Балабақша әлемі

Top Menu

  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

Main Menu

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтқа кіру
Кілт сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Забытый пароль

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

logo

Балабақша әлемі

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
Балабақша
Home›Балабақша›Қозы.

Қозы.

By admin
14 октября, 2018
2719
0
Share:

«Екпетал  мектеп  балабақшасы» КММ

Бекітемін:

Мектеп директорының оқу ісі

жөніндегі меңгерушісі: Г. Түркістанова

Тақырыбы:   Қозы.

                                    (ашық сабақ)

Өткізген: тәрбиеші Бисенғалиева Л

2016-2017 оқу жылы.

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Шығармашылық».

Ұйымдастырылған оқу қызметі:  «Тілді дамыту», «Сурет салу».

Тақырыбы: Қозы

Мақсаты: Үй жануарларын ажырата  білуге үйрету.

Білімділік: балаларды үй жануарларымен таныстыра отырып, төрт түліктердің төлдері жайында балаларға түсінік беру.Қозы туралы тақпақ үйрету.Триз элементтерін негізге ала отырып, дайын үлгі бойынша қозының бейнесінің суретін салғызу арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: Жайлау макеті, үй жануарлары, төлдері,талдар,жабайы аңдар.

Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұраққа –жауап, ойын,сергіту сәті.

Керекті құралдар-жабдықтар: дайын үлгі, желім, мақта.

Ұйымдастырылған оқу –қызметінің түрі: ашық сабақ.

Ұйымдастырылған оқу –қызметінің барысы: Ұйымдастыру сәті: балалар шеңбер болып тұрады. (шаттық шеңбер).

Тәрбиеші:     Қуан шаттан, алақай!

Қуанатын кез келді.

Қайырлы таң,қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.

Сәлеметсіңдерме балалар!

Сәлеметсіз бе апай!

«Сәлем –сөз анасы!» демекші балалар,төрде отырған апайлармен амандасайық.Кәне, бәріміз бірге « Сәлеметсіздер ме! »

— Балалар далада ауа –райы қандай?

— Қазір жылдың қай мезгілі?

— Көктем мезгілінде неше ай болады?

— Көктем ерекшеліктерін айтамыз?

Балалар көктем мезгілінде  ауа – райы  өте тамаша болады. Кәне бәріміз бірге серуенге шығайық. Ал балалар серуенге бармас  бұрын « Даусынан таны !» ойынын ойнайық.

Ойын  мақсаты: Үй жануарларын даусынан тани біле ,атап айтуға үйрету.

Ойын  шарты:  Тәрбиеші бір үй жануарының даусын  салады,балалар қай  жануардың  даусы  екенін  ажыратып, атап айту керек.

Мө-ө- ө;  Б-ө-ө-ө-ө;  М-ә-ә-ә; И-о-о-о;

(     Слайд  көрсету   )

Балалар  нелер туралы көрдіңдер? Балалар үй жануарларынның төлдері қалай аталады?

Сиырдың  төлі —  бұзау.

Түйенің  төлі  –бота.

Жылқының  төлі – құлыншақ.

Қойдың  төлі – қозы.

Ешкінің төлі – лақ.

Ғажайып  сәт:  Балалар кәне дұрыстап тыңдаймыз.Ненің даусы? Сандықшадан шығатын сияқты. Балалар ненің даусы?

Балалар :  Қозы.

Тәрбиеші:  Кәне сандықшаны ашып көрейікші.  Қараңдар балалар қозы бар екен,ал қозыдан сұраңдаршы,калай сандықшаға түсіп қалғанын.

Балалар : Қозы, қозы  қалай сандықшаға тап болдың?

Қозы: Балалар,мен енемнен адасып қалдым ,Енемді іздеп жүргенде сандықша алдымнан шықты. Ішіне кіріп едім есігі жабылып қалды.

Тәрбиеші: Балалар қозы адасып қалыпты, қарыныда ашып,шөлдепті, енді не істеуіміз керек?Қозыға көмек береміз ба?

Балалар:  Ия

Тәрбиеші: Қозының  қарыны ашып калыпты, ол үшін қозыға не береміз?

Балалар:  Шөп береміз, су береміз!

Тәрбиеші: Кәне балалар қозыға кім шөп береді?Кім су береді?

Қозының  көңілін көтеру үшін қозыға тақпақ айтып берейік.

Кәне балалар мен айтам сендер мұқият тыңдап, қайталап бересіңдер!

Кіп – кішкене  момақан .

Қошақанды ұнатам.

Сүйеді апам «қозым» деп,

«Қошақаным  — өзің» деп.

Балалар осы тақпақты қимылмен сергіту сәті қылып орындайықшы.

Тәрбиеші:  Қараңдаршы қозының түсі қандай?

