы тұжырымды басшылыққа алу керек. Сонда ғана балаларда танымдық қабілетін арттыруға қол жеткізуге болады.
Инновациялық жоба – бұл өзіңіздің әдістемелік жүйеңіз. Яғни, әр тәрбиешінің оқыту технологиясы бойынша жылдар бойы жинақтаған іс – тәжірибесінің нәтижесі.
Жаңа жоба күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр тәрбиеші алдында отырған баланың жас ерекшелігін ескеріп, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың бойына оқу қызметін меңгерту, ол танымдық белсенділікті дамытудың басты бағыты болып саналады.
Танымдық белсенділікті психологиялық -педагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, тәрбиелеу мен оқыту үрдісін қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Себебі меңгерілген білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудің нәтижесі емес, сонымен қатар балалардың өзіндік танымдық іс -әрекетіне қатынасының қатысуымен тәуелді болып келеді.
Танымдық белсенділік баланың психологиялық- денелік дамуының алғы шарты мен нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты балалардың жоғары психикалық үрдісін қабылдау, зейін, ойлау ерекшеліктері анықталады.
Барлық психикалық танымдық үрдістердің ішінен ойлау жетекші үрдіс болып табылады. Барлық танымдық процестер үрдістердің қасиеттері мен қатар бір-бірімен сипатын анықтай отырып, олармен бірге және тығыз байланыста болуып бірізділікте жүреді. Демек оқыту үрдісінде ынталандыру- бұл ең алдымен бала ойлауын дамыту болып табылады.
Ойлау адам өмірінде аса қымбат орын алады. Ойлау арқылы ғана заттардың, көріністердің араларындағы байламды белгілеп, оларда бар себептерді табады, келешекте оларға не болатынын ойлап шығарады. Келешекті болжай алады. Сондықтан тәрбиеші баланың дұрыс ойлап үйренуіне көп күш жұмсауы керек. Өйткені дұрыс ойлау ұрпақтан ұрпаққа табиғи түрде беріледі, оның үстіне тәжірибе арқылы да қалыптасады
Балаларда тану екі негізгі формада жүзеге асады:
Сезімдік тану формасы және абстракциялық ойлау формасы.
-Сезімдік тану, түйсік, қабылдау, елестету сияқты жолдармен көрініс табады, оның көмегімен біз заттардың жеке қасиеттерін ажыратамыз. Сезімдік тану- бұл тек ойлаудың бастапқы сатысы, адам дүниені түйсіне отырып қабылдайды.
Баланың бойындағы танымдық қабілетті ашу шығармашылық бағытта дамуына жетелейді.
«Пішінді орналастыр» логикалық ойын түрлерін айтуға болады.
Осындай ойындарды тапқырлықпен, ізденпаздықпен орындаған балалардың білімділік дағдылары қалыптасып жақсы нәтиже береді..
Педагогика және психология зерттеулері бойынша балалық шақ – баланың жеке тұлға болып өзін – өзі сезінуінің алғашқы сатысы, демек адамгершілік қасиеттер, ақыл –ойы, логикалық және танымдық қасиеттерін қалыптастырудың ең негізгі кезеңі болып табылады.
Баланың ақыл –ойының дамуы тек белгілі бір білім көлеміне емес, танымдық іс -әрекет амалдары мен тәсілдерін игерумен бірге еске сақтау, ойлау, елестету, танымдық шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Таным мен ой процесінің сатысы ретінде зерттеу ойлаудың білім мен тікелей байланысты екенін айқындайды.
Баланың қажеттілігі мен қызығушылығын түсіне білу, бүлдіршіндердің ой – өрісін іс – қимылын жан – жақты дамыту тәрбиешінің басты міндеті.
Бүлдіршіндердің танымдық және логикалық қабілетін дамытуда қарапайым математиканың алғашқы ұғымдарын ойын арқылы үйретудің заттары әртүрлі геометриялық пішіндерден құрастырудың, көру арқылы салыстырудың, қиялдаудың жұмбақтар жаттаудың маңызы зор. Өйткені жасырын тұрған ойдың нені меңзеп тұрғанын ойлап табу баланың ми қыртысының жұмысын шыңдайды, логикалық ойлау сезімін қалыптастырады. Танымдық қабілеттің ерекшелігі қорытындылардың қисындылығы да олардың негізіне сай келуі.
Сонымен, қорыта айтқанда, біздің тәжірибемізге негіз болған 3-4 жастағы балалардың жұптаса отырып құрастырған ертегілері мен қызықты әңгімелері ұйымдасқан түрде мағыналы, жүйелі, өз бетінше еркін жүргізілген жұмыс, танымдық қабілеттің дұрыс дамуына апаратын көп жолдың бірі болды деп есептеймін. 4 жасар бала өз қиялында алуан түрлі жағдайлар құра алады және баланың өзі сонда әртүрлі жағынан көрінеді. Ойын барысында қалыптаса отырып, қиял, танымдық қабілетте басқа да іс-әрекет түрінде өте алады.