Көктем келді

Толесинова Джадра

Білім беру саласы: Таным
Бөлімі
:  Жаратылыстану
Оқу қызметтің тақырыбы: «Көктем келді»
Мақсаты: Көктем белгілерін әңгімелей отырып, ерекшеліктерімен таныстыру. Дұрыс сөйлеу білу дағдыларын және ізденушілік қабілеттерін дамыту. Табиғатты сүйе білуге және оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Әдіс — тәсілдер: Сұрақ — жауап, түсіндіру
Көрнекілік: Көктем көрінісі, смаликтер.
Ұйымдастыру: Шаттық шеңбері. Қайырлы күн балалар! Әдеттегідей сендермен кездесіп
тұрғаныма қуаныштымын. Қане, қонақтармен, бір — бірімізбен сәлемдесіп алайықшы.
Бақшамызға барғанда
Жолыққан бар жандарға
Ертемен ақ пейілмен,
«Қайырлы таң» деймін мен.
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.

Өткен оқу іс-қызметі :»Көк жуа»

Психологиялық жаттығу. «Күн шуағы»
Ал, балалар көзімізді жұмамыз, біз бақшаға келе жатырмыз деп ойлаңдар. Өздерің білесіңдер күн жылы шуағын төгіп, жарқырап шығып тұр, сен қуаныштысың айналада кұстар сайрап жатыр. сен сол дыбысты естіп бір сәт тұрып қалдың, осы кезде анаң «балам бол жүгір бақшаға кешігесің — деді». Сен жүгіріп бақшаға жөнелдің. Ал енді көздеріңізді ашыңыздар.
— Балалар, қандай сезімде болдыңыздар, көңіл — күйлеріңіз қалай?
— Керемет, бақытты, тамаша.
— Ендеше, біз «Тамаша» ойынын ойнап жіберейік. Ойын «Тамаша»
Шарты: Мен сендерге жақсы сөз айтсам, сендер жақсы, тамаша деп жұдырықтарыңды түйіп бас бармақтарыңды көтеріп бір-бірлеріңе көрсетесіңдер.
— Гүлдің иісі қандай?
— Тамаша
— Құстардың дауысы қандай?
— Тамаша
— Жайқалып өскен көк шөп қандай?
— Тамаша
— Менің нан өнімдерін қойған үстелім ше?
— Тамаша
— Қане, онда үстелге жақын келіп отырайық, балалар.
— Үстелде қандай астың түрі бар?
— Нан өнімдері, нан түрлері.
— Қандай?
— Бауырсақ, бөлке нан, қытырлақ…
— Осы нанды кім дайындайды?
— Наубайханада наубайшы, ал үйде анамыз, апамыз дайындайды.
— Нанды неден дайындайды?
— Ұннан.
— Ұнды неден дайындайды?
— Бидайдан, арпадан.
— Ұн дайындау үшін қандай арпа, бидай керек?
— Таза, жетік піскен, жоғары сапалы бидай керек.
— Дұрыс, жарайсыңдар. Үстелден тұрар кезде біз не айтатын едік, балалар?
— Ас қайырып, бата береміз. (бата айтады)
— Жылдың қай мезгілінде егін егеміз?
— Көктемде.
Онда қане, балалар, егіп көрейік, өскенде қанда болады екен. (жеке ыдыстарына өздері тұқым салады) Қалай егеміз?
— Бірінші, топырақты дайындаймыз. Екінші, топыраққа тұқымды салып бетін жабамыз. Үстіне су құямыз. Тез өсуі үшін жылы сөздер айтайық.
— Өс — өс, менің бидайым, жылдамырақ, жылуымды берейін.
— Өскен кезде бірдей болып өсетін себебі бұл өсімдіктер астық тұқымдастар туысқан болғасын түсі, жапырағы бірде болып өседі. бұның бәрі табиғаттың құпиясы, балалар.
— Балалар, бәріміз мына көрініске қарайықшы. Бұл қай мезгіл?
— Көктем.
— Көктем қандай тамаша! Күн жылынады, құстар ұшып келеді, адамдар жер жыртып егін егеді. Су тасиды одан өту үшін көпір жасайды.
— Балалар, мына қима суреттерге қарайықшы, нелер бейнеленген екен. Ал енді, бәрін біріктірейік. Енді қандай көріністі көрдіңіздер?
— Көктем мезгілі. (сурет бойынша сөйлеу)
— Бір жылда неше мезгіл бар?
— Қыс, көктем, жаз, күз.
— Дұрыс, бүгін, біз қай мезгілдегі еңбектерді айтып білдік? Сипаттама берейікші.
— Көктем мезгілі. Егін егеді, ағаш бүршік жарып, жапырақ өседі. Құстар ұшып келеді, ағаш бұтағына қонады. жер бетіне шөп өседі, төлдер ойнақтайды.
— Көктем мезгілі туралы тақпақ айтып жіберейік.
Көктем, көктем, көктемде
Құстар келіп сайрасып,
Төлдер ойнап, секіріп
Қуанып бір қалады.
— Ал, енді, осы айтқандарымызды іс жүзінде көрсетейікші, балалар. Қане, ортаға жақындайық. Ағашта нелер пайда болады? (ортаға ағаш қойылады)
— Жапырақтар пайда болады. (3 — 4 бала жапырақты қыстырады)
— Нелер ұшып келеді?
— Құстар ұшып келеді.
— Құстар қайда қонады?
— Ағаштың бұтағына қонақтайды. (3 — 4 бала құстарды отырғызады)
— Көк шөп қайда өседі?
— Жерде (2 — 3 бала әкеліп қояды)
— Төлдер қайда ойнақтайды?
— Көк шөп үстінде (төлдерді орналастырады)
— Бұның бәрі қай мезгілде болады?
— Көктемде
— Жарайсыңдар, олай болса балалар сендердің әр біреулеріңнің алдарыңда көңіл — күйді білдіретін бауырсақтар жатыр. Сабақ соңында сендердің осы көңіл — күйлеріңді қандай екенін осы бауырсақтар арқылы білдіреміз.
— Осындай айналаның бәрі көктеп, көк шығатын болғандықтан көктеді, көгеріп шықты, көктеп өсті, көк шөп шықты деген түсініктен көктем сөзі шыққан. Балалар, осындай тамаша мезгілге арналған ән білеміз бе?
Ән: «Көктем»

— Балалар, сіздерге оқу қызмет ұнады ма? Манағы бауырсақтарымызды тақтаға жапсырайық, сабақта қандай көңіл күйде болдыңыздар.
— Бәріңізге рахмет, осымен  оқу қызметіміз аяқталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МКҚК «Еркемай»балабақшасы                  

 

 

 

 

Ашық оқу қызметі

Тақырыбы:»Көктем келді»

 

                                   

 

 

 

                                         тәрбиеші:    Джадра  Толесинова

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *