Балабақша әлемі

Top Menu

  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

Main Menu

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтқа кіру
Кілт сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Забытый пароль

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

logo

Header Banner

Балабақша әлемі

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • «Мен жақсы ата-анамын!»

  • «Мен жақсы ата-анамын!»

  • « Мектеп жасына дейінгі балалардың жұптық жұмыс арқылы танымдық қабілетін дамыту»

  • Балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу

  • Абай-ұлы ақын.

  • Нөсерлеу сөз табы

  • Мамандығым- мақтанышым (эссе)

  • 1. «Көңілді әуе шарлар» ойыны. 2. «Кім ұқыпты» ойыны. 3. «Түйілген орамал» ойыны. 4. «Күлімде, Күн» ойыны. 5. «Шынығайық шымыр болайық» ойыны. — Балалар екі қарсылас топ бір-бірлеріңе сәлемдемелеріңді жолдаңдар. Сайысымызды бастаймыз. 1-ші кезең. «Көңілді

  • «Құстарға қыста қамқор бол»

  • Бала өміріндегі ең басты әрекет

  • «Жарқын елдің шамшырағы”

  • Дала жануары

  • Сөйлеуді дамыту “Ойыншықтар”

  • тьт ьб б

  • Бала тәрбиесі-үлкен бір ғылым

  • № 412 бұйрық. 24 қыркүйек

  • Үлгілік оқу жоспары. Жаңа

  • Әдістемелік нұсқау хат. Мектепке дейінгі ұйымдар

  • «Дәстүрден тыс сурет салу технологиясы»

  • Вариатив көңілді бояулар

Балабақша
Home›Балабақша›«Менің досым»

«Менің досым»

By admin
16 ноября, 2019
1773
0
Share:

Ниязбаева Алима Мустафаевна

Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы

№16 «Ертегі» балабақшасы

Қызметі: Тәрбиеші

Материал тақырыбы: «Менің досым»                                 

Білім беру саласы:   Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі:     Сөйлеуді дамыту 

Тақырыбы:    Менің досым                                   

Мақсаты:

Білімділігі: Балаларға «дос» сөзіне түсінік беру, өзінің досының есімін және досы туралы айта білуге үйрету. Сөйлеу мүшесінің қозғалыс қимылын, саусақ моторикасын жаттықтыру.

Дамытушылығы:_Зейінің, есте сақтау қабілетін, ойлау қабілетін дамыту, ойын дағдыларын қалыптастыру, сөйлеу тілін және сөздік қорың дамыту, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, ойындар арқылы еркін, дұрыс жауап беруге дағдыландыру.

Тәрбиелігі:    Өзін тануына, достарын бағалауға, бір-біріне көмектесіп қамқор болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері:Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап алу, әңгімелесу, бой сергіту, ойындар.

Көрнекі-құралдар:Достар тақырыбына арналған суреттер, жыл мезгілдерінің суреттері, баулар.

 

Әрекет кезеңдері

                Тәрбиешінің іс-әрекеті

          Балалардың іс-әрекеті

                     Мотивациялық  қорғаушы

 -Шаттық шеңбері.

Арайлап таң атты,

Күн нұрын таратты.

Аспанымыз ашық болсын,

Деніміз сау болсын,

Достарымыз көп болсын,

Қайырлы күн достарым!

 

– Жарайсындар балалар, қане барлығымыз орындарымызға отырайық.

 

– Балалар қазір жылдын қай мезгілі?

– Күз  мезгілінің алдында қандай мезгіл болды?

– Ал күз  мезгілінен кейін қандай мезгіл келеді?

– Күз  мезгілінде қандай өзгерістер болады?

 

-Өте жақсы, дұрыс айтасыңдар.

 

 

 

-Шаттық шеңберінде тұрып бір-бірімен амандасады.

 

 

 

 

 

– Қазір жылдын күз мезгілі.

– Жаз  мезгілі болды.

 

– Қыс мезгілі келеді.

 

-Ауа райысалқындайды, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, жиіжаңбыр жауды, жапырақтар сарғайып жерге түседі. Жер сап-сарыкілемге айналады.

 

-Балалар бүгін біз дос жайлы әңгімелесеміз. «Дос» деген сөз екі немесе бірнеше бірге ойнап, бір-біріне кез келген сәтте көмектесе білетін, ренжітпейтін, ойыншықтарың бөлісетін, ұрыспайтын, бірге саябаққа, музейге, асханаға, театрға баратын, бірге би-билеп ән айтатын өзара достығын айтамыз.

– Балалар біз кез келген баламен дос болу үшін, біз мейірімді, ұқыпты, тәртіпті әр сәтте бір-біріне көмектесе білетін, жақсы бала болуымыз керек. Егер біз қасымыздағы баланы ренжітіп, ұрсатын болсақ, ол бала бізбен дос болмайды. -Сондықтан балалар сендердің достарын көп болсын десендер, алдымен өздерін жақсы әрі тәртіпті болуларын керек.

 

 

 

 

-Балалар зейін қойып тыңдайды, түсінеді. Әңгімеге араласады.

                                                                              Іздену-   ұйымдастырушы

– Балалар мына тақтадағы суреттерге қарандаршы?

-Бірінші суретте үш ұл бала бірге бір дастархан жайып, шәй ішіп отыр. Қанекей балалар суреттегі балаларға есім берейікші, Бұл балалар бір-біріне жақсы достар екен, себебі Тараз бен Айқынды Болат ойыннаң соң үйіне шақырып шәй беріп отыр.

– Келесі суретте қыздар мен ұлдар бірге қосылып ән айтып, ойыншықтарды бірге бөлісіп, ойнап жүр екен.

– Ал, мына суретте ұлдар мен қыздар бірігіп дос болып, далада серуендеп жүр екен. Мінекей балалар ұлдар ұлдармен, қыздар қыздармен және ұлдар, қыздар болып жақсы дос болып ойнауға болады.

– Балалар сендердің әрқайсыларының өз топтарын бар. Сол топтың ішінде көптеген жақсы балалар бар, бірақ сендердің сол топта немесе басқа топтан достарың барма?

 

2. Сергіту сәті:

Қане достар орнымыздан тұрайық,

Қолымызды созайық. алақанды ашайық,

Саусақтарымызды атап шығайық,

Басбармағым- ағасы.

Балаң үйрек-нағашы,

Ортан терек-атасы.

Шылдыр шүмек-анасы,

Шынашағым-қарлығаш.

Барлығына қарындас,

Бесеуі де бауырлас.

Ағайын, дос, бауырлас!

Жарайсындар балалар, қане орнымызға отырамыз.

 

3. «Ақ тілек» ойыны.

Шарты: Балалардың қолына гүл шоқтары беріледі, балалар шеңбер құрып гүлді бір-біріне беру кезінде жақсы ақ тілек сөздер айтады.

Мақсаты: Бір-біріне деген мейірімділігін, достық сезімдерін ояту, ойлау қабілеті мен сөздік қорың дамыту.

-Дәптермен жұмыс.

-Жеке жұмыс.

 

 

-Шәй құйып отқан баланың есімі Болат, кесе ұстап отырған баланың есімі Тараз, ал қасындағы баланың есімі Айқын.

 

 

 

 

 

 

 

-Балалар суретбойынша әңгіме құрайды. Өз ойларын айтады.

 

 

 

-Өз достары тура әңгімелейді, есімдерін айтады.

 

 

 

 

 

 

-Сергіту сәтін қимылдармен орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

-Мен сенің досын болғым келеді, Мен сенімен барлық жерде бірге болғым келеді. Мен сендермен саябаққа барғым келеді. Менің достарым көп болсын. Достарым ешқашан ауырмасын. Біздің ойыншықтарымыз көп болсын. Достарымды мен ренжітпеймін, оларға көмектесемін. Достарымды мен жақсы көремін. Барлығымыз бақытты тәртіпті бала боламыз.

 

-Дәптердегі тапсырмаларды орындайды.

Рефлексті                  коррекциялаушы

-Сонымен балалар сендердің достарың барма?

-Жақсы дос болу үшін, сендер қандай болуларын қажет?

-Жарайсындар балалар, бүгінгі ойындар сендерге ұнады ма?

-Мадақтау.

 

 

-Балалардың жауабы.

 

Күтілетін нәтиже:                                        

Біледі: «Дос» тақырыбында әңгіме құрайды. Мейірімділікті, таулықты.

Игереді: Берілген тапсырмаларды дұрыс орындауды.

Меңгереді:Күз мезгілінің ерекшеліктерін .                                                                                                                                                                                        

Previous Article

“Жабайы аңдар”

Next Article

«Құрсаумен ырғақты – гимнастикалық жаттығу»

0
Shares
  • 0
  • +
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

ҰҚСАС МАТЕРИАЛДАР ОСЫ АВТОРДАН

  • Балабақша

    Абайла, балақай!

    15 августа, 2017
    By admin
  • Балабақша

    Менің отбасым

    2 сентября, 2017
    By admin
  • Балабақша

    Жабайы аңдар

    7 декабря, 2017
    By admin
  • Балабақша

    Мұғалім мен оқушылар арасындағы психологиялық қарым-қатынас

    21 июня, 2019
    By admin
  • Балабақша

    Тіл – ел тірегі

    17 июля, 2017
    By admin
  • Балабақша

    «Табиғат бұрышындағы тоты құсты бақылау»

    16 ноября, 2019
    By admin

Пікір қалдыру Отменить ответ

  • Балабақша

    Уақыт арасындағы қатынас

  • Балабақша

    Бөлме құстарымен таныс

  • Қазақ әдебиеті

    ЛИРО-ЭПИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

Біздің Инстаграм каналымызға тіркеліңіз

Жаңа жарияланымдар

  • «Мен жақсы ата-анамын!»
  • «Мен жақсы ата-анамын!»
  • « Мектеп жасына дейінгі балалардың жұптық жұмыс арқылы танымдық қабілетін дамыту»
  • Балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу
  • Абай-ұлы ақын.
  • Нөсерлеу сөз табы
  • Мамандығым- мақтанышым (эссе)
  • 1. «Көңілді әуе шарлар» ойыны. 2. «Кім ұқыпты» ойыны. 3. «Түйілген орамал» ойыны. 4. «Күлімде, Күн» ойыны. 5. «Шынығайық шымыр болайық» ойыны. — Балалар екі қарсылас топ бір-бірлеріңе сәлемдемелеріңді жолдаңдар. Сайысымызды бастаймыз. 1-ші кезең. «Көңілді
  • «Құстарға қыста қамқор бол»
  • Бала өміріндегі ең басты әрекет
  • «Жарқын елдің шамшырағы”
  • Дала жануары
  • Сөйлеуді дамыту “Ойыншықтар”
  • тьт ьб б
  • Бала тәрбиесі-үлкен бір ғылым

Күнтізбе

Март 2021
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
« Фев    

BALABAKSHA.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     baksha-2020@mail.ru

Яндекс.Метрика