Сиқырлы носкилер
Шарманова Шолпан Асканбаевна
Мақсаты: Балалардың достық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Балаларды өзінен үлкендермен және достарымен жақсы қарым-қатынаста болуын дамыту.
Бірлікке, сыйластыққа, тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекті құралдар: сиқырлы носкилер шар, ойыншық қоян, қонжық, фонограмма смеха, сыйқырлы сандық.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Орнымыздан тұрайық
Шаттық шеңберін құрайық
Әрқашан біздің мейірімді күлкіміз
Қолдарын еріндерінің бұрышына алып келеді
Өзінің жылылыгына жылытады
Қолдарын жүрегінің үстіне қояды
Біздің есімізге әрдайым түсіреді
Қолдарын алға қойып саусақтарын күннің шуағы сияқты етеді
Бақыт пен жақсылықты бөліседі
Қолдарын екі жаққа қояды
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы бізге бүгін көптеген қонақтар келіпті. Біз оларды көруге қуаныштымыз.
Ал енді біз онда олармен амандасып алайық және танысамыз.
Ол үшін бізге жіп орамасы керек.
Егер жіп кімнің қолына түссе сол өзінің атын атайды. Онда мен бастайын.
( Балалар шеңбер болып тұрады, тәрбиеші өзінің атын айтады және жіп орамасын балаларға береді)
Тәрбиеші : Міне енді сендермен танысып алдық енді барлығымыз бірге ойын ойнаймыз
Ойын: Сиқырлы қорапша
Тәрбиеші: қызық, сыйқырлы қапшықта не жатуы мүмкін?
Қораптың ішінен шар алып шығады
Балалар қызығушылықпен қарайды
күлкі фонограммасын қою
Тәрбиеші:Ой, кімдер екен бұл күліп жатқан? Қане барлығымыз іздейік
(Тәрбиешімен балалар ішінде сыйқырлы носкилері бар қорапты тауып алады)
Сандықтың аузы ашылғандай носкилер дыбыс шығармайды
Ал сандықтың аузы жабылғандай носкилер күледі
Тәрбиеші: Ал сендер кімсіңдер?
Сиқырлы носкилер.Біз сыйқырлы носкилерміз
Тәрбиеші: Балалар, носкилер шыныменде сыйқырлы екен. Олардың қандай суреттері бар екен? Жарайсыңдар
Біз онда носкилерді аяғымызға киіп аламыз
(Тәрбиешілер мен балалар носкилерді киіп алады)
Тәрбиеші: Сүйкімді носкилер сендер нені қалайсыңдар?
Сиқырлы носкилер. Біз сендермен ойын ойнағымыз келеді.
Тәрбиеші: Балалар, біз тексерейік сыйқырлы носкилер сендер секіре аласыңдарма?
Балалар секіреді Сиқырлы носкилеор алып келе жатыр
Балалар мен тәрбиеші доп тауып алады
Балалар біз сендермен нені тауып алдық?
( Допты)
Кім доппен ойнағысы келеді?
Барлығымыз ойнағымыз келеді
Бірақ дооп біреу ақ, біз көппіз. Сондықтан біз бәріміз бірге ойнаймыз
Бір допты бір біріне лақтырады
Тәрбиеші: Ой, біздің сыйқырлы носкилеріміз тағы бір жаққа жүргісі келіп тұр
( Тәрбиеші балалармен шалшықтарға келеді)
секіріп өтеді.
Тәрбиеші: Ой мұнда мен үйшікті көріп тұрмын үйшікте кім тұрады?
( Үйшіктен қоян шығады. Балалар қоянмен амандасады.)
Тәрбиеші: Ақ қояным, қояным сен қайда болдың?
Қоян: Диірменде болдым
Тәрбиеші: Ақ қояным, қояным сен диірменде не істедің?
Қоян: Ұн толтырдым. Ұннан дәмді прәндік пісірдім
Тәрбиеші: Ақ қояным, қояным прәндікті кіммен бірге жедің?
Қоян: Өзім
Тәрбиеші: Ақ қояным, қояным жалғыз өзің жеуге болады ма екен? Онда сені барлығы қызғаншақ дейді де сенің достарың болмайды.
Балалар, ақ қоянға не деп айтуымыз керек?
Балалар: Бір өзің жеуге болмайды бөлісіп жеу керек.
Қоян: Ой, балалар, ұялып қалдым сендермен бөлісіп жемеген үшін.Менде мұндай прәндіктер бар бөлісіп жеңдер және қонақтарғада беріңдер.
( балалар қонаққа рахмет айтады)
Тәрбиеші: Балалар сендерге қоян ұнады ма?
(Балалардың жауабы)
Аққоян қызғаншак па екен?