Балалар : ақ түсті

Тәрбиеші: Жүні қандай?

Балалар: Жұмсақ, үлпілдек.

Тәрбиеші: Қозы қалай дыбыстайды?

Балалар: Мә-ә-ә-ә-ә.

Қозы көңілденді. Қозыны енесінің  қасына кім қояды.Кәне Алинұр қоя қойшы.Өте жақсы  отыра қой.

Тәрбиеші: Ал, балалар қозының суретін салып көреміз бе?

Балалар :   Ия

Сурет салу кезеңі:  Балаларға дайын үлгі таратылып, алдарына керекті құрал –жабдықтар таратылады.Тәрбиеші  сурет салудың әдіс  —  тәсілдерін көрсетуі,түсіндіруі бойынша балалар мақтаны бояуға батырып ақ қағазға  басу арқылы дайын улгіге түсіреді.

Балалар өз беттерінше суретті салады.

Балалар өте жақсы.

Ал балалар шаршағандарыңды басып ойын ойнайық.

Дидактикалық  ойын: « Қайсысы  артық!»

Ойын шарты: Үй жануарларының арасына жабайы жануарларды араластырып қоямыз.Балалар артық суреттерді табады.

Қорытынды:

Тәрбиеші: Біз балалар  енді біз өз бақшамызға қайту үшін не көргенімізді тілмен жеткізіп көрейік.Ойын арқылы «Доп беру»

Ойын мақсаты: Оқу қызметі барысында  алған білімдерін тиянақтап, дене қозғалыс әрекетін дамыту.

Ойын шарты: Балаға допты бере отырып, тақырып бойынша сұрақ қою, сұраққа жауап алу.

  • Балалар біз серуенге қайда бардық?
  • Серуенге бара жатқанда нені кездестірдік?
  • Сандықшадан не шықты?
  • Қозының енесін қалай атаймыз?
  • Мақтамен басу арқылы  нені бейнеледік?
  • Бугінгі серуен ұнады ма?
  • Балалар бүгінгі оқу- қызметіне білімді екендерінді көрсетіңдер.Осылай одан әрі   жарқырап жүре беріңдер деп жұлдызша таратамын!

Қонақтармен  қоштасып,бақшамызға оралайық

Previous Article

Үй құстары

Next Article

Мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді ...

0
Shares
  • 0
  • +
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

ҰҚСАС МАТЕРИАЛДАР ОСЫ АВТОРДАН

  • БалабақшаБАЛАБАҚША ӘЛЕМІ

    Ғарыш әлеміне саяхат

    4 мая, 2017
    By admin
  • Балабақша

    «Ақымақ қасқыр» ашық сабақ

    24 октября, 2018
    By admin
  • Балабақша

    Балабақша – білім мен тәрбиенің алтын діңгегі

    11 августа, 2020
    By admin
  • Балабақша

    «Дене шынықтыру оқу қызметінде қазақтың ұлттық ойындардың маңыздылығы»

    29 февраля, 2020
    By talzhan
  • Балабақша

    Оқу мен тәрбие – егіз

    21 декабря, 2017
    By admin
  • БалабақшаТехнологиялық карта

    Менің сүйікті ойыншықтарым

    19 июля, 2017
    By admin

Пікір қалдыру Отменить ответ

  • Балабақша

    Наурыз жыл басы

  • Балабақша

    Математика әлеміне саяхат

  • Балабақша

    Су тіршілік — нәрі

ҚҰРМЕТТІ ТӘРБИЕШІЛЕР,
2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН
ТОЛЫҚ ЦИКЛОГРАММА
КОМПЛЕКТІМЕН БІРГЕ (КАРТОТЕКА,
ПЕРСПЕКТИВА,
КӨРНЕКІЛІКТЕР Т.Б.)

САТЫЛЫМДА.
ТОЛЫҒЫРАҚ:
+7 747 552 71 68

Жаңа жарияланымдар

  • 412 бұйрық. МДҰ педагогтарына
  • 412 бұйрық. Балабақша
  • И.Янчарский «Ойыншықтар дүкенінде»
  • Жаңа жыл құтты болсын!
  • Жаңа жыл құтты болсын!
  • «Білімділер әлемі»
  • «Бағдаршам»
  • «Бағдаршам»
  • Ұлттық тағамдар
  • «Астана-туған елдің жүрегі!»
  • Көктем келді
  • 8-наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік
  • «Балабақшадағы болашақ азаматтарды қалыптастыру «
  • Күзгі баққа саяхат
  • МЕКТЕПТЕ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА ТИІМДІ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Күнтізбе

Май 2022
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
« Апр    

BALABAKSHA.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     baksha-2020@mail.ru

Яндекс.Метрика