Стартаптар: неге олар әлемді өзгертеді?

Сіздер, бәлкім, «стартап» сөзін естіп жүрген боларсыздар. Бірақ стартап деген не? Оның неге соншалықты маңызды екенін білесіздер ме?  Стартап — бұл жаңадан басталған, әдетте инновациялық немесе ерекше идеяларға негізделген шағын бизнес. Стартаптар көбіне жаңа технологиялар, өнімдер немесе қызметтер ұсынуды мақсат етеді. Олар үлкен компанияларға айналуды армандайды, бірақ бастапқы кезеңде олар өте шағын. Көбіне ресурстары шектеулі болады. Стартаптың негізгі ерекшелігі — олар бір нәрсені жаңаша, ерекше түрде жасап көруге ұмтылады. Мысалы, Facebook, Google, Apple, Tesla сияқты әлемге әйгілі компаниялар алғашында стартаптан бастады! Apple компаниясының алғашқы өнімі Apple I деп аталды. Бұл қарапайым, бірақ жаңашылдыққа толы компьютер болды. Стив Возняк оны өз гаражында жасап шығарды, ал Стив Джобс бұл өнімді сатуға көмектесті. Алғашқы модель қолмен жасалып, оны жинау үшін пайдаланушыларға арнайы жиынтықтар сатылған болатын. Apple I өз уақытында үлкен өзгеріс әкелген жоқ, бірақ ол алғашқы қадам болды. Стартаптар көбінесе жаңа идеяларды тестілеу үшін кішігірім жобалардан басталады. Бұл идеялар адамдардың өмірін жеңілдетуге, жаңа нәрселерді үйретуге немесе оларды қуантуға бағытталған болуы мүмкін. Стартаптың мақсаты — осы идеяны жүзеге асыру және табысқа жету.

Стартаптар көбінесе инвесторлардан қаржы алу үшін өз жобаларын таныстырады. Инвесторлар — бұл адамдар немесе компаниялар, олар жаңа жобаларға ақша салып, кейін сол жобаның табысынан пайданы бөлісуді күтеді. Стартаптар бастапқы кезеңде көп жағдайда ақша табу емес, өз өнімін немесе қызметін жақсартуға назар аударады. Стартаптар әлемде көптеген өзгерістерге себеп болып отыр. Әлемдегі Apple-дан басқа ең үлкен компаниялардың көпшілігі өз жолын стартаптан бастады. Мәселен, Facebook — бұл әлеуметтік желі миллиондаған адамдарды байланыстырады. Ол ең алғашында студенттер арасында қарым-қатынас орнату үшін құрылған еді, ал қазір бүкіл әлем бойынша адамдар достарымен, туыстарымен байланысып, ақпарат алмасады. Google — әлемдегі ең үлкен іздеу жүйесі. Google-дің негізін қалаушылар, Сергей Брин мен Ларри Пейдж, интернетте ақпаратты тез әрі ыңғайлы іздеу жүйесін жасауды мақсат етті. Қазір Google тек іздеу жүйесі ғана емес, әртүрлі қызметтер мен өнімдер ұсынатын алып компанияға айналды. Tesla — бұл компанияның негізін қалаушы Илон Маск алғашында электр көліктерін шығару идеясын ұсынды. Tesla қазіргі таңда әлемдегі ең танымал электр көліктерін өндіруші компаниялардың бірі болып табылады. Бұл стартаптың мақсаты — экологияны қорғау және дәстүрлі отынмен жүретін көліктердің орнына экологиялық таза көліктер жасау. Стартаптар жаңа идеялармен қоғамды өзгертіп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын да ашып, экономиканың дамуына ықпал етеді. Олар адамдарға өмірді жеңілдететін және қызықтыратын өнімдер ұсынады. Әр стартаптың басталуы әртүрлі, бірақ жалпы ережелер бар. Қандай да бір стартап бастау үшін алдымен идея қажет. Мысалы, сіз адамдардың өмірін қалай жеңілдетуге болатынын ойлап көріңіз. Мүмкін сіз жаңа бір ойын ойлап тапқыңыз келетін шығар, немесе жаңа технологияның көмегімен адамдарға қиын жағдайларда көмек көрсету тәсілін ойлап табатын шығарсыз. Егер сізде идея болса және сіз өзіңізді кәсіпкер ретінде сынап көргіңіз келсе, стартап сіздің жолыңыз болуы мүмкін!

 

 

Асия Коспанова

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *