«Отбасы мен балабақша бірлігі».
Балалық шақ – адам өміріндегі ең маңызды да, ерекше уақыт. Сондықтан осы кезді тиімді пайдалану өте маңызды. «Бала тәрбиесі – мемлекеттің маңызды міндеті» Қай кезеңде болсын ұрпақ тәрбиесі бәрінен де маңызды. Міне, осы тақырып бүгінде де бізді қатты ойландырып, толғандырып отырған жайы бар.
Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін.
Тақырыбы: Отбасы мен балабақша бірлігі.
Балалық шақ – адам өміріндегі ең маңызды да, ерекше уақыт. Сондықтан осы кезді тиімді пайдалану өте маңызды. «Бала тәрбиесі – мемлекеттің маңызды міндеті» болып табылады.Қай кезеңде болсын ұрпақ тәрбиесі бәрінен де маңызды. Міне, осы тақырып бүгінде де бізді қатты ойландырып, толғандырып отырған жайы бар. Дәл қазіргі жағдайда қандай ұрпақты тәрбиелеп жатырмыз деген сұрақ туындайды.
Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс тәрбие мен білім алуына жағдай жасау – ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала — әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.
Ата-аналар өз балаларының басты тәрбиешілері болып табылады. Отбасы – бұл баланың өмір сүру ортасы: қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеу мен қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезетін орын. Отбасында барлығы жақсы болған жағдайды – балалар жақсы жетістіктерге жетіп, өзінің даму әлеуетіне көтеріле алады. Отбасы мен педагогикалық ынтымақтастық – баланың қанаттану деңгейі мен тәрбиешінің жұмысының сапасын арттырады.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың түрлері мен әдістері олардың педагогикалық мәдениетін көтеруге, балабақша мен отбасының өзара ынтымақтастығына және тәрбие жұмысының әлеуетін арттыруға бағытталған.
Қазіргі заманның ата-аналарына көмек көрсету қажет, өйткені педагогика мен психология жөніндегі білімдердің болмауы қателіктерге, түсініспеушілікке демек, тәрбиенің нәтижесіздігіне әкеліп тірейді. Сондықтан да балабақша педагогтарының негізгі күштері ата-аналардың педагогикалық мәдениетінің деңгейін жоғарылатуға бағытталған. «Тәй-Тәй» технологиясының отбасыны педагогикалық ағарту бойынша жұмыс нысандарының бірі ата-аналар жиналысы болып табылады.
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне азап әкеледі» деген. Қазақстанның дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару – қоғам, ұстаздар мен ата-аналар, мұғалімдер қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті.
Тәрбиеші: Кулманова Э.У.