Ертегі — ертегі сыр шертеді
Динжанова Санияш Саткановна
Білімсаласы: Коммуникация, таным, денсаулық, әлеумет,шығармашылық.
Білімбөлімі:Сөйлеудідамыту, көркемәдебиет,драма,қоршаған ортаментанысу, денешынықтыру, құрастыру.
Мақсаты: Балалардыңжылдықбілімдерінқорытындылау. Математикалықмазмұндағыдидиактикалықойындарарқылыбілімдерінтексеру. Соныменқатарбалалардың ой-өрісін, сөздікқорын, тілбайлықтарынтексереотырып, білімдерінтиянақтау. Білімділіккебейімдеубағытындасандардыңқатарынауызшасанауғажаттықтыруоңға, солға, жылмезгілдерін, аптакүндерін, ретіменатауға, тақпақтарайтуғаүйрету. Ертегініескетүсіру, естесақтауқабілеттерінжақсарту, тіліндамыту, ертегікейіпкерлерініңқимылқозғалыстарын, көрсетебілугеүйрету, шығармашылыққызығушылықтарынтудыру, денесіншынықтырып, саусақбұлшықеттерініңбелсенділігінарттыру; мейірімділік, жанашырлықсезімдерінқалыптастыру.Топпенжұмысістеуге, ұғымталдыққа, әдептіліккетәрбиелеу.
Көрнекілігі:Ертегікейіпкерлерінің суреті. Орманбейнесі,фигуралар, түрлітүстігүлдермен көбелектер, жемістер мен көкөністер (муляж), себеттер,.
І Алғашқы ұйымдастыру.
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды күніміз
Жарқырайды даламыз,
Біз әдепті баламыз
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде
Сәлемдесіп аламыз
Сәлеметсіздер ме, қонақтар.
(Балалар шеңбер құрып, өлең мәтініне сәйкес қимыл жасап, бір-біріне жылы тілек айтады).
Тәрбиеші:— Бір жылда неше мезгіл бар? (төрт мезгіл бар.)
— Кәне, атап шығайық (Күз ,қыс, көктем, жаз.)
-Дұрыс.
Онда мен сендерге жұмбақ жасырамын. Ал сендер қай мезгіл екенін шешіндер.
Күн жылынып
Қар еріп,
Су сайларға толады.
Б/ ж:Көктем мезгілі.
Күндер ысып,
Маса шағып,
Балалар суға шомылады.
Б/ж: Жаз мезгілі.
Күн бұлттанып,
Жауын жауып,
Шөп, жапырақ сарғаяды.
Б/ж:Күз мезгілі.
Суда мұз бар,
Жерде қар бар,
Боран, борап соғады.
Б/ ж:Қыс мезгілі.
Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Көктем.
Тәрбиеші: Көктемде ауа-райы қандай болады?
Балалар: Қар еріп, күн жылиды,ағаштар мен гүлдер бүршік атады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Сендер көктем туралы көп біледі екенсіңдер.
Ал енді осы көктем мезгілі туралы кім тақпақ біледі?
Айдар: Көктем қандай көңілді,
Күміс жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып, .
Күннің көзі көрінді..
Айзере:Көктем, көктем, көктемде
Құстар келіп жеткенде.
Қуанып біз қаламыз,
Әнмен қарсы аламыз.
Тәрбиеші: Тамаша тақпақтар біледі екенсіңдер. Сендерге рахмет.
(Осы кезде есік қағылады). Ой, кім келді балалар?
(Есікті ашады).
Бөлмеге хат тасушы кіреді.
Хат тасушы: Амансыңдар ма, балалар. Бұл «Өркен» тобы ма?
Тәрбиеші: Ия. Сіз қателескен жоқсыз. Бұл «Өркен» тобы.
Хат тасушы: Ендеше , мен сендерге хат әкелдім. (Хатты беріп шығып кетеді)
Тәрбиеші: Балалар бұл хат кімнен келді екен?
Балалар хат бауырсақтан келіпті. Ол ертегілер елінде ,үйіне қайтар жолды білмей ,адасып жүр екен.
Ол өзіне біздің көмектесуімізді сұрайды. Бауырсаққа үйін табуға көмектесеміз бе?
(Балалар қуана келіседі) ,
Тәрбиеші: Олай болса, ертегілер еліне сапар шегеміз.көзімізді жұмамыз бәріміз.
( Сиқыршы таяғым бізді орманға апар)
Тәрбиеші: Балалар біз орманға келдік. Орманда көп ағаштар өсіп тұр екен. Ағаштың оң жағына қызыл, көк, жасыл гүлдер, сол жағына сары, ақ, гүлдер екен.Мына гүлдерге қараңдаршы қандай әдемі. Бірақ бұл гүлдерге қонып отырған көбелектер өздерінің түсіне сәйкес келетін гүлге емес, басқа гүлдерге қонып отыр екен. Келіңдер оларды дұрыс орналастырайық. Балалар қызыл көбелекті қызыл гүлге, сары көбелекті сары гүлге, орналастырайық.
Тәрбиеші: жарайсыңдар, балалар, сендер түстер туралы жақсы біледі екенсіңдер.
Енді сапарымызды одан ары жалғастырайық.
Тәрбиеші: Балалар, бұл не?
Балалар: Қоян.
Тәрбиеші: Қоян қандай жануарға жатады? (үй жануары)
Тәрбиеші: Қоян құлақтары қандай? Қоян батырма әлде қорқақпа?
Балалар: Қоян қорқақ, құлақтары ұзын.
Балалар: Амансың ба қоян ? Сен бауырсақты көрдіңбе?Бізге бауырсақтың қалай қарай кеткенін көрсеңайтшы?
Қоян: Көрдім,сендер бірінші менің тапсырмамды орындаңдар,менің үйімнің қандай пішіндерден құралғанын атап беріңдер.
Тәрбиеші: Балалар қоянның тапсырмасын орындайық қане кім айтады?
Қоян: Ой, балалар, сендерге көп рахмет, Балалар, бауырсақ мына жаққа қарай кетті. ( Балаларға жолды көрсетеді. Балалар қоянмен қоштасып кетеді.)
Тәрбиеші: Балалар біз қоян көрсеткен жолмен бауырсағымызды іздеуді жалғастырайық.
Балалар бұл не?
Балалар: Бұл қасқыр,
Тәрбиеші: Қасқыр қандайжануарға жатады? (жабайы жануарға)
Балалар: Амансың ба қасқыр? Сен бауырсақты көрдіңбе?
Қасқыр: Көрдім, бірақ сендер маған1 — ден 5 — ке дейін сандар бойынша ретімен санап,сосын 5 — тен 1 — ге дейін кері санап беріңдер, санап білмесеңдер, мен сендерді бауырсаққа жібермеймін.
(Балалар1 — ден 5 — кедейін, сосын 5 — тен 1 – гедейінкері санап береді.)
Қасқыр: Ой, рахмет, балалар. Бауырсақмынажаққақарайкетті.
Тәрбиеші: Балалар біз қасқыр көрсеткен жолмен бауырсағымызды іздеуді жалғастырайық.
Алдарынанқорбаңдағанаюшығады.
Тәрбиеші: Балалар ;білесіңдермебұл не?
Балалар: Бұлқорбаңбайаю.
Тәрбиеші: Дұрыс, балалараюқандайжануарға жатады, ол қандай?
Балалар: (жабайы жануарға)Олқорбаңбай, дәу,құлақтарыкішкентай.
Тәрбиеші: Дұрыс, балалараю ұйықтап жатыр екен, аю туралысергіту сәтін жасап оятайық.
Сергітусәті. Қорбаңдағанаюдың
Құлпынайыкөпекен.
Теріп – теріпалайық.
Қалтамызғасалайық .
Аю: Сендер неге келдіңдер, мен сендердіжепқоямын.?
Тәрбиеші: Аю, сен біздіжеме, одандабізгебауырсақтыңқайдакеткенінайтшы?
Аю: Жарайды, сендержақсыбалаларекенсіңдер, жемей-аққояйын, бірақсендермағанмынажемістер мен көкөністердіажыратып салыпберіңдер.
Балаларжемістер мен көкөністердіажыратып, екіыдысқабөліпсалады. . :
Аю: Рахмет, балалар. Сендердіңіздегенбауырсақтарыңмына жаққақарайкетті.
(Балалар аюмен қоштасып, жолға шығады.)
Тәрбиеші: Балалар біз аю көрсеткен жолмен бауырсағымызды іздеуді жалғастырайық.
Балалар орманда келе жатып, түлкіге кездеседі.
Тәрбиеші: Балалар, бұл не? :
Балалар: Ол түлкі. , ,
Тәрбиеші: Түлкі қандай? ++
Балалар: Ол өте қу, айлакер.
Тәрбиеші: Ендеше, түлкімен амандасайықшы. Балалар түлкімен амандасады.
Түлкі: Сендер кімсіңдер?
Тәрбиеші: Біз «Өркен» тобының балаларымыз. Бауырсақты іздеп жүрміз. ‘
Түлкі: Мен сендердің бауырсақтарыңды көрдім. Ол менің қолымда.Менің сендерге тапсырмам бар соны орындасаңдар мен бауырсақты босатам. Тапсырма; Суреттегі ертегілерді ата
Тәрбиеші: Балалар түлкінің тапсырмасын орындайық қане суреттегі ертегілерді атайық?
Түлкі: Ой балалар сендерге үлкен рахмет. Сендер барлық ертегіні біледі екенсіңдер.
(Түлкі кетеді. Ағаштардың арасынан бауырсақ шығады.)
Бауырсақ: Саламатсыңдар ма, балалар?
Балалар(қуана): Саламатсың ба, бауырсақ.
Тәрбиеші: Бауырсак, сені аман-есен көргенімізге қуаныштымыз.
Тәрбиеші: Көрдіңдер ме, балалар, үлкендердің тілін алмай үйден кетіп қалған бауырсақтың жағдайы не болғанын, егер сендер болмағанда, түлкі бауырсақты жеп қояр еді. Атай мен Әжей ренжіп жылар еді.
Бауырсақ: Балалар, сендерге үлкен рахмет. Мені қу түлкіден құтқарып қалдыңдар. Мен, енді, атам мен әжемнің тілін алатын боламын. Олар мені күтіп қалған болар, мен кетейін, сау болыңдар, балалар. (Бауырсақ шығып кетеді.)
Тәрбиеші:Балалар, ертегілер елінен енді, бақшамызға қайтайық. көзімізді жұмамыз бәріміз.
( Сиқыршы таяғым бізді топ бөлмесіне апар)
Тәрбиеші: Балалар, біз бүгін қайда бардық?
Балалар: Ертегілер еліне, орманға.
Тәрбиеші: Ертегілер еліне не үшін бардық?
Балалар: Бауырсаққа көмектесу үшін.
Тәрбиеші: Ертегілер елінде сендер қандай жануарларды көрдіңдер?
Балалар:Қоян, қасқыр, аю, түлкі.
Тәрбиеші: Ол жануарлар қандай ертегінің кейіпкерлері?
Балалар: «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлері.
Тәрбиеші: Дұрыс, балалар, біз бүгін сендермен бірге ертегілер еліне барып, онда «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлерімен кездестік. Олардың тапсырмаларын орындап, бауырсаққа үйін табуға көмектестік. Жарайсыңдар. Сендер бүгін игі іс істедіңдер.
Тәрбиеші сабақты қорытып, балаларды мақтап-мадақтайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Ертегі мазмұнын жәнесуреттен ертегі кейіпкерлерін ажыратыпбіледі.
Түсінеді: Пішіндерді, түстерді ажыратуды.
Қолданады: Жемістер мен көкөністерді ажыратып, мейірімділікті, үлкендердің айтқанын тыңдауды үйренеді. Үйренгендерін ойында қолданады.