Бағдаршам
Налибаева Бибіхан Ахмедовна
Білім бері саласы:Шығармашылық
Оқу қызметі:Аппликация
Тақырыбы:»Бағдаршам»
Мақсаты:Қиылған кесінділерді түстердің үйлесімділігін сақтай отырып орналастыруға және ұқыпты жұмыс жасауғы, бағдаршамды пішіндер жасауға,бағдаршамды пішіндер арқылы жапсыруға үйрету.
Білімділік:Ойынды тәрбие құралы ретінде пайдаланып, бала сезімін кеңейтіп, тілін ұштастырып, жол ережесін жасына сай меңгерту.Көшеде жүру мәдениетін үйретіп, сақтыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық:Ақыл-ой, ес, зейін қабілеттерін, диологты сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік:Адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:Жолдың макеті,ойыншық мәшинелер, сүлгі, қылқалам, желім,қағаздан киылған пішіндер.
Сабақ барысы:Балалар қараңдаршы, бүгін біздің топқа қонақтар келіпті.
Қане, қонақтармен амандасайықшы.
Балалар:Сәлеметсіз бе?
Тәрбиеші:Жарайсыңдар
Тәрбиеші:Балалар орнымыздан тұрып бір-бірімізге жүрек жылуын бөлісейік.
Шаттық шеңбер
Армысың, аспан!
Армысың, күн!
Армысың, қара жер!
Армысың, жан досым!
Тәрбиеші: Сабағымызды жұмбақпен бастайық.
Жұмбақ
1.Аяғы бар жүрмейді
Аузы жок сөйлейді.
(Бағдаршам)
2.Жасыл көзі жүр дейді.
Қызыл көзі тұр дейді.
(Бағдаршам)
«Тәрбиеші:Жарайсыңдар.
Балалар бүгінгі біздің өтетін жаңа тақырыптың аты «Бағдаршам».
Бағдаршам туралы әңгіме, сұбхат беру, түсіндіріп айта кету.
Слайд көрсету
Тәрбиеші:Балалар бағдаршам туралы тақпақ білесіңдер ме?
Балалар:Ия
Балалар тақпағы:
Сержан:Қызыл көзін ашканда
Сынық сүйем баспа алға
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда
Өте берсін жасқанба
Сабырхан:Мен көшеден өтерде
Бағдарщамға қараймын
Қоймаған ғой бекерге
Жәрдемшісі ол талайдың.
Айғаным:Қызыл жанды тоқтағын
Көрдің жұрттың тосқанын
Сары жанды дайындал
Айналаңа қарап қал
Жасыл жанды тыңдағын
Жолың ашық, тұрмағын.
Нұрай:Ашса кезек үш көзін
Айтты деп ұқ үш көзін
Тоқта, сақтан, жол ашық.
Жүрме жолға таласып
Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға.
Даурен:Бір қырындап тік тұрып
Жасыл жанды дегенді
Жүргіншіге ұқтырып
Реттеуші бар көшеге.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар.
-Балалар Бағдаршам болмағандықтан, мәшинелердің жолда жүрулері қиындап кетті. Олай болса, келіңдер бағдаршам жасайық.
Үлгі суретпен жұмыс.
Балалар:
Бағдаршамның түстерін атайды.
(Қызыл,сары,жасыл)
Желімді жағып, тікбұрышты қағаз бетіне жапсырады. Дайын бейнені сүлгімен басады.
Сергіту сәті:
бала, бала, балақай,
Қол соғайық алақай!
«Бір,екі,үш»деп айтайық.
Саусақтарды тартайық.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар.
Ендеше ойын ойнайық.
«Бағдаршам» дидактикалық ойыны.
Ойынын шарты:Бір баланы»Бағдаршам» рөліне енгізіп, қолына уш түсті дөңгелек қағазды ұстатып, бір шетке тұрғызады. Екінші балаға жол бойымен мәшинені жүргізіп, бағдаршамның түсіне сәйкес қимылдар жасауға ұсынады.
Балалар ойынға қызыға, белсенеқатысады.
Қорытынды:
Балалардың жұмыстарынан көрме үйымдастырады. Мадақтайды, сұрақтар қояды:
-Балалар,бүгін нені жапсырдық?
Балалар сұраққа жауап береді.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар, балалар!