«Менің үйім»
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: «Менің үйім»
Мақсаты: балаларды пішіндермен (ұшбұрыш, төртбұрыш) таныстыру; геометриялық пішіндерден (ұшбұрыш, төртбұрыш) үй құрастыруды үйрету. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Балаларды қамқор және жанашыр болуға тәрбиелеу.
Алдын ала орындалатын жұмыс: үйдің қабырғалары, үйдің төбесі, үйдің терезесі болатыны туралы айту.
Көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: үлестірмелі материалдар, ойыншықтар, магнитті тақта, дайын пішіндер.
Сөздік жұмыс: құрылысшы.
Билингвальді компонент: үй — дом.
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың
іс-әрекеті |
Мотивациялық-
Қозғаушылық |
Шаттық шеңбері — Балалар, бір-бірімізбен танысайық! | Балалар шаттық |
Балаларды шеңберге тұрғызады. Топтағы
бір баланың атын атап, жылы шыраймен шақырады да, қолына жалаушаны береді. Бала педагогке рақметін айтады. Ол келесі баланы шақырып, оған жалаушаны береді. Осылайша шеңберде тұрған барлық баланың аты аталады. Ғажайып сәт Балалар, бүгін бізге кім қонаққа келді екен, қараңдаршы. Педагог қолына ұл бала бейнеленген қуыршақты киеді. |
шеңберіне | |
тұрады. | ||
Ұйымдастырушылық-
ізденістік |
Қуыршақ:
— Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің атым — Азамат. Маған үй салуға көмектесіңдерші. Педагог: — Үй салмас бұрын пішіндерді ажыратып алайық. |
Балалар |
қуыршақпен | ||
сәлемдеседі. | ||
Балалар | ||
келіседі. | ||
Педагог балаларға түрлі пішіндерді
таратады. Дидактикалық ойын: «Пішіндерді ажырат». |
||
Ойынға кіріседі,
қайталайды: |
||
— Мынау — кішкентай төртбұрыш. | Мынау —
кішкентай |
|
— Мынау — үлкен төртбұрыш. | төртбұрыш. | |
Мынау — үлкен
төртбұрыш. |
||
— Мынау — ұшбұрыш. | ||
Үлестірмелі материалға назарларын аударады.
— Кішкентай төртбұрыштың түсі қандай? — Үлкен төртбұрыштың түсі қандай? — Ұшбұрыштың түсі қандай? — Енді үйді саламыз. Педагог магнитті тақтаның ортасына үлкен төртбұрышты қояды. Билингвальді компонент: үй — дом. — Бұл қандай пішін? — Бұл үйдің қабырғалары. — Бұл әлі салынып бітпеген үй. Педагог кішкентай төртбұрышты үлкен төртбұрыштың ішіне қояды. — Бұл — үйдің терезесі. Педагог үйдің төбесіне үшбұрышты қояды. — Бұл қандай пішін? — Бұл — үйдің төбесі. Педагог: — Кәне, балалар, енді біз құрылысшы болайық, Азаматқа үй салып берейік. Сөздік жұмыс: құрылысшы. Ал енді жұмысқа кірісейік, Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді. |
Мынау-
ұшбұрыш. Иллюстрацияны қарап, жауап береді: Көк. — Қызыл. — Сары. — Төртбұрыш — Ұшбұрыш. Балалар үй салуға ынталарын білдіреді. Қайталайды: құрылысшы. Балалар үйді құрастырып шығады. |
|
Рефлексиялық-
Түзетушілік |
Азамат балалар салған үйді қарайды, балаларды мақтайды.
— Болашақта жақсы құрылысшы болады екенсіңдер! Азамат балаларға рақмет айтады. Қоштасады. |
Балалар
қуанады. Балалар қуыршақпен қоштасады. |
Күтілетін нәтиже:
Білу: үйді геометриялық пішіндерден құрай.
Болу: үйдің терезесі, есігі, төбесі, қабырғалары болатыны туралы түсініктері.
Істей білу: түстер мен пішіндерді ажырата білу.
Өте жақсы жасалған жұмыс