Үстел үстін жабдықтау
Шолпанкулова Жансая Турсынжановна
Білім беру саласы: Коммуникация, Денсаулық, Элеумет.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту, Қауіпсіз мінез-құлық негіздері, Өзін-өзі тану, Қоршағанортамен танысу.
Алматы 2017ж.
Білім беру саласы: Коммуникация, Денсаулық, Элеумет.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту, Қауіпсіз мінез-құлық негіздері, Өзін-өзі тану, ҚОТ.
Тақырыбы: «Үстелді жабдықтау мәдениеті».
Сабақтың мақсаты: Асханалық ыдыстармен таныстыру,үстелді жабдықтауға үйрету.Мәдинетіліке,өзін үстел басында дұрыс ұстауға,дұрыс отыруға,әдеп ережелерді ережелерді сақтауға тәрбиелеу. Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға, әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беру білігін дамыту. Балаларды қонақжайлылыққа тәрбиелеу.
Балалар мен сендерді көргеніме өте куаныштымын. Ендеше бір-бірімізге деген жылы лебіздерімізді білдіріп таңғы шаттық шеңберін жасайық.
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды даламыз
Жарқырайды қаламыз
Қайырлы таң достарым
Қайырлы таң бақшамыз
Саламатсыңдарма!
Здраствуйте!
Good morning!
— Балалар сендерге жұмбақ жасырамын. — Кәне сендер жауабын айтыңдар.
Жұмбақтар:
Өзі айлакер қу,
Жүрген жері айқай да шу.(түлкі)
Көкте ұшады тізіліп,
Біз қараймыз қызығып.(тырна)
- Түлкі туралы қандай ертегі білесіңдер?
- Тырна туралы қандай ертегі білесіңдер?
- Түлкі мен тырна қандай ертегілер кейіпкерлері?
- Дұрыс, айтасыңдар, бұл Түлкімен тырна ертегісі. Енді біз сол ертегіні сахналап көрейікші.
Еркежан: Ертедетүлкі мен тырнадосболыпты
Бірде түлкі тырнаны үйіне қонаққа шақырыпты
Түлкі : — Маған қонаққа кел,қымбаттым ! — Мен дәмді тамақ пісіріп қоямын
Еркежан:Тырна түлкінің үйіне қонаққа келеді Түлкі ботқа пісіріп жайпақ табаққа салып тырнаның алдына қояды
Түлкі : — тамақ ал,өзім пісіріп едім
Еркежан:Тырна жайпақ табақты тұмсығымен шоқып шоқып ,ештеңе жей алмайды — Ал түлкі болса табақтағы ботқаны тілімен жалап тауысады .
Еркежан:Бәрін жеп болған
Түлкі : — айып етпе, бұдан өзге берер еш тамағым жоқ, дейді.
Тырна : — Осыған да рахмет !- Енді сен маған қонаққа кел дейді
Еркежан:Келесі күні түлкі тырнаға қонаққа келеді Тырна салқын сорпа дайындап ,оны мойны тар құмыраға құйып,дастарханға қойыпты . Түлкі келгенде .
Тырна : — Же қымбаттым қысылма дейді Түлкі құмыраны ары айналып,бері айналып сорпаны іше алмайды . Құмыраға басы кірмей қояды .Ал тырна ұзын тұмсығымен шоқи береді . Сөйтіп бәрін де жеп қояды,түлкіге қарап :
Тырна :ренжіме қымбаттым . Бұдан өзге берер тамағым жоқ дейді
Еркежан:Бір аптаға тойып қайтқысы келген түлкі ренжіп үйіне аш қайтыпты….
Балалар ертегі сендерге ұнадыма? Ертегі не туралы екен?
- Түлкі нені қонаққа шақырды?
2.Тырна тамағын іше алды ма?
3.Тырна қонаққа нені шақырды?
4.Түлкі тырнаның үйінен қалай қайтты?
— Балалар сендердің үйлеріңе қонақтар жиі келе ме?
— Сендер үйге келген қонақпен қалай амандасасыңдар?
Дұрыс балалар, амандасамыз, қал- жағдайын сұраймыз.
Сәлеметсізбе, Амансызба, Есен сау барсызба, Ассалаумағалейкум, Уағалейкум, Қайырлы таң т.б.
— Ал, енді, балалар, біз қонақжайлылық,оларды қалай күту керек және үстел үстін қалай жабдықтау керектігі жайлы әңгілейміз. Ең алдымен, есімізге түсірейікші, біз ыдыстарды ағылшын, орыс тілдерінде өттік, соны қайталайық.
Ыдыс-Tableware (тебава)-Посуда)
Тәрелке – plate(плайт) — Тарелка
Қасық Spoon(споо) — Ложка
Шанышқы – fork(фоор) – Вилка
Пышақ – кnife(кнаиф) – Нож
Стақан – glass (глайс) — Стакан
Пиала — drinking (дринкин боов)bow — Кесе
Қонақ – Guest- Гость
Спортшы: Амансыңдарма, балалар. Мені таныдыңдар ма?
Балалар: Спортшы.
Спортшы: Дұрыс айтасыңдар, сендер білесіңдер ма биыл біздің алматымызда қандай халықаралық мереке өтіп жатыр.
Балалар: Универсиада.
Спортшы: Өте орынды. Мен де сол универсиадаға қатысу үшін бар жатырмын. Сендер спортты жақсы көресіңдер ма?
Балалар: Ия.
Тәрбиеші: Спортшы, сіз универсиадаға қандай спорт түрінен қатысасыз?
Спортшы: Универсиадаға әлемнің төрт бұрышынан жиналған жас спортсмендер қатысып спорттың бірнеше түрінен сайысады. Соның ішінде мен спорттың шаңғы тебу түрінен қатысуға келемін.
Тәрбиеші: Қандай керемет! Ал біз бүгін қонақ күту, үстел үстін жабдықтау жайлы әңгімелесіп отыр едік. Біздің балалар тек спортпен де айналысып, үстел үстін жабдықтауды да,қонақжайлылықты да біледі.
- Балалар, қонақжайлылық, ыдыстар туралы тақпақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш, тыйым сөздер жайлы айтып берейік.
Амина
Ыдыстарды жинаймын
Үлкендерді сыйлаймын
Кесе қасық бәрінде
өз орнына қоямын
Апам ыдыс жуады,
Мінезі оңды биязы.
Ол барында тұрады,
Жайнап үйдің жиһазы.
Айбек:
Сыйлап сәлем беремін,
Көршілерді көргенде.
Ізетпен бас иемін,
Үйге қонақ келгенде.
Қонақжай халқымыз,
Қонақты қарсы алып, сыйлайды.
Қонақты сүйген салтымыз
Дастарханын жимайды.
Мақал
Алихан :«Дастарқан оң болмай, істе жол болмайды»
Айсәләт: «Дастарханныңбасындадұшпан да дос.»
Бекарыс: «Түскі асқа түстік жердегі келеді,
Кешкі асқа күндік жердегі келеді.»
Ангелина: Қонақасы – тәңір ақысы.
Илмұрат: Асыңа тойғызбасаң да ақ ниетіңе тойғыз.
Жігер: Көңіл кең болса, үйдің тарлығы білінбес.
- Дастарханды жабдықтау әр түрлі болады. Ол күн мезгілі мен астың құрамына байланысты.
- — Таңғы ас
- — Түскі ас
- — Кешкі ас
Міне сондықтан балалар, қонақ күту рәсімін, жалпы дастарханды жабдықтау, қонақ алдына ұсынылатын тәрелке, шанышқы, қасық пен пышақ рет-ретімен, белгіленген тәртібімен орналастырылады.
Кәнеки, балалар, үстел үстін жабдықтауды бастайық;
Балалар бірге: Дастарханды жаямыз, Ыдыстарды қоямыз,
Тағамдарды әкеліп,дастарханға қоямыз.
1.Амина:Үстелді қойып аламыз, содан соң дастарқан жаямыз, үстін сүртеміз.
2.Айбек: Үстелдің шетіне, әр адамның алдына тарелке қояды.
3.Аружан:Тарелкенің сол жағына шанышқы, оң жағына ас қасық пен пышақ қойылады. Қасық пен шанышқының дөңес жағы төмен қаратылады.Салфетка .
4.Ерсұлтан: Дастарханың ортасына туралған нан салынған ыдысты қоямыз
5.Сабина: Су ішетін шыны стакандар пышақ пен қасықтың үстінгі жағына қойылады.
Есте сақтау керек: Ешқашан аяғы бар шыны ыдыстарды бел ортасынан ұстамайды, міндетті түрде аяғынан ұстайды.
— Балалар осыған байланыстықандай қауіпсіздік ережелері бар?
1.Пышақ, шанышқымен ойнама.
2.Пышақ, шанышқыны адамға ұсынғанда, сабымен ұсын.
3.Тісіңді шанышқымен шұқылауға болмайды.
Балалар қонақ күтуге әдептілікке, имандылық, тазалыққа байланысты қандай тыйым сөздер білесіңдер?
Тиым сөздер :
Дамир: Қолды жумай тамақ жеуге болмайды
Алихан: Ас үстінен аттама,
Астан үлкен емессің.
Сұлтан: Ертеңгі асты тастама,
Кешкі асқа қарама.
Жігер: Атсызүйболса да,
Ассызүйболмайды.
Нанды бір қолмен үзбе
Пышақтың жүзін жалама
Тамақты үрлеме
Дастархан басында керілме
Адамға пышақ кезенбе
Аузыңды тамаққа толтырып сөйлеме
Үлкеннен бұрын дастарханға қолыңды созба
Дастарханнан аттама
Балалар енді мен сендерге жұмбақ жасырайын
Жұмбақ
Кесе шыны пиала,
Оларсыз шай құяма?
Қасықсыз тамақ жемейміз
Бәрінің атын не дейміз. (ыдыс)
Өткiр жүздi келедi,
Өте қажет құрал ол.
Тұтас затты бөледi,
Ұсақтап та тұрар ол. (пышақ)
Сабы бар,
Басы шатыр.
Табысын өлшеп әкеп,
Құдыққа тасып жатыр. (қасық)
Ал, енді спортшы сіз ге де жұмбақ қояйын жауабын айтыңызшы.
Жұмбақ қосу:
Спортшы: Балалар, мен сендерден көп қызықты нәрселерді үйрендім. Ал енді менің сайысқа баратын уақытым болып қалды. Универсиадаға баруым керек. Сендер де спорт түрлерін келіп тамашалаңдар. Болашақта де үлкен спортшы және атақты Қазақстан азаматы болуларыңа тілектеспін . Сол үшін мына бойтұмарды сыйлыққа беремін.
Тәрбиеші: Сіз де біздің балабақшамыздан бос кетпеңіз. Балалардың ұжымдық жұмысынан сізге естелік ретінде сыйлықты қабылдаңыз.
Спортшы: Рахмет.Сау болыңдар .
Сергіту сәті:
Тырна болып ұшамыз,ұшамыз
Түлкі болып қашамыз,қашамыз
Тырнадай тапқыр болып ,тапқыр боп
Орнымызға қонамыз.
Тіл ұстарту:
Ыс-ыс-ыс
Міне біздің ыдыс
Қы-қы-қы
Қолыңа ұста шанышқы
Ық-ық-ық
Қолыма алдым қасық
Кі-кі-кі
Қонаққа келді түлкі
На-на-на
Ұшты әне тырна
Жаңылтпаш: Шеше,шеше
Неше кесе
Сындыкеше.
Д/о : « Керісінше айт»
Құйдым – төктім
Септім — шаштым
Дос — қас
Құмыраның аузы тар — тарелкенің жайпақ
Таза тарелке — кір тарелке
Суықшай — ыстықшай
Қатты – жұмсақ
Тәтті – ащы
Ақ – қараша
Жоғары – төмен
Үлкеншәйнек — кішкентайшәйнек
Өткірпышақ — өткіремеспышақ
Жаңақұмыра — ескіқұмыра
Оригами:Балалар , біз дастарханымыздың сәнді көрінуі үшін тәрелке үстіне қойылған Сүрткішімізді сәндеуді үйренейік.
Енді, балалар мен сендермен «Көңілді доп» ойынын ойнағым келіп тұр.Сендер ойнағыларың келеме?
Ойын: «Көңілді доп».
Мақсаты:
Ыдыстардың аттарын атауды үйрету. Шарты:Тәрбиеші балаларды шеңбер бойымен тұрғызып,допты лақтырады,
қағып алған бала ыдыстың атын атайды.
-Жарайсыңдар балалар ендеше орындарыңа жайғаса қойыңдар.
Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма?
Қалай көмектесеміз
Біз бүгін нені үйрендік? Үстел үстін жабдықтауды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі:
Игереді:
Меңгереді: