ЕРЕКШЕ БІЛІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖҰМЫС

Кожакова Акмарал

Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында педагогтар балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.      

В. А. Сухомлинский

Көп ұлтты Қазақстанның бүгінгі жаңару бағыты жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтардан сусындаған, ұлттық дүниетанымы, мінез-құлқы қалыптасып, жан-жақты жетілген парасатты азаматтар тәрбиелеу.  Ата-аналардың мақсаты педагогтармен тығыз қатынаста болып солардың ақыл-кеңестерін тыңдап балаға тиянақты білім, жақсы тәрбие беруге өз үлестерін қосу, тікелей ат салысу. Мамандар ата-аналармен тығыз қатынаста жұмыс істеуі керек. Маманның  ұсыныстары ата-анаға өз баласын жақсы түсінуге көмектеседі, онымен өз қарым-қатынасын құруды  үйретеді және оған қоршаған өмірде толық бейімделуіне  көмектеседі.

Көптеген ата-аналар педагог уақыттарын үнемі «ерекше» балаларға жұмсайтындықтан, денсаулығы бар балаларға жеткіліксіз назар аударады деп уайымдайды. Алайда кәдімгі топтарға ерекше қажеттіліктері бар 3-4 баладан артық қосылмайды және педагог денсаулығы бар балаларға қанша уақыт бөлсе, оларға да сондай уақытын бөледі. Мамандар ата-аналарды өз баласымен ынтымақтастықтың психологиялық — педагогикалық технологияларына, оны түзете оқытудың және тәрбиелеудің тәсілдері мен әдістеріне үйретеді, сондай-ақ оларға психологиялық қолдау көрсетеді.

Ендігі кезекте ерекше балалардың ата-аналарына балабақшаның арнайы психологы тарапынан берілетін келесі психологиялық-педагогикалық тұрғыдағы  психологиялық кеңеске құлақ түріңіз:

  1. Баланың берген жауабына шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.
    Балаңыздың жеке бөлмесі не бір бұрышы болуына жағдай жасаңыз.
    3. Балаңыздың шашылып жатқан үстеліне ұрыспаңыз, егер ол шығармашылық іс — әрекетпен айналысып отырса.
    4. Шешім қабылдауда өзіндік жеке жоспар құруына көмек көрсету.
    5. Балаңыздың кемістіктерін бетіне басып, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.
    6. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.
    7. Отбасымен шешетін мәселелерге балаңызды қатыстырып, оның жеке басының ой-пікірімен санасыңыз.
    8. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз.
    9. Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.
    10. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынам жасауға үйретіңіз.
    11. Қиын нәрселерді тауып және оны өз бетімен, жауапкершілікпен шешуге балаңызға көмек көрсетіңіз.
    12. Балаңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз.
    13. Балаңызбен бірге әңгімелер, ертегілер, фантастикалық оқиғалар құрастырып, баланың шығармашылық қабілетінің дамуына жағдай жасаңыз.
    14. Балаңыздың сүйікті ісіне керек кітап, ойын, т.б. құралдармен қамтамасыз етіңіз.
    15. Балаңыздың алған негізгі ісінің ойдағыдай орындалуына сеніміңіз болмаса да, сол істі өзі аяқталуына жағдай жасаңыз.
    16. Бала өз жұмысын көрсете алатын стенд жасап қойыңыз.
    17. Істеген жұмысының нәтижелі болуына көмектесіңіз.
    18. Баланың қойған талабына ерекше көңілмен қараңыз.
    19. Балаңыздың өткір ойлығына сеніп, әрдайым сенім артыңыз.

Ата-анамен тығыз байланысты нығайту мақсатында және бала туралы жалпы толыққанды мағлұмат алу үшін ата-аналарға сауалнамалар толтыртамын.

Сауалнама

Сіз қандай ата-анасыз?

  1. Кез-келген ісіңізді тастай салып, баламен айналыса аласыз ба?
  2. Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?
  3. Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба?
  4. Өз қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?
  5. Балаңыздың ісі ашуландырған кезде, өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?
  6. Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?
  7. Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге болады ма?
  8. Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?
  9. Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?

10.Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?

11.Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік бересіз бе?

12.Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе көңіл аудармайсыз ба?

13.Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?

Жауабы:

  1. Әрқашан жасаймын,келісемін — 3 ұпай
  2. Кейде ғана келісемін — 2 ұпай
  3. Келіспеймін — 1 ұпай
  • 0-16 — Бала тәрбиесі — сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру  үшін педагог немесе  психолог мамандардың  көмегіне сүйеніңіз.
  • 17-30 — Балаға қамқорлық жасау — бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызда  тәрбиелік қабілет бар,  тәжірибеде әрқашан бір қалыпты, бір бағыттағы мақсатпен   әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.
  • 31-39 – Бала  сіздің  өміріңіз үшін  ең құнды  болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай,  әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.

Ата-анаға психологиялық  көмек көрсете отырып, өз баласының кемістігін түзету жолында  сауаттандыру  —  қысқа мерзімде жоғары нәтижелерге жетудің негізі.

Ата-аналардың белсенділіктерін арттыру, олардың назарын балалармен жүргізілетін түзету жұмысының міндетін іске асыру барысына аудару мақсатында  «Ана, бала және маман» үштік одағы құрылды, Ербасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Үш тілдің патшалығы» тақырыбында іс-шара, «Менің ұшқыр балақайым» тақырыбында дөңгелек үстел,  «Танымдық процестерін дамыту» тренингтері, «Мен дарынды баламын…» атты дарындылар байқауы,  сауалнама сұрақтарына жауап беру сияқты шаралар өткізілді.

Осы шараларды өткізудегі басты мақсат —  ата-аналармен байланысты нығайту, ата-анаға балабақша жұмысының барысымен таныстыру, ата-ананың баласының болашағына сенімін ояту. Ата-аналар жиналыстарының көтеретін мәселелері мынадай болуы мүмкін:

  • Отбасының баланың тілін дамытудағы көмегі.
  • Баланың сөздік қорын қалай молайтуға болады?
  • Баланың танымдық қызметін дамыту.
  • Баланы қалай тыныштандыруға болады?

Ерекше балаларға ата-аналар тарапынан психикалық зорлық көрсеткені де бала денсаулығына зор ықпалын тигізеді. Мұндай зорлық түріне мыналар жатады:
-балаға үнемі сын көзбен қарау;
-баланы кемсіту;
-баланы қорқыту;
-баланы шектеу;
-баланың мүмкіндіктері мен жасына сай емес талаптар қою;
-үлкендердің сөздерін орындамау.

Осындай психикалық зорлық көрсетпеу туралы ата-аналарға психологиялық кеңес беру арнайы психолог маманының міндеті болып есептеледі.

Тәжірибеге жүктелетін болсақ, егер сөйлеу кемістікті уақытымен түзетіп игертпесе, бала балабақшада қиындыққа кездеседі. Бала үшін жанұя не істеуі керек?  Ең алдымен өз баласына тән қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін анықтап алу керек.  Бұл тиімді емдеу мен реабилитация жолын таңдауға көмектеседі, баланың жанұяда жеке өмірге бейімделу мүмкіндіктерін анықтайды.  Дамуында ерекшеліктері бар балаға ең жақсы реабилитация —  бұл оларды күнделікті өмірге тарту екенін ата-анаға түсіндіретін де ,  ұйым мен отбасының  бірлескен қарым-қатынасын жүзеге асыратын да педагог мамандар, яғни сіз бен біз!

 

Әдебиеттер жиынтығы:

1.Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы-Алматы 2015.

2.Ерсарина А.К. Дети с трудностями в обучении. Алматы, 2007

3.Балабақша меңгерушісі және әдіскері: басқару және оқу-тәрбие жұмысы – Алматы, 2015

4.Тілашар. Логопед.> Республикалық әдістемелік журнал. №4. 2011.

  1. Тілашар. Логопед.> Республикалық әдістемелік журнал. № 6. 2011.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